Жаңалықтар

«Алтын қазына — кітап»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Адам баласының бүкіл ғұмырындағы ең сенімді және ең сабырлы серігі кітап»,- деп атап өткен болатын.

Біздің білім алып жатырған университетіміз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылғанына 85 жыл толып отыр. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады. Сол күні оқытушы-профессорлар құрамы туралы бұйрыққа қол қойылып, алғашқы студенттерді қабылдау басталды. Университет құрылғаннан бері Қазақстанның әлеуметтік-саяси өміріне және экономикасына аса зор үлес қосып келеді. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім беру кеңістігінде өзінің лайықты орнын алып, жоғары білім саласындағы әлемдік көшбасшы университеттің біріне айналды.

Біз дүниетанымымызды кеңейтетін, рухани жандүниемізді байытатын, еліміздің ірі білім және ғылым ордасы — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері және оқытушымыз психология ғылымдарының кандитаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сүлейменовна бізге «Жалпы және әлеуметтік психологиясы» пәнін жүргізу кезеңінде бізге қажетті, өте маңызды мағлұматтарды бойымызға сіңірдік десек те, болады. Университетіміздің ректоры Ғалымқайыр Мұтановтың «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында, яғни 2012 жылғы бастамасымен студенттерге қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру, студенттердің мәдени және білім деңгейін көтеру, үздік жыл оқырмандарын тауып, оларды марапаттауды көздеген болатын.

Профессор Жұбаназарова Н.С.: бүгінгі ғылым мен техниканың қауырт дамып, жастардың жаппай компьютерлік технологиямен әуестенуі кезеңінде рухани мұраттар мен құндылықтарды көркем шығармашылыққа, мұраға деген қызығушылықты қайта қалпына келтіру өзектілігі жайлы қысқаша баяндама оқыды.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды. Аталған жоба аясында алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалды.

Сонымен бірге, осы оқулықтарды аударуда студенттер қауымына жеткізуде үлкен көмек жасаған жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі З.Б. Мадалиеваға алғысымыз шексіз. Осы жобаның аясында философия және саясаттану факультеті, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессор-оқытушыларының ұлы классиктерді ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударған еңбектерін атап кетуді жөн санап отырмыз. Танымал америкалық маман Дэвид Майерстың «Әлеуметтік психология» оқулығы осы саладағы дүние жүзінің маңдай алды университеттері мойындаған негізгі оқулықтың бірі. Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, cалыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ал Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К. Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады. Себебі біздер осы оқулықтарды психология сабағында кеңінен пайдаланып жүрміз. Сонымен қатар, студенттердің білім деңгейін көтеру және қызығушылығын арттыру мақсатында «ҚазҰУстуденті оқуға тиісті 100 кітаптың» тізімін таратқан болатын. Студенттер «бір студент – бір кітап» марафонын ұйымдастырып, яғни бір кітапты – бір мерзімде оқу керек деген мақсатпен өзекті мәселелерді талқыладық.

Біздер қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері киелі үлкен қара шаңырақта оқып, дәріс алып жатырғанымызды мақтанышпен айта аламыз. Кітап арқылы білімге ғана жол ашып қоймай, жаңа идеяларға кілт табу, рухани және материалдық құндылықтарға қол жеткізу, олармен сусындап өсу біздің басты міндетіміз.

Әл — Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Философия және саясаттану факультеті,
жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры,
психология ғылымдарының кандидаты
Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызы

Әлеуметтік жұмыс мамандығының 3 курс студенттері

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.