Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Қазақ білімінің қара шаңырағы саналатын – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көптеген игі бастамалар мен жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. Студенттерге сапалы білім берумен қатар қазіргі студенттің болашақ бәсекеге қабілетті маман, қарымы күшті, жан-жақты, ұлтжанды саналы азамат ретінде қалыптасуы үшін түрлі жобаларды іске асырылуда.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде қазіргі таңда көптеген жобалар жүзеге асуда. «Green campus», «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап», «Айналаңды нұрландыр», «Салауатты өмір салты» сияқты жобалар студенттердің жан-жақты дамуына, сонымен қатар тақырып бойынша ауқымды ақпарат алуға және тұлға ретінде қалыптасуына үлкен үлес қосуда. «Айналаңды нұрландыр» жобасы – әр адамның бойынан жақсы қасиеттерін көрсетіп, оны ары қарай дамытуына, мұндай қасиет арқылы өзін дамытуға, айналаға жақсылық жасап, оның көркеюіне себепкер болатын жобалардың бірі болып табылады. Әрбір адам дүниеге келген соң, адамгершілік қасиеттерді бойына жинап, өмір сүретін ортасынжақсылыққа бағыттап, айналасын нұрға бөлеп, жан дүниесін рухани тұрғыдан байыту қажет. Осы орайда «Айналаңды нұрландыр» жобасының қосар үлесі өте көп.
Осы жоба аясында, «Философия және саясаттану факультеті», «Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының», «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 3-кур студенттері «Психология» пәнінен оқытушымыз психология ғылымдарының кандидаты, профессор Жұбаназарова Назираш Сүлейменқызымен бірге «Айналаңды нұрландыр» жобасының аясында жемқорлыққа байланысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл – әрбір азаматтың міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, аталған тақырып бойынша қызу талқылау жүргізілді.

Сонымен бірге, мәселенің шығу себептерін, оның қайнар көзін, алдын алу мен қазіргі күні бұл мәселеге қатысты жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесі сараланды. Атап өтерлік жайт – жемқорлыққа қарсы небір жұмыстар мен күресу жолдары да талқыланды.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.

Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу — жалпыға ортақ міндет.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселе әрқашан Елбасының назарында. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет», — деген болатын.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Жастар жылы аясында нақты мақсаттар мен жаңа жоспарлар қойды. Біздің ЖОО-да сегіз түрлі студенттік ұйымдар осы жоба аясында жұмыс атқаруда. Бұл университеттің академиялық саясаты, оқу үдерісі, дарынды жастарды қолдау, олардың мәдениет, экология, рухани тәрбие саласындағы ғылыми және волонтерлік қызметі. Сонымен қатар, бізде республикалық және халықаралық деңгейдегі шағын құрылымдар жүзеге асырылуда. Студенттерге бүгінгі таңда мемлекет, университет тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде, сондықтан болашаққа нық қадам басып, еліміздің дамуына үлкен септігімізді тигізейік!

Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
философия және саясаттану факультеті,
жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының профессоры Н.С. Жұбаназарова

Әлеуметтік жұмыс мамандығының
студенті Даулетқызы Толқын, Әбілда Мағжан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.