Білімменен ашылар бақыт жолы. (Танымдық сайыс)

Қызылорда облысы,  Қазалы ауданы,
Әйтеке би кентіндегі  № 170 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ

Сабақтың тақырыбы: Білімменен ашылар бақыт жолы. (Танымдық сайыс)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың теориялық, танымдық  білімдерін байқау. Тәуелсіз елдің жас ұланын еркіндікке, білімге құмарлыққа, мәдениеттілікке баулу.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту, сөздік қорын байыту, көркем оралымды сөйлеуге баулу. Достық қарым –  қатынастарын нығайту.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, презентация слайдтары

Сабақтың барысы: І. Ұйымдыстыру кезеңі

ІІ. Ашылуы

Танымдық сайыстың жоспары:

  1. 1. Рет – ретімен қой
  2. 2. Білім додасы
  3. 3. Менің ойымша…
  4. 4. Кейіпкер бейнесін сомда
  5. 5. Ойланып жауап бер

 

«Оқып үйренбеген адам өнерге де, даналыққа да кенеле алмайды» (Демокрит).

 

—         Қош келіпсіздер, қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Адам баласына күн жылуы мен ана

махаббатынан кейінгі бойға екі ұлы қасиетті меңгеру керек. Екі ұлы қасиеттер, олар – мейірімділік пен білім.

Білім ол – шам – шырағы жұрттың күнде,

Жанып ап, жаңылдырмас жеті түнде.

Мектебімізде «Нәтижеге жетудегі қазақ әдебиетін және тілді дамытудың тиімді

жолдары» атты апта күндері өтіліп жатыр.

Сол мерекелік  аптаның жалғасы ретінде «Білімменен ашылар бақыт жолы» атты сайысымызға өз сыныбымыздағы білім мен мейірімділікті құстың қос қанатындай асқақтатқан, ізгілік пен кішілікті  бойға сіңірген мадақтаулы  оқушыларым өз білімдерін сынап көрмекші.

«Білімменен ашылар бақыт жолы» атты танымдық сайысымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Тіл – біздің мемлекетіміздің, ұлттық  өркендеуіміздің тірегі, өзге халықтың тілімен өз дегеніңе  жете алмайсың. Кез – келген білім – ілімнің кілті — өз тіліңде деп ойлаймын.

 

Оқушыларды таныстыру.

  1. 1. Байқожаев Талғат
  2. 2. Наурызбаева Нұргүл
  3. 3. Байсүгірова Эльмира
  4. 4. Аманбаева Бағдагүл
  5. 5. Жамкеева Мөлдір

Әділ – қазылар алқасымен таныстыру.

  1. 1. Байбарақова Индира
  2. 2. Бұхарбаева Сақыпжамал

 

Бағалаудың шарты:

Оқушының жауабына қарай 2 ұпайдан 5 ұпай аралығында бағаланып отырады.

  1. 1. Рет – ретімен қой

Кез – келген нәрсе баспалдақ секілді бірте – бірте көбейіп, күрделеніп отырады. Біздің

алғашқы сайысымыз да «рет – ретімен қой» деп аталады.

Мысалы: Бала, балалық шақ, бозбала.

 

  1. 1. Сөйлем, дыбыс, сөз, сөз тіркесі
  2. 2. в, б, ғ, г, д
  3. 3. Колледж, университет, мектеп
  4. 4. Класс, көше, үй, мектеп
  5. 5. Бойжеткен, қыз, қалыңдық, келіншек, ана
  6. 6. Желтоқсан, қараша, қыркүйек, қазан

 

  1. 2. Білім додасы

  1. 1. Стиль түрлерін атап бер
  2. 2. Бәдік айтысы туралы әңгімеле
  3. 3. «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесі
  4. 4. «Қамар сұлу» романындағы Қамарға мінездеме жаса
  5. 5. Ауызекі сөйлеу стилінің түрлерін ата?

 

  1. 3. Менің ойымша…

 

Ертеде бір хан өз халқына бір – бір мақалдан ойлап табуды бұйырады. Ел арасындағы бір кісі мақалды ойлап шығара алмайды. Хан ол кісіні

 

 

суға батырыңдар деп бұйрық береді. Судың түбіне батырған уақытта әлгі кісі мақал тауып алғанын айтады.

«Көп қорқытады, терең батырады». Осылайша жанын адам алып қалған.

 

(Ойтолғаныс жазу).

 

  1. 1. Жылай – жылай арық қазсаң

Күле – күле су ішерсің

  1. 2. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа

Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа

  1. 3. Сумен ойнама – батарсың

Отпен ойнама – жанарсың

  1. 4. Дос жылатып айтады

Дұшпан күлдіріп айтады

5.   Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде

 

  1. 4. Кейіпкер бейнесін сомда

 

  1. 1. Қаз дауысты Қазыбек болып, «Кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген сұраққа жауап бер.
  2. 2. Қыз Жібектің Төлегенмен кездесуге келіскен кездегі бейнесін сомда.
  3. 3. Сара ақын бейнесін сомдап, өз тұлғаңды суреттеп бер.
  4. 4. Асанның Желмаяға  мініп, жиһан  кезген бейнесін сомда.
  5. 5. Ақтамберді жырау болып, басыңнан кешірген сол қиын сәттерді жыр – толғауларың арқылы өрнектеп жеткіз.

  1. 5. Ойланып жауап бер

 

  1. 1. Биыл қандай жыл болып жарияланды?
  2. 2. Не себепті Арал экологиялық апат аймағы деп аталады?
  3. 3. Сайыс барысында қатысушылардың бас жүлдені бір – бірінен қызғануы дұрыс па?
  4. 4. Жамбылдың «Менің пірім  — Сүйінбай» деуінің мәні қандай?
  5. 5. Наурыз күнгі айтылар тілек

 

Бүгінгі «Білімменен ашылар бақыт жолы» атты танымдық сайысымыз өз мәресіне жетті.

«Жер бетінде адам өмір өткізер

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер» деп ғұлама Ж.Баласағұн жырлағандай, алдағы өмірінің  бақытты болғанын  аңсаған адам, бүгіннен бастап білімге құшақ жая қарсы алу керек.

«Білімменен ашылар бақыт жолы

Білім ал жолға түсер бақыт толы» деп сайысымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше