Жаңалықтар

«Жусан иісі» деректі фильмі

«Жусан иісі» деректі фильмі жайында айтып жатқан жылы тілектеріңізге рақмет. Фильмді түсірер кезде кадр сыртында көрінбейтін адам болады. Бұл фильмнің режиссері, операторы, дыбыс режиссері, сегіз қырлы бір сырлы жігіт — менің әріптесім Мұрат Белгібаев екенін атап өткім келеді. Олсыз мұндай дүние шықпас еді. Фильмнің кіріспесінде (шапкасы) ойнаған екі кішкентай бала осы Мұраттың балалары.

Ал екі баланың «анасы» болған бойжеткен «Тұран» университеті кино және тв факультетінің 4-курс студенті Арайлым Мухатбек.

Фильмге музыкасын пайдалануға рұқсат берген атақты композитор Kuat Shildebayev ағамызға алғыс айтамын.

Фильмді түсіруге көмектескен Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қарағанды облыстық департаментіне рақмет айтамын.

Ал шығармашылығымды жүзеге асыруға АҚШ-тың Бейбітшілік институты, PeaceTech Lab және MediaNet халықаралық журналистер орталығы қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз.

Фильм авторы: Жұлдыз Толеу
https://www.facebook.com/ztuleuova


Фильм сілтемесі: https://youtu.be/QRTkZobwO1Y

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.