Жаңалықтар

Польша сапары туралы естеліктер ….

Әкелерге тағзым!

ІІ Дүниежүзілік соғыс адам тағдырын танымастай етіп өзгертті. Бұл соғыс адам тағдырын аяусыз, қанішерлікпен аяққа басты. Соғыстың әсерінен бүкіл дүниежүзі адам айтқысыз зардап шекті.

ІІ Дүниежүзілік соғысқа Қазақстандық жауынгерлердің қосқан үлесі орасан зор. Осы сұрапыл соғысқа менің әкемнің екі ағасы, анамның әкесі де аттанған екен.

Мен Польшадағы соғысқа қатысқан Отандастарымыздың Беньяминов деген шағын қаладағы зираттарды өз көзіммен көріп, боздақтардың рухына тағзым жасадым. Қара басын ойлаған жоқ, нағыз патриоттар осы боздақтар деп айтар едім. Боздақтарға арнап оқылған Құран, дұға тілектеріміз сауапты іс болсын.

Бұл жерде тек біздің отандастарымыз емес, тағы басқа солдаттар жатыр, белгісіз солдаттар жатыр. Осы сұрапыл соғысқа менің әкемнің екі ағасы анамның әкесі де аттанған екен. Дәуқабақов Ғалым 1939 жылы әскер қатарына шақырылса, Дәуқабақов Қасым 1940 жылы Польша мен Франциядағы соғысқа қатысқан екен. 1941 жылы шешемнің әкесі Мырзабаев Бидаулет Сталинград шайқасына қатысқан. Өкінішке орай сол соғыста хабарсыз кеткен.

Әкемнің ағасы Дәуқабақов Ғалым Брест қаласындағы ұрыста жоғалған. Әкемнің туған ағасы Дәуқабақов Қасысм 1941 жылы соғысқа қатысқан, 1943 жылы шайқаста Польшадағы шағын қала Беньяминов деген жерге жерленген. Мен сонда бардым. Сол жердегі солдаттардың рухына бас иіп тағзым жасадым.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін белгісіз солдаттар жатқан жер қараусыз қалған, ойлаңыздаршы бұл жерде қаншама боздақтар қараусыз жатыр. Польша сапары туралы естеліктер әлі де жалғасын табады деп үміттенемін.

Польшадағы Беньяминов деген қалада тек менің әкем ғана емес мыңдаған қарапайым солдаттар мен боздақтар жатыр. Менің тілегім, болашақ ұрпақтарымыз сол әкелеріміздің Отан үшін отқа түскенін, Отан үшін жанын қиғанын, бізге осындай бақытты заман сыйлағанын білсе екен деймін. 2020 жылы Жеңістің 75 жылдығына осы қараусыз қалған зиратқа көңіл бөлінсе деймін.

Москва түбіндегі шайқасқа қатысқан анамның әкесінің інісі Мырзабаев Иманбекті көріп, анам әкесін еске алатын үнемі қайғырып отыратын. Анам да соғыс, еңбек ардагері еді. Бала ана үшін қашан да сәби.

Анамның анасы Мырзабаева Ақық әжеміз жолдасы Мырзабаев Бидәулет 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанғанда 6 баланы жалғыз өзі өсіріп, тәрбиелеген. Мен де әжемнің тәрбиесінде болдым. Сонда анам және әжем марқұм үнемі бастан кешкен қиын кездерін маған айтып отырушы еді. Содан болар менің тарихқа көбірек үңілгенім.

Әжем мен анам шебер кісілер еді. Тоқыма, көрпе, алаша сияқты қазақ жиһаздарын өте жақсы жасайтын. Бүгін де анамды, асыл әжемді қайғырып еске аламын. Өз анам Бидәулетова Рәзия әкесі соғысқа кеткенде небәрі 7 жаста екен. Анасына көмектескен. Анам еңбек, соғыс ардагері, Ұлы Отан соғысының медальдарымен, ордендерімен марапатталған. Өз Отанына, халқына аянбай еңбек етті.

Польшадағы Беньяминов қаласына жерленген әкем Дәуқабақов Қасымға және сол жердегі жерленген боздақтарға, Отандастарымызға, Кеңес Одағындағы солдаттарға бас иіп, тағзым ету біздің парызымыз.

Осы боздақтар мен солдаттарды қараусыз қалған зираттарға болашақта көңіл бөлінсе деген ойдамын.

Әкемнің анасы Мақпал әжем екі баласының не тірі, не өлі екенін білмей, «Екі балам соғысқа кетті» деп, ана жүрегі аңсаумен дүниеден өтті. Екі ұлы Дәуқабақов Қасым мен Ғалым небәрі соғысқа жастай кетіп оралмауы үлкен қасірет, өкініш. Осы соғыс қаншама азаматтарымыз бен азаматшаларымызды алып кетті. Сондықтан Отанын шексіз сүйген, Отан үшін жанын қиған батырларымызды, боздақтарымызды мәңгі есте сақтауымыз керек.

Әкелерімізге әрқашан тағзым. Польша сапарынан қайтқаннан кейін көптеген азаматтар мен азаматшалар ыстық ықыластарын білдірді.

Бейбіткүл Әшімова
Алматы қаласы № 167 жалпы білім беретін мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі, Дүниежүзі тарихы әдістемесінің және дидактикалық материалдардың авторы

2019 жыл 29 қазан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.