Жаңалықтар

«АТА-АНА – ОҚУШЫ – МҰҒАЛІМ» ҮШЖАҚТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ СЫ

Елордада Халықаралық мектептің бастауыш сыныптарында (PYP) «Ата-ана – оқушы – мұғалім» бірлігіне негізделген үш жақты конференция болып өтті. Тәрбиелеу – күрделі әлеуметтік процесстердің бірі. Оның күрделілігі көпқырлылығымен, үздіксіз байланыстылығымен өлшенеді. Бұл тұрғыдан келгенде «Ата-ана – оқушы – мұғалім» алтын үштігінің рөлі мен маңызы жоғары. Үшжақты конференцияның басты ерекшелігі – оқушының оқу процесіне қатысты мақсаттарын өзі белгілеп, мақсатқа жету жолдарын, орындауға тиіс міндеттерін өзі айқындауы. Бұл тұрғыда ата-ана мен мұғалім біріге отырып, балалардың ойлары мен шешімдеріне қолдау көрсетті», — деп хабарлайды «Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектеп» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.

Көшбасшылық қасиеттерге ие, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, сын тұрғысынан ойлап, әртүрлі шешімдерді қабылдай алатын дербес, жауапкершілігі бар, салауатты өмір салтын қолдайтын, өзінің және өзге елдердің мәдениеті мен құндылықтарын құрметтейтін жан-жақты тұлғаны қалыптастыру мәселесі мұғалімді де, ата-ананы да толғандырып келеді. Тәрбие жұмысының табысты және нәтижелі болуының басты кепілі жоғарыда атап өткен алтын үштіктің ынтымақтастық қарым-қатынасында екені сөзсіз.

Айта кететін болсақ, конференцияның басты ерекшелігі оқушының межелі міндеттер мен айқын мақсаттарды, оған жету жолдарын өзі ұсынуы болып отыр. Үшжақты конференция барысында білім алушылар оқу жылына академиялық және жеке мақсаттар қойып, бүгінгі күнге дейін қол жеткізген нәтижелерімен бөлісті. Оқушылар: «Мен қандай нәтижелерге қол жеткіздім? Мен оқу үлгерімім мен қабілеттерімді жақсарту үшін не істеуім қажет?», — деген маңызды сұрақтарға жауап беруге талпынды. Ата-аналарға оқушылардың портфолиолары таныстырылып, олардың жетістіктері, мықты және осал тұстары туралы ақпарат берілді.

  • Үшжақты конференцияның оқушылар үшін маңызы зор. Себебі мұндай конференциялар балалардың өз ойын еркін білдіріп, ересектердің алдында ашық әңгіме алаңын құруға мүмкіндік береді. Олар алдағы уақытқа мақсат құрып, сол мақсатқа жетудің өзіндік жолдары мен жоспарын белгіледі. Оқушылардың бұл қадамдарына ата-ана мен мұғалімдері тең дәрежеде қолдау білдіруге дайын. — деп ата-аналар өз ойларымен бөлісті.

Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: «Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – деген болатын. Демек, мектеп пен отбасы, мұғалім мен ата-ана ұрпақ тәрбиелеуші институт, ал оқушы бұл жүйедегі негізгі тұлға.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.