Жаңалықтар

Қазақстанның ЭКОСАИ-дың Президенті болып сайлануы

ҚАЗАҚСТАН ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СТАМБУЛ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН 8-ШІ АССАМБЛЕЯДА ЭКОСАИ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

Қазақстанның ЭКОСАИ-дың Президенті болып сайлануы жауапты және құрметті миссия болып табылады. Бұл Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайтуға мүмкіндік береді және шет елдермен әріптестік байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары ұйымдарының 8-ші Ассамблеясы Стамбул қаласында (Түркия Республикасы) 21-23 қазан аралығында өтіп жатыр,оған Қазақстан Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова бастаған делегация қатысуда. Сондай-ақ, Ассамблея аясында 8-ші Симпозиум және Басқарма Кеңесінің 24-ші отырысы өткізіледі. Ассамблея жұмысына Ауғанстан, Әзірбайжан, Беларусь, Иран, Қазақстан, Катар, Қырғызстан, Кувейт, Пәкістан, Палестина, Тәжікстан, Түрікменстан және Түркиядан келген 13 елдің ЖАО өкілдері қатысуда.

Күн тәртібінің негізгі тақырыптары – «Аудит жүргізудің тиімділігі және аудиторлық тексерулердің нәтижелілігі» және «МЖӘ ұйымдарының тиімді аудиті**».

ЭКОСАИ-дың Бас Хатшысы Джаваид Джехангир мырза 2016-2018 жылдары жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы хабардар етті. Иранның және Тәжікстанның ЖАО ұсынған Аудит жөніндегі комитеттің ЭКОСАИ есептерін аудиторлық тексеру есептері, ЭКОСАИ-дың 19-ші Тренингтік комитетінің есебі және 2018-2021 жылдарға арналған бюджет қаралды және бекітілді. Сонымен қатар, ұйымның негізгі басымдықтары талқыланды және ЭКОСАИ-дың 2019-2022 жылдарға арналған оқу жоспары бекітілді.

Есеп комитетінің Төрайымы Наталья Годунова Ассамблеяның негізгі тақырыбы бойынша баяндама жасады. Ол мемлекеттік аудитті дамытудың негізгі бағыттары туралы айтып, мемлекеттік аудиттің қаржылық бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру бойынша Қазақстанның тәжірибесімен бөлісті.

«2015 жылы қабылданған «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң республикалық бюджет жобасын шығыстардын негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау, бюджеттің атқарылуын және Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын ағымдағы бағалау, мемлекеттік борышты басқару аудит жүргізу және басқа да бірқатар бағыттар бойынша өкілеттіктерді бере отырып, Есеп комитетінің функцияларын едәуір кеңейтті. Осыны ескере отырып, біздің жұмысымыздың басты бағыты тиімділікті талдау және оның өсуіне арналған резервтерді анықтау, сондай-ақ алдын алу шараларын қолдану болды», — деді Қазақстанның Есеп комитетінің Төрайымы.

Сондай-ақ, Наталья Годунова Қазақстан Республикасының Парламенті биылғы жылы бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлағаны және пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жауапкершілігін қатаңдату бөлігінде қолданыстағы заңнаманы өзгерту жөніндегі Есеп комитетінің бастамасына қолдау білдіргенін атап өтті.

«Біздің ойымызша, аталмыш өзгерісті қабылдау аудиторлық тексерулердің нәтижелілігіне жағымды әсер етеді және елдегі бюджеттік жоспарлау саясатын айтарлықтай өзгертеді. Сонымен қатар, аудиторлық тексерулердің нәтижелілігіне сапаны бақылау жүйесі де маңызды әсер етеді» – деді ол.

ЭКОСАИ-дың Тренингтік комитетінің 19-шы отырысы барысында ЭКОСАИ-дың 2019-2022 жылдарға арналған дайындау бағдарламасы аясында 2021 жылы Қазақстанда «Мемлекеттік борышқа аудит жүргізу» оқу бағдарламасын өткізу туралы шешім қабылданды.

******

* ЭКОСАИ – Экономикалық ынтымақтастық елдерінің жоғары аудит органдары.

МЖӘ* * – мемлекеттік-жеке меншік әріптестік.

КАЗАХСТАН ИЗБРАН ПРЕЗИДЕНТОМ ЭКОСАИ* НА 8-Й АССАМБЛЕИ, ПРОШЕДШЕЙ В ГОРОДЕ СТАМБУЛ (ТУРЕЦКАЯ РЕСПУБЛИКА)

Избрание Казахстана Президентом ЭКОСАИ является ответственной и почетной миссией. Это позволит укрепить имидж Казахстана на международной арене и будет способствовать расширению партнерских связей с зарубежными странами.

8-ая Ассамблея Организаций высших органов аудита стран экономического сотрудничества проходит в г.Стамбуле (Турецкая Республика) с 21 по 23 октября, где принимает участие делегация Счетного комитета Казахстана во главе с Председателем Натальей Годуновой. Также, в рамках Ассамблеи проводится 8-й Симпозиум и 24-ое заседание Совета Правления. В работе Ассамблеи участвуют представители ВОА 13 стран из Афганистана, Азербайджана, Беларуси, Ирана, Казахстана, Катара, Кыргызстана, Кувейта, Пакистана, Палестины, Таджикистанв, Туркменистана и Турции.

Основные темы повестки дня — «Эффективность проведения аудита и результативность аудиторских проверок» и «Эффективный аудит организаций ГЧП**».

Генеральный секретарь ЭКОСАИ г-н ДжаваидДжехангир проинформировал о результатах работы, проведенной в 2016-2018 годы. Были рассмотрены и утверждены годовые отчеты, результаты аудиторской проверки отчетов ЭКОСАИ Комитета по аудиту, представленные ВОА Ираном и Таджикистаном, отчет 19-го Тренингового комитета ЭКОСАИ и бюджет на 2018-2021 годы. Кроме того, были обсуждены основные приоритеты развития организации и утвержден учебный план ЭКОСАИ на 2019-2022 годы.

Председатель Счетного комитета Наталья Годунова выступила с докладом по основной теме Ассамблеи. Она рассказала об основных направлениях развития государственного аудита, поделилась опытом Казахстана по совершенствованию национальной системы государственного аудита и финансового контроля.

«Принятый в 2015 году Закон «О государственном аудите и финансовом контроле» значительно расширил функции Счетного комитета, наделив такими полномочиями как предварительная оценка проекта республиканского бюджета по основным направлениям расходов, текущая оценка исполнения бюджета и реализации документов Системы государственного планирования, аудит управления государственным долгом и некоторые другие направления. С учетом этого главным направлением нашей работы стал анализ эффективности и выявление резервов для ее роста, а также применение превентивных мер», сказала Председатель Счетного комитета Казахстана.

Также, Наталья Годунова отметила, что Парламентом Республики Казахстан в этом году была поддержана инициатива Счетного комитета по изменению действующего законодательства в части ужесточения ответственности должностных лиц государственных органов за неэффективное планирование и использование бюджетных средств и активов государства.

«На наш взгляд, принятие данного изменения также окажет благоприятное влияние на результативность аудиторских проверок и существенно изменит политику бюджетного планирования в стране. Кроме того, немаловажное влияние на результативность аудиторских проверок имеет система контроля качества» – заключила она.

Также, следует отметить, что в ходе 19-го заседания Тренингового комитета ЭКОСАИ было принято решение о проведении в 2021 году в Казахстане учебной программы «Аудит государственного долга».

******

* ЭКОСАИ – Организация высших органов аудита стран экономического сотрудничества.

ГЧП** – государственно-частное партнерство.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.