Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты 18 жылдығын атап өтуде

15 қазан күні, тура 18 жыл бұрын Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының негізі қаланды. Ол радиотехника мамандықтары бойынша офицер-инженерлерді дайындайтын Орталық Азия аумағындағы тұңғыш және жалғыз жоғарғы білім ордасы болып табылады.

Бұл орайда бүгін басшылықтың, әскери қызметшілер мен курсанттардың, құрметті демалысқа шыққан Қарулы Күштер және әскери институттың ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.

Әскери жоғарғы оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков келген қонақтарды құттықтап, жеткен жетістіктері мен өзекті перспективалық міндеттері туралы, сондай-ақ бүгінгі курсанттардың әскери институттың дәстүрлерін лайықты түрде жалғастыратындығын айтып өтті.

«Біздің жетістігіміз әрбір әскери қызметшінің, оқу орнының барлық азаматтық персоналының саналы түрде және аянбай тер төккен еңбегінің жемісі. Сіздер әскери білім беруді дамытуға, жоғарғы оқу орнының нықтап қалыптасуына, болашақ офицерлерді дайындауға лайықты үлес қосасыздар. Осының арқасында біздің институт еліміздің әскери жоғарғы оқу орындары арасында жетекші орындардың бірі болып саналады. Қазақстан Қарулы Күштері үшін офицер кадрларын даярлау бойынша мемлекеттік міндеттерді табысты орындап келеді».

Әскери институт 18 жылдың ішінде Әуе қорғаныс күштері, қазақ армиясының басқа әскери түрлері мен тектері қатарын толтырған 1 730-ға жуық лейтенантты тәрбиелеп шығарды.

185 түлек оқуды үздіккке бітірсе, оның 27-сі «Әскери оқу орнын үздік бітіргені үшін» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғары Бас қолбасшысы өз қолымен 18 түлекке диплом табыс еткен.

Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты зенитті зымыран, радитехникалық әскерлер, авиацияны редиотехникамен қамтамасыз ету байланыс бөлімі үшін білікті офицерлерді, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлерін дайындайды. Офицерлер-радиоинженерлерді даярлау 5 мамандық бойынша жүргізіледі.

Оқу орнында білікті профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Оладың 100-ден астамы ғалым және академиялық дәрежелерге және ғылыми атақтарға ие. Үш қызметкер «Әскери ғылым Академиясы» республимкалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері болып табылады.

Әскери ЖОО заманауи оқу-материалдық базамен қамтамасыз етілген. Оқу аудиториялары мен зертханалары түрлі радиотехникалық стендттермен, компьтерлік және лингофонды техникалармен, симуляторлармен, сондай-ақ жаттығу кешендерімен жабдықталған.

Курсанттар теориялық білімдерін, институттың оқу орталығында жетілдіре түседі. Болашақ офицерлер шынайы жауынгерлік техникаларда тәжірибеден өтіп, радиолокациялық бекеттер мен байланыс әскери техникаларына қызмет көрсетеді.

Ғылыми-зерттеу қызметіне жіті көңіл бөлінеді. Курсанттар мен офицерлер ғылыми зерттеулер жүргізеді, әскери техника мен қару-жарақты жобалайды және жетілдіреді, жоба жасап, әскери техника мен қару-жарақты жүзеге асырады. Өнертапқыштық жұмыспен айналысып, ғылыми жобаларға қатысады. Тәжірибелі педагогтар мен ғалымдардың басшылығымен зерттеулер жүргізіп, курсанттар ғылыми баяндамалар жазып, сондай-ақ ғылыми конференцияларға қатысады.

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік
институтының баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше