Білім беру сапасын жоғарылату және педагогтарды қолдау бойынша атқарылып жатқан нақты шаралар туралы
Білім беру сапасын жоғарылату және педагогтарды қолдау бойынша атқарылып жатқан нақты шаралар туралы
О конкретных мерах по усилению качества образования и поддержки педагогов
Ақпарат https://facebook.com/story.php?story_fbid=10214576939153451&id=1120704037 Askhat Aimagambetov парағында жарияланған.
Достар, Мемлекет басшысы білім беру сапасын арттыру және педагогтерді қолдау жөнінде тапсырма берді.
Осы тапсырма аясында министрлік мемлекеттік ЖОО ректорларына ЖОО оқытушыларының еңбекақыларын 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін 30-дан 50% – ға дейін арттыру міндетін жүктеді.
Бұл шешімнің нақты негіздері бар. Біз жоғары оқу орындарының бюджеттеріне талдау жүргіздік. Ол еңбекақы төлеу қорын ұлғайту үшін резервтердің бар екендігін көрсетті. Бүгінде бірқатар жоғары оқу орындарының оқытушылары 60-70 мың теңге көлемінде жалақы алатын жағдай қалыптасқан. Мұндай саясатпен сапаны талап ету мүмкін емес. ЕҰУ, Каспий университеті мен Тараз педагогикалық университеті сияқты жоғары оқу орындары жалақыны қазірдің өзінде көтеруді бастады.
Қалған мемлекеттік ЖОО менің тапсырмамды міндетті түрде орындаулары тиіс.
Сонымен қатар, ректорлардың алдына біздің ЖОО-да жұмыс істейтін академиктерді арнайы қосымша ақылар белгілеу арқылы қолдау міндеті қойылды. Жоғары оқу орындарында академиктер көп емес, сондықтан біз өзіміздің ғылыми элитамызды қолдауға міндеттіміз.
Бұл шаралар мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат пен өзге де күш-жігерді қажет етпейтінін ерекше атап өткім келеді. Барлығы қолда бар мүмкіндіктердің шеңберінде.
Жас ғалымдарды қолдау тетіктері де болашақта қарастырылатын болады.
Друзья, Главой государства обозначены цели в области усиления качества образования и поддержки педагогов.
Исходя из этого, первоочередная задача, которая ставится нашим министерством перед ректорами подведомственных госвузов – это повышение заработной платы для преподавателей – от 30% до 50%. Срок исполнения – до 10 января 2020 года.
Это решение имеет под собой четкие основания: был проведен анализ бюджетов вузов, показавший наличие финансовых резервов, за счет которых можно увеличить фонд оплаты труда.
На фоне сложившейся ситуации, когда преподаватели ряда наших университетов получают заработную плату в размере 60-70 тыс. тенге, требовать повышения качества абсолютно не реально.
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, Каспийский, Таразский педагогический университеты стали пионерами в этом деле. Остальные вузы также должны неукоснительно исполнить мое поручение в обозначенные сроки.
Кроме того, перед ректорами поставлена задача по поддержке академиков, работающих в наших госвузах через установку специальных доплат. Академиков (Национальной академии) в вузах не так много, поэтому мы просто обязаны поддержать нашу научную элиту. Хочу особо отметить, что эти меры не потребуют дополнительных средств из гос.бюджета и каких-либо иных усилий.
Отдельный вопрос, целевая поддержка молодых ученых. В будущем будут приняты меры по разработке финансового механизма по поддержке молодых ученых, нацеленных на развитие отечественной науки.
