Жаңалықтар

Білім беру гранттарын бөлу үрдісіне бөгде адамдар араласа алмайды

Кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығының (ЦАРКА) өкілдері білім беру гранттарын бөлу рәсімін тексеріп, өз қорытындысын шығарды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» бакалавриат және магистратура бойынша білім беру гранттарын бөлуге жауап беретін ақпараттық жүйенің бастапқы кодтарын ЦАРКА мамандарына тексеруге берген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша, гранттарды бөлу үрдісіне бөтен адам араласа алмайтындығы анықталды.

Аталған тексеру гранттарды бөлудің жарияланған нәтижелері бағдарлама берген деректермен толық сәйкес келетінін көрсетті. Осылайша, гранттарды бөлу туралы деректер тізімдер жасалған сәттен бастап нәтижелер жарияланған сәтке дейін өз тұтастығы мен құпиялылығын сақтап қалған деп сеніммен айтуға болады.

ЦАРКАмамандары тізімдерді қалыптастыруға жауап беретін ақпараттық жүйеге бөгде адамдар араласпаған деген қорытындыға келді. Айта кеткен жөн, аталған тексеру жұмыстары барысында 76 009 қатысушы арасында 58 126 грантты тағайындау үрдісі тексерілген.

Анықтама үшін. ЦАРКА — компьютерлік инциденттерге әрекет ететін жеке қазақстандық орталық. Орталық қызметінің негізгі бағыттары — мемлекеттік органдарға, квази-мемлекеттік сектор ұйымдарына, жеке кәсіпорындарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жәрдемдесу және практикалық көмек көрсету, Интернет желісінің қазақстандық сегментіндегі ақпараттық қауіпсіздік инциденттерін анықтау және талдау болып табылады. Бұдан басқа, Орталық Қазақстан Республикасының аумағында зиянды бағдарламалар мен желілік шабуылдардың таралуына байланысты инциденттердің жеке тәуелсіз мониторингін жүзеге асырады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.