Жаңалықтар

Баспасөз хабарламасы

Анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша ұсынымдар берілді

2019 жылғы 16-30 қыркүйек аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан еліміздің 6 жоғары оқу орнында профилактикалық бақылау жүргізілді: Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, академик Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институт, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясы, «Тұран» университеті, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы.

Нәтижесінде аталған жоғары оқу орындарының білім беру қызметінде әртүрлі дәрежедегі бұзушылықтар анықталды. Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша белгілі болған сәйкессіздіктерді жою және білім беру қызметін заңнама нормаларына сәйкес келтіру бойынша ЖОО-ға ұсынымдар берілді. ЖОО қызметін талдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізілгендігін атап өткен жөн. Профилактикалық бақылау барысында білім беру ұйымдарының қызметі мен оқуға қабылдаудың үлгілік ережелері, біліктілік талаптары жіті тексерілді.

Жоғары оқу орындарында жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар шығарылып, әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылған жоқ.

Анықталған бұзушылықтарды жоюға берілген мерзім өз шегіне жеткеннен кейін, министрлікпен сәйкессіздіктерді жоюды бақылау бойынша қайта тексеру жүргізілетін болады. Білім беру саласындағы заңнама талаптарының бұзылу фактісі қайта анықталса, ЖОО-ны білім беру қызметін жүргізуге лицензиядан айыру бойынша материалдар сот қарауына жіберілетін болады.

ҚР БҒМ баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.