Жаңалықтар

БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА КОНКУРС

29.08.2019
Бейнеу ауданының әкімдігінің «Балдырған» бөбекжайы» МКҚК бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.

1.Орыс тіл маманы — 1 орын уақытша
2.Тәрбиеші — 4 орын уақытша
3.Хореограф — 1 орын тұрақты

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар.

Конкурсқа қатысушы мамандардың міндетті түрде өз қызметтеріне сай жоғары немесе арнаулы орта білімді болуы,біліктілік талаптарға сай болуы, мүмкіндігіне қарай еңбек өтілінің, санатының және тәжірбесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Білім туралы», «Балалар құқығы» туралы заңды және «Балалармен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық эпедемиологиялық талаптарын»,физиология және гигенаны, педагогика, психология негіздерін білуі тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбе күннен кешіктірмей.

Қажетті құжаттар тізімі: 1.Өтініш
2.Жеке куәліктің көшірмесі
3.Кадрды тіркеу жөніндегі іс-парағы
4.Өмірбаян
5.Білімін растайтын құжаттардың көшірмесі
6.Түйіндеме
7.Біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі
8.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
9.Денсаулығы туралы 086 белгіленген нысандағы анықтама

Құжаттар келесі мекен-жайда қабылданады:
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Төремұрат көшесі, 9 үй, «Балдырған»бөбекжайы»МКҚК,2-қабат,қабылдау бөлме.
Анықтама телефондары: 8(72932) 2-50-12

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.