Жаңалықтар

Шығармашылық пен ұжымшылдыққа жетелеген «Өсу векторы»

БҚО, Казталов ауданы, Жұлдыз ауылы, А.Хұсайынов атындағы
ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі
Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызы

16 тамыз 2019 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Ақпәтер орта жалпы білім беретін мектебінде Республикалық тамыз кеңесі аясында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологиялармен таныстыру және бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру әдістерімен тәжірибе алмасу бағытында екі күнге ұйымдастырылған «Білім болашаққа бастар жол» тақырыбындағы Республикалық ақпараттық-ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Республикалық «Жаһандық құндылықтар және Қазақстандық білім мен ғылымның сапасы » тақырыбы аясындағы тамыз кеңесін Казталов аудандық білім беру бөлімі «Өсу вектроры» форматында өткізді. «Өсу векторына» ауданымыздың 45 бастауыш сынып мұғалімі қатысты. Олар алдағы жұмыстарды топпен ұжымдаса орындау үшін бес топқа бөлініп топ басшылары тағайындалды.

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған екі күндік секциялық жұмыстың алға қойған мақсаты:

  • бастауыш сынып мұғалімдеріне, соның ішінде жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, жас мамандар үнін тыңдау;
  • оқу және тәрбие үрдісіндегі инновациялық әдіс-тәсілдер, проблемалық тақырыпты таңдаудағы LS сабақты зерттеу әдісінің ерекшелігі;

  • Жаңартылған білім беру жағдайында ҚМЖ құру талаптары, көркем еңбек пәнінің берілу ерекшеліктері, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмысты жетілдіру, бастауыш және негізгі мектеп сабақтастығын нығайту, оқыту барысында кері байланыс пен рефлексияның тиімділігі туралы мәселелерді қарастыру болды.

Қатысушы ұстаздарды Ақпәтер өнер мектебінің өнерлі шәкірттерінің ысттық ықыласымен қарсы алып, мектеп басшысы Қарлығаш Серікқызы және Казталов аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Шынар Бақтыгерейқызы ұстаздарға жаңа оқу жылының сәтті бастауға тілектерін айта отырып, екі күндік семинардың бағдарламасымен таныстырып өтті. Одан әрі бейбітшілік пен отбасы амандығының символы ретінде қойылған «Ана мен бала» ескерткішіне гүл қою рәсімімен жалғасын тапты. Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Таушанова Айымгүлдің ұйымдастыруымен Team building «MOOD FORMULA» /топ құру/ өткізілді. Ақпәтер ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Н.Қабденованың «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында көркем еңбек пәнін беру ерекшеліктері» тақырыбында өткізген шеберлік сағатында ұстаздар қауымы көркем еңбек сабағында сурет салу технологиясының қыр-сырымен танысып, практикалық жұмыстар жүргізілді. «Жаңартылған білім беру жағдайында кері байланыс пен рефлексияның тиімділігі» тақырыбы аясында А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айымжан Сүйеуғалиқызы сабақта үнемі қолданылатын кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығы мен ұқсастығын топтық жұмыстар арқылы түсіндірді. Практикалық және теориялық жұмыстардан соң ұстаздар қауымы өздерінің әріптестері ақындық өнерімен танылып жүрген Сатыбалды ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Меңдігүл Мұханбетжанқызы Темиргалиевамен «Сыр-сұхбат» алаңын өткізді. Меңдігүл Мұханбетжанқызы өзінің өмір-дерегімен таныстыра отырып ең алғаш жазған «Бұлақ» атты қалам алды туындысын оқып, одан әрі мән-мағынасы терең, сырлы-да сазды жасады. Бұл тосын сый басқа ұстаздар қауымының да жүрегін дір еткізген керемет қуаныш болды. жыр шумақтарымен бөлісті. Сырласу кеші соңында аудан дық бастауыш сынып әдіскері Шынар Бақтыгерейқызы автордың өлең-жырларынан жинақталған «Көңіл көкжиегі» атты ең алғашқы жинағын сыйлап, керемет тосын сый

Бұдан әрі Ақпәтер ауылының керемет саф алтындай таза ауасында «Біз спортпен біргеміз» марафоны оздырылды. Спорттық марафонда ұстаздарды ұжымға біріктіретін, ынтымақтастыққа шақыратын жарыстар ұйымдастырылды.

Семинардың алғашқы күні «Әнді сүйсең, менше сүй» karaoke party-мен аяқталып, ұстаздар қазақ халқының тамылжыған әндерін бірге шырқап, би биледі.

Екінші күн әр топтың таныстыруымен, таңғы сергіту флешмобымен ашылды. Одан әрі Казталов аудандық білім беру бөлімінің бастауыш сынып әдіскері Темиргалиева Шынар Бақтыгерейқызының ұйымдастыруымен «Lesson Study – оқытуды жетілдірудің демократиялық жолы» тақырыбындағы тренерлік сағаты оздырылды. Бұл тренерлік сағатта мұғалімдер қауымы Lesson Study-дің мақсаты, жүргізілу жолдарымен теориялық түрде түсінік ала отырып, топтық жұмыстар арқылы жарнама жасау, ереуіл, дебат, ток-шоу, ертегі көрінісі арқылы практикалық түрде өз түсініктерін шебер жеткізе білді. Көктерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулеуова Гүлмайра Өтепқызы «ҚМЖ құру талаптары» тақырыбындағы коучинг өткізді. Коучингте ҚМЖ құру ерекшеліктері таныстырылып топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Мұғалімдердің бойын, ойын сергіту мақсатында «Ән салады аспаптар» сергіту сәті өткізілді. Мирон негізгі мектебінің мұғалімі А.Ж.Дүйсенова «Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы топтық жұмыс жүргізді. Қарасу ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айымгүл Таушанова «Бастауыш және негізгі мектеп-бірізділікке жол» тақырыбында фасилитацияланған сессия өткізді. «Тәрбие құндылықтары мен тәрбие жұмысындағы инновациялық әдіс-тәсілдер» атты шеберлік сағатын А.Оразбаева атындағы ОЖББМ-нің мұғалімі, аудандық шығармашылық топ жетекшісі Айгүл Ануарова шеберлікпен өткізе білді. К.Мендалиев атындағы ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Дамира Сабирова және Ақпәтер ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Г.Нысанбаева «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс тақырыбындағы» топтық жұмыстары арқылы қатысушы ұстаздарға тың мәліметтер бере алды.

Екі күнге созылған «Білім болашаққа бастар жол» өсу векторы форматында өткен тамыз кеңесі А.Хұсайынов атындағы ОЖББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Айымжан Сүйуеғалиқызының ұйымдастыруымен «Бүгінгі күн де бір тарих» тақырыбындағы рефлексиялық пирамидамен қорытындыланды. «Өсу векторы» жобасының жабылуы осы шараны ұйымдастыруға ат салысқан ұстаздарды Казталов аудандық білім беру бөлімінің арнайы Алғыс хаттарымен марапаттау және Республикалық ақпараттық-ғылыми-практикалық семинарға қатысушыларға «45minut.kz» республикалық басылымының арнайы сертификатын, сонымен қатар еңбек өтілі 30 жылдан асқан ауданымыздың жоғары санатты 4 ұстазына «45minut.kz» республикалық басылымының арнайы «Төс белгісін» табыстаумен және естелік суреттерге түсумен аяқталды.

Ұстаздарға жаңа оқу жылында жаңа серпін берген, шығармашылыққа жетелеген бұл шара әріптестеріміздің шабытын оятып, өздерінің ішкі сезімдерін жыр жолдарымен ақ қағаз бетіне өрнектеулерініне де түрткі болды. Соның бір дәлелі, мекені бөлек болса да Отаны бір, армандары бөлек болса да алға қойған мақсат-тілектері бір, бір арнаға тоғысқан ұстаздар қауымы атынан өздерінің жүрек жарды лебіздерін жыр шумақтарымен өрнектеген әріптестеріміздің бірі Қайшақұдық бастауыш жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нуптыгалиева Раушан топтық жұмыстардың бірінде :

Шыңда өсер шынармыз,
Жаңашылдыққа құмармыз.
Lesson Study-ді сабақта
Қолданатын шығармыз.

Әр таңды қуанышпен атырамыз,
Ұстаздықтың жолында жатыр аңыз.
Әріптестер бәріңізге жаңа әдіс
Lesson Study-ді үйренуге шақырамыз.

Жаны жаңашылдыққа құмар апай,
Жастарға үлгі болған тұмар апай.
Бүгінгі ең қызықты сәттер үшін,
Сізге алғыс айтамыз Шынар апай- деп, жыр шумақтарын төгілдірсе,

Сатыбалды ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Меңдігүл Мұханбетжанқызы өзінің ризашылығын былайша жыр жолдарымен төгілдірді:

Сөйле тілім, тосырқама, тартынба,
Тіліп айт та, Алдаспандай жарқылда!
Екі күнді өрнектейін өлеңмен,
Көрген-білген жұмыстарым хақында!

Жақсы іске арнамасам жақсыжыр-
Сын болар-ақ, ақын деген атыма!
Жаңа леппен келді бізге бұл тамыз,
Жас маманмен көбеюде ортамыз.

Өзіңіздей білікті де білімді
Әдіскерге әркез сенім артамыз.
Жетістігі әр ұстаздың ауданда-
Бақтыгерейқызы, Сіздің арқаңыз!

Әр бір іске атсалысып қызыға,
Риза боп, ұсынған дәм-тұзына.
Алғыс сізге бар ұстаздың атынан-
Серікқызы және сіздің ұжымға!

Қызмет қылған ұстаздарға бірлесіп,
Ой бөліскен жаңа әдісті біл десіп.
Сіздерге де шын көңілден рахмет,
Жасай берсін бастауыштай бірлестік!

Өсу векторы… бұл жаңалық тамаша!
Әр бір істі ойластырып жаңаша.
Түрлі әдіс, би де, ән де, ойын да
Ұстаздарды қуандырды балаша!

Жаңа екпін, жаңашылдық үрдіспен,
Алда болғын, әріптестер үлгі іспен.
Құтты болсын жаңа оқу жылымыз
Кірісейік жаңа серпін, тың күшпен!!!

«Өзгенің бақытын аялаған, өзінің уақытын аямаған» жаңашылдыққа жаны құмар бастауыш сынып мұғалімдері үшін екі күнге арналған бұл шара өзіндік мән-мағынасымен, жаңашылдығымен тың серпіліс сыйлаған, шығармашылық шыңына жетелеген құнды іс-шара болғанына сенімдімін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.