Жаңадан сайланатын мемлекет басшысына ақтық деміміз қалғанша қызмет етеміз

Әскери институттың курсанттары алғашқылардың қатарында өз дауыстарын берді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары алғашқылардың қатарында Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысып, өз дауыстарын берді. Әскери оқу орнының аумағында таңғы сағат 7-ден бастап сайлау құқықтарын пайдалана отырып, ел президенттігіне үміткерлердің біріне таңдау жасады.

  • Президенттік сайлау – еліміз үшін маңызды қадам. Жаңа президент жаңа бастама, тың серпін әкелетініне сенімім мол. Болашақ офицер ретінде жаңадан сайланатын мемлекет басшысына ақтық деміміз қалғанша қызмет етеміз деп ант етемін, – деді курсант Қанат Дастан.

Әскери институттың тұрақты құрамы мен олардың отбасы мүшелері де конституциялық құқықтарының негізінде сайлауға қатысты. Барлығы РЭжБӘИИ-ден жалпы сайлау учаскелеріне 1500-ден астам адам келмек.

  • Дауыс беру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұйымдасқан түрде өткізіліп жатыр. Жеке құрамның барлығы сайлауға белсенді түрде қатысуда, – деп атап өтті Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков.

Атап өтерлігі, сайлауға дайындық барысында РЭжБӘИИ-де ҚР президенттігіне үміткерлер туралы мәліметтер ақпарат тақтасына орналастырылған болатын.

РЭжБӘИИ баспасөз қызметі
Фото Е.Алибаевтыкі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше