Жаңалықтар

Ұлы дала өнері Клайпедада ұсынылды

2019 жылы 30 мамырда Клайпеда қаласында «Литвадағы Қазақстан көктемі» мәдени фестивалі аясында қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның суреттер көрмесі ашылды, сондай-ақ қазақстандық кинематографтардың жаңа фильмдерінің көрсетілімі басталды («Анаға жол», «Шал», «Талан», «Алмас қылыш», «Жаужүрек мың бала» фильмдері және «Күлтегін» анимациялық фильмі).

Литвадағы Қазақстанның Елшісі В.Темірбаев Ева Симонайтите атындағы кітапханада іс-шараның ашылу рәсімінде Литва аудиториясына сөйлеген сөзінде қазақстандық өнердің көпшілікке таралуы және еліміздің мәдени әлеуетінің дамуындағы динамизмы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының және «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасының мақаласы арқылы ойдағыдай іске асырылып жатқанын аттап өтті.

Бұған қоса, қазақстандық дипломат Қазақстан мен Литва арасындағы мәдени диалогты тереңдету, әсіресе жас ұрпақтардың арасында қажет болғаның атап өтті.

Ашу рәсімінің қатысушылары Клайпеда қаласының мэрі В.Грубляускас және Клайпедадағы Қазақстанның Құрметті консулы Б.Петраускас, сондай-ақ Литваның жетекші университеттерінің ректорлары – «Клайпеда университеті» мен «LCC University» ынтымақтастықты тереңдетудегі қызығушылықты растады.

Ашылу салтанатына қатысқан «Литваның теңіз астанасы» қонақтары мен тұрғындары қазақ мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіріп, оның жарқын түстерін және терең мағынасын атап өтті.

2019 жылдың 30 мамырынан 5 маусымына дейін қазақстандық суретші Рауза Ералиеваның көрмесі және қазақстандық киносының күндері Клайпеда қаласында өтеді.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.