Жаңалықтар

«Армансыз күнім болмайды» Қайырымдылық концерт і

1 маусым күні Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында Балалар күніне арналған «Армансыз күнім болмайды» атты қайырымдылық концерті өтеді.

Шараның ұйымдастырушылары — «Help Today» қоғамдық қоры, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

Шараның басты мақсаты – онкологиялық дертке шалдыққан балаларға мереке, қуаныш сыйлау, жаман ауруды жеңуге деген сенім ұялату, көңілдерін көтеру арқылы бір сәтке ауруын ұмыттыру, психологиялық қолдау көрсету.

Концертке Парвиз Назаров, Айдана Меденова, «Талисман» тобы, Нұрболат Базарбаев және т.б. эстрада жұлдыздары қатысады. Өнер жұлдыздарымен бірге орталықта ем алып жатқан балалар да өнер көрсетеді. Шара барысында ауыр дертті жеңген, ұзақ және қиын жолдан өткен Әлім Абдулам сөз сөйлеп, аурумен қалай күрескендігі жөнінде айтып береді.

Шара аясында балалардың сурет көрмесі өтеді. Балалар үшін аквагрим мен фотосессиялар ұйымдастырылады.

Құрметті әріптестер! Қасиетті айда игілікті істерді насихаттап, қолдау білдіруге шақырамыз.

Өтетін күні: 1 маусым, 2019 жыл;

Басталуы уақыты: 11.00-де;

Өтетін орны: Алматы қ-сы, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы.

«Педиатрия және балалар

хирургиясы ғылыми орталығы»

баспасөз қызметі

8(727) 269 69 52

8707 815 18 33 Нәзира Елеухан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.