Жаңалықтар

Балалар мен жастар музыкалық оркестрлері мен анс амбльдерінің шеруі

Еліміздің барлық өңірлерінде шеру өткізу үшін жұмыс топтары құрылды, мерекелік шара дайындығын үйлестіруші жауапты мамандар анықталды, шеру бағыттары әзірленіп, режиссерлер белгіленді.

Биыл шеру тек облыс орталықтары мен Республикалық маңызы бар қалаларда ғана ұйымдастырылады. Шара еліміздің оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Талдықорған, Тараз, Атырау және Ақтау) ауа температурасының жоғары болуына байланысты, 1 маусым күні сағат 9.00-де басталады, ал, қалған өңірлерде сағат 10.00-ден бастап өтеді.

Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, шеруге 2,5 мың білім беру ұйымдарының 98 309 оқушысы, студенттері, педагогтары мен ата-аналары қатысады.

Парадқа қатысушылардың ең көп саны Қызылорда (8,5 мың адам), Ақтөбе (7 929 адам), Нұр-сұлтан қаласы (7 мың 830 адам), Қарағанды (7,5 мың адам), Ақтау және Павлодар (7 мың адамнан) қалаларында байқалады.

Парадқа негізгі қатысушылар:

  • 136 барабаншылар отряды,
  • 91 үрмелі оркестр;

  • 534 қазақ және орыс халық аспаптары ансамблі;

  • 780 черлидерлер мен мажореткалар командасы, хор және би ұжымдары;

  • басқа (кадеттер, спортшылар, педагогтар) — 266 команда.

Парадқа қатысушылардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, оларды медициналық сүйемелдеу, сумен қамтамасыз етуді жергілікті атқару органдары өз жауапкершілігіне алады.

Барлық сұрақтар бойынша: Казарина Татьяна Всеволодовна, РОӘО бөлімінің басшысы 87172642723, 87753456712

ҚР БҒМ Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.