БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қ.И.Сәтбаев:ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы,

кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты халықаралық

ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2019 жылдың 04 сәуірінде сағат 10.00 Алматы қ-сы, Шевченко, 28, ҰҒА ғимаратында кемеңгер ғалым, ҚҒА Тұңғыш президенті, еліміздегі ғылымды ұйымдастырушы, Мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орайластырылған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Іс-шараны ұйымдастырушылар – Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институты, академик Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі. Сағат 9-30 да Қ.И.Сәтбаевтың ҰҒА бюстіне гүл шоқтары қойылып, оған ҰҒА академигі Сұлтан Оздоев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Б.Б.Мамраев, Алматы қаласының әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов, ғалымның туған-туысқандары қатысады. Конференция «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылады. Конференцияда ҰҒА президенті М.Журиновтың, ЮНЕСКОның ҚР және Орталық Азия бойынша Алматыдағы кластерлік бюросының директоры Криста Пиккаттың, Алматыдағы Ресей Федерациясының және Тәжік Республикасының Бас консулдары, «Каспиан Оффшор Констракшн» ЖШС Бас директоры Т.З.Шарапиевтің құттықтау сөздері, жетекші ғалым геологтардың баяндамалары тыңдалады деп күтілуде.

Іс-шара мақсаты Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, академик, мемлекет қайраткері, ұлы ғалым Қ.И Сәтбаевтың өмірі мен ғылыми қызметі, еңбек жолы жөнінде ақпараттандыру, оның еңбектері арқылы қоғамдық ортаның білімінің арттыру, жастарға тәлім-тәрбие берілуін көздейді.

Конференция аясында Қ.И.Сәтбаевтың мемориалдық музейі және «Ғылым ордасы» РМК ғылыми кітапханасының қорынан алынған көрмелер ұйымдастырылады.

Жалпы, Қаныш тағылымы бүгінде оның ғылыми бастамалары мен мұраларының жанжақты насихатталуымен құнды. Ғалымның өмірі мен еңбек жолын өнеге ету арқылы өскелең ұрпаққа патриоттық жəне адамгершілік тəрбие беру мəселелері жыл сайын жаңа буынның жадында жаңғырып келеді.

Конференцияға қатысушы белгілі ғалымдар, жоғарғы оқу орындарының ұстаздары академик Қ.И. Сәтбаевтің ғылыми мұрасын, оның Қазақстандағы ғылымның қалыптасуына және дамуына қосқан үлесіне қатысты кең көлемдегі мәселелерді талқылауды мақсат тұтып отыр. Сондай-ақ, іс-шара өскелең ұрпақты ғылымға, білімге деген қызығушылыған арта түсуі керек.

Өтетін орны және уақыты: 2019 жылдың 4 сәуірі, сағ. 10.00. Алматы қ-сы, Шевченко, 28

Аккредитация үшін: mynamekazakh, S.Shildebai

Айтмұхамбетова Бақытжамал Ахметғалиқызы (8701-555-9913);

Шілдебай Сәбит Қамытбекұлы (8701-765-2706)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше