НЗМ оқушылары: Балалық жүрегімізбен рақмет айтамыз!
Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті…
Опубликовано Ақтөбе Тілдер Басқармасы Вторник, 26 марта 2019 г.
Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Сол бейбітшіліктің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алған ерікті елдің еркін ұрпағымыз. Біз болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймыз. Осы жақсылықтар мен игілікті істердің басында көрегендік пен басшылық қатар жүрген еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа, яғни Сізге балалық жүрегімізбен рақмет айтамыз!
Қуаныш пен жақсылыққа, бейбітшілік пен жасампаздыққа толы 30 жылға көз жіберіп қарасақ, ата-бабамыз бес ғасыр армандаған арманы орындалған екен. «Бітер істің басына, жақсы келсін қасына»,- деп дана халқымыз айтқандай, сол жұмыстардың дәл ортасында Елбасымыз жүрді. Біз сияқты жастарға да сіз аса ерекше көңіл бөліп жүрсіз.
Нақтырақ айтқанда, Ақтөбе қаласындағы ең әдемі, еліміздегі таңдаулы мектептерінің бірі – Назарбаев Зияткерлік мектебі болып табылады. Отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламасына сай бірегей құрылымды оқу орны болып табылатын – Назарбаев Зияткерлік мектебі жаңа заманғы құрылыс бойынша салынған, жоғары технологиялармен қамтамасыз етілген, жоғары дәрежелі оқытушылар білім береді. Осындай мүмкіндіктерді жасап берген сізге алғысым шексіз!
Барлық білімін, қажыр-қайратын, денсаулығын, өз өмірін мемлекеттің даму жолына жұмсаған Елбасының есімімен елордамызды атау ерен ерлікке деген ілтипат, құрмет деп түсінеміз.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары


