Жаңалықтар

Халықты бірлік пен отаншылдыққа үндейтін ұлы шешім

Көреген басшы елді өсіреді. Әлем деңгейінде Елбасы өзі іргесін қалаған бас қаламыз да қуатты да, өркенді және барша қазақстандықтарды біріктіретін, сонымен бірге халықты ұштастыратын ұлттық идеяға айналды. Астана – Елбасының қолынан шыққан мәңгілік елдің символын айғақтайтын қасиетті Ордаға айналды. Астана мен Елбасы есімі ел назарында егіз ұғым болып қалыптасты. Өйткені, жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның астанасы Елбасының қазақ мемлекеттілігін өркенді дамытып, бүкіл әлемге таныту жолындағы дәуірлік ерлігі деп айтуға да толық негіз бар.

Елбасымыз еңселеткен Елорда болғандықтан оған басқаша баға беру де мүмкін емес. Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Қазақстанның жүрегі Астананың шаңырағы биікке көтерілді. Қасиетті қаламыздың жаңа атауы Нұр Сұлтан есімі ұлттық санамызға жаңаша серпін беретін айрықша тарихи жағдаят. Осы орайда, Орталық мемлкеттік архив қызметкерлері бірауыздан елордаға Елбасының есімін беру бастамасын қолдайтынын атап айтты. «Біз неге одан мұндай Ұлы далаға жан бітірген қастерлі есімнен жасқануымыз керек? Керісінше бұл есіммен өскелең ұрпақ жоғары отансүйгіштік сезіммен мақтанышпен айта алады.

Өз жерінің, өз елінің тарихын, атақты азаматтарын құрметтей білу деген елдік рухтың жарқын көрінісі. Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесіне арнаған Ұлы кемеңгер басшының есімін ұлықтау дәл қазіргі сәтте ел тілегінен туындап отыр. Әрине, дұрыс шешім деп білемін.

Ханның да, қараның да рухани өзегі – тәуелсіздік. Өзегінен айырылған ел өледі бір-бірімізге көзіміз түзу болғанда тәуелсіздігіміз мәңгілік екені хақ. Өйкені, Тәуелсіз еліміздің нұрлы жолы кемеңгер басшының есімімен тығыз байланысты. Ел жүрегінің Нұр Сұлтан есімімен аталуы тарихи оқиға. Қасиетті Орданың Қастерлі есіммен аталуы әрқашан халықты бірлікке, отаншылдыққа үндейтін ұлы шешім. Ол Елдіктің қадірін жете түсіну деген сөз», — деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-інің директоры Арнұр Қарымсақов.

ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-інің директоры
Арнұр Қарымсақов

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.