Жаңалықтар

Елбасыма жүрекжарды алғысым

19.03.2019 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам алдында Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасап, өзінің жаңа міндетін атап айтты!
Дәл осы сәтте қимастық сезіммен тебірене отырып, шексіз алғысымды білдіргім келеді. Осынау Елбасымен бірге жүріп өткен жолда Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің шаңырағы биікке көтерілді. Мен үшін Елбасы халқының өсіп-өркендеуін әрқашан ең басты қағида ретінде ұстанып, әрбір шешімін мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет еткен көреген басшы. Әлі есімде, 1996 жылы «Дарынды балалармен кездесуіне» мені арнайы шақырған болатын. Сол сәтте Елбасының әрбір жалынды сөзінен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілікті ұқтым,  елімнің, ата-бабаларымыздың бақытты ұрпағы болғанымды ерекше мақтан еттім.

Еліміздің ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр-қайрат пен ұлтына, қазағына деген сүйіспеншіліктің арқасында әлем биігінен көріндік. Әсіресе, ұлттық тарихымызды жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеу және тарихи сананы жаңғырту үшін “Архив-2025”, “Ұлы даланың ұлы есімдері”, “Түркі әлемінің генезисі” сынды жобаларыңызбен ұлттық тарихымызды түгендеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға күш салды. Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміздің елдігі мәңгі ұлт болып тарихта қалатынымыз бүгінде баршаға аян.

Қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы! Еліміздің сан мыңжылдық тарихындағы ең жауапты кезеңде халқымыздың бағына берген ұлы да жасампаз тұлғасы ретінде халықты біріктіріп, ынтымағын жарастыра білдіңіз! Шын мәнінде, Қазақстан халқы үшін шексіз құрметке лайықты болдыңыз! Халқымыздың баянды бүгіні мен жарқын болашағы Сіздің есіміңізбен байланысты. Қазақстанның айбынды мемлекет болып қалыптасуына аянбай еңбек еткен Сізге өзімнің айрықша жүрекжарды алғысымды білдіремін!

ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» РММ-інің директоры
Арнұр Қарымсақов

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.