Жаңалықтар

Бастауыш сынып — оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы

Алматы қаласы Алатау ауданы «№152 мектеп-гимназия»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Кузатбекова Куралай Болатбековна

Бастауыш сынып — оқушыны тұлға

етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Пән бойынша бастауыш сыныптағы ізденіс тақырыбын негізге алып , «Оқушылардың шығармашылық қабілетін, тілін» дамытуда;

  • Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы.
  • Шығармашыл адамдар — қазіргі білімнің идеалы, мұраты болып табылады.

Оқыту технологиясының талабына сай оқу әрекетін ұйымдастырушы,шығармашыл адамның бойындағы қасиет;

  • батылдық,еркіндік,ұшқырлық,сезімталдық,
  • қайшылықты түсіну,заңдылықты анықтау,ерекше ой қызметі,шығармашылыққа құлшыныс.

  • Оқушылармен атқарылатын психологиялық субьект,жеке адаммен қарым — қатынасты пәрмендендіруде,ізденіс иесі;

  • ұқыпты,жинақы,зейіні тұрақты,еңбек қабілеті жоғары, ақыл-ой логикасының тездігі,әр істі талдау, салыстыра білу,барлық күшпен тынымсыз еңбек етуі қажет.

«Елді түзетуді — бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»-деп Ахмет Байтұрсынұлы атамыз айтқандай,ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар — бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, бастауыш сыныптан бастап оқушының білім алудағы бүгінгі жайы, даму бағыттары бүкіл қоғамның, мемлекеттің назарында.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» -деген Елбасымыз Н.Назарбаев,

«Әр бала бір жұлдыз,

Жарқырауына жәрдем бер»

«Адам ұрпағымен мың жасайды» -дейді халқымыз.

Олай болса, сол ұрпақтарымыз, болашағымыз үшін тер төгуміз қажет.

« Тәуелсіз мемлекетіміздің гүлденуі үшін,білімді азаматтар керек!-дейді Елбасы.

Білім негізі бастауышта қаланатын болғандық тан оқушының талпынысын арттыру басты міндет.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз», бүгінгі бала- ертеңгі азамат.

Мақсатың болмаса-жолыңды тұман шалады,талабың болмаса- тауды да көре алмайсың.

Ендеше ,әр оқушының болашақ арман мақсатын айқындап дұрыс бағыт-бағдар беру -ұстазға басты мақсат болып табылады.

Айналаға шуақ шашып,парасатты тірлік жасап, пайымды ой айтып, жағымды әсер ете білетін ұстаздар, бала дарыны дамытуға күш салатыны анық.

Ерінбей еңбек етіп,биік асуларды бағындыратын ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеймін.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.