АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы негізінде, «Ұстаздар күні» қарсаңында тарихи тұлға, Ертіс-Кереку өңірінің өнегелі ұстазы, діндар тұлға, шипагер, халфе, тірісінде «Ғазиз Атекем» (Қасиетті Ата) атанған Нұрғали хазірет Боташұлы бабамыздың өмірі мен оның жүріп өткен сара жолын зерттеу және көпшілікке таныстыру мақсатында Республикалық ғылыми-практикалық онлайн конференция өткізіледі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жаңа тарихи кезеңге қадам басып, қайта түлеудің тың бағыттарына бет алған еліміздің болашағы мен қазақстандықтардың келешегі үшін маңызы терең құжат.

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.

Қазіргі медиамәдениетті суырыла сөйлейтін «шешендер» емес, өмірдің өзінен алынған шынайы оқиғалар қалыптастырады. Мұндай оқиғаларды көрсету бұқаралық ақпарат құралдарының басты нысанасына айналуға тиіс.

Конференция тақырыбы: «Ғазиз Атекем» Нұрғали хазірет Боташұлы

Өткізілу мерзімі: 28.09.2018 жыл

Ұйымдастырушы: “Bilimnur” ақпараттық порталы

Ақпараттық қолдаушы: Matritca.kz қоғамдық ақпараттық порталы, Республикалық 45minut.kz басылымы

Жауапты маман: ХҚТҚ ҚБ-нің Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, тарих магистрі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Баужанов Хабзат Қасенұлы

Ақпарат таратылымы: Онлайн конференция материалдары Республикалық 45minut.kz басылымында және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Ұстаздардың пәндік Whatsapp және Google, Facebook топтарында таратылым жасалады.

  • Республикалық 45minut.kz басылымы2012 жылдан бері тұрақты шығып келе жатқан ұстаздарға арналған басылым. Басылым тиражы —3 000 дана. Интернет тиражы күнделікті 10 000 қолданушы.
  • Ұстаздардың пәндік Whatsapp топтары. Пән атаулары бойынша құрылған топтар республика бойынша пән ұстаздарының өзара іс-тәжірибе алмасуы үшін ашылған. Топтарда тек қана пән бойынша тақырыптық пікір алмасу қатаң қадағаланады. Whatsapp топтардың жалпы саны — 30. Әрбір топта 250-257 тұрақты топ мүшелері тіркелген. Тіркелген жалпы ұстаздар саны —7000-нан астам қолданушы.
  • Ұстаздардың Google, Facebook топтары. Топтар әлеуметтік желіге тіркелген ұстаздар арасында өзара пікірлесу және іс-тәжірибе алмасуы үшін құрылған. Жалпы қолданушылар саны – 50 000-нан астам оқырман.

Әрбір мекеменің өз дәрежесі мен қызмет саласына сай марапаттау жүргізуі өмірлік талап. Конференция жұмысының қорытындысында “Bilimnur” ақпараттық порталы атынан «Нұрғали хазірет Боташұлы» төсбелгісі әзірленді. Төсбелгімен марапаттау ұжым мен көпшіліктің ризашылығынан туындаған алғыс білдірудің нышаны және қызметкердің кәсіби шеберлігіне тәнті болудың белгісі. Әрине көпшілік марапатына ие болу мен сол марапатқа лайық деп танылудың өзі қызметкер үшін ерекше шабыт сыйлайды. Атқарылған қызметінің рухани бағасын сезініп, кәсіби деңгейін биіктетеді.

Рухани байлығымыз Асыл дініміз Ислам дінінің осы өңірге кеңге жайып, өз дәрежесінде қолдануына үлес қосқан Ертіс-Кереку өңірінің өнегелі дін қайраткері, діндар тұлға, шипагер, халфе болған тірісінде «Ғазиз Атекем» (Қасиетті Ата) атанған Нұрғали хазірет Боташұлы бабамыздың өмірі мен оның жүріп өткен сара жолын зерттеуде өзіндік үлес қосқан, қосып жүрген, шын жан-тәнімен осы жолда ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген жандардың еңбегін ескеріп, қалғандарына жұмыстарына жаңа серпін берсек деген ниеттен туындаған дүние.

«Нұрғали хазірет Боташұлы» төсбелгісімен төмендегі азаматтар наградталсын:

  1. Кәтен Құсайынқызының (марқұм) ұлы Мағаш Қасымжанұлы Жұматаев
  2. Тоқпай Жүнісұлы Искаковтың (марқұм) ұлы Нұрлан Тоқпайұлы Искаков
  3. Қақаша Базылбекұлының қызы Нәфия Какашақызы
  4. Сейтказин әулеті Серікбай Бұхарбайұлы
  5. Баткеев Бақытбек Тілеубайұлы
  6. Баужанов Хабзат Касенович
  7. Темірханов Ержан Уакбаевич
  8. Супеков Ермек Бекенович
  9. Сейтказина Бәтәй Шоқанқызы
  10. Дәндібаев Серікжан Қайроллаұлы
  11. Раскулова Бикен Тұрсынбекқызы
  12. Мұхамедкалиев Қабиболла қажы
  13. Ташмұхамбетов Шернияз Базылғазыұлы
  14. Тәңірбергенов Асылхан Тәңірбергенұлы
  15. Өзхан Данагүл Нұрболатқызы

Марапаттарды табыстау рәсімін салтанатты түрде өткізілсін.

Төсбелгілерді салтанатты табыстау рәсімі жауапты маман: ХҚТҚ ҚБ-нің Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, тарих магистрі, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Баужанов Хабзат Қасенұлына тапсырылады.

Ақпараттық портал Bilimnur.kz

Редактор: І. Б. Нагиев

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.