konkurs052018

Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы тәрбиешісі

Әуелбаева Жанар Жаңабайқызы – Orley.kz

«Step by Step» инновациялық технологиясы бойынша өткізілген

ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «Жануарлар әлемі»

Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»,

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту, Шығармашылық.

Мақсаты:

Білімділік:Балаларды жергілікті жердіңқұстарымен таныстырып,оны күтіп-баптауға,аялауға,олар-ға мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.Құстар туралы білімдерін толықтыру,құстарға деген сүйіспеншілік сезімге,қамқорлық жасау-ға тәрбиелеу.Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту.Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білім-дерін толықұғымға жетілдіру.

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

Билингвальды-компонент: Күз-осень-autumn, үй жануарлары-домашные животние-domestik animals, жабайы жануарлар- дикие животние- wild animals, сүт-молоко- milk, сүт өнімдері-молочные продукций- milk foods, қой-баран- sheep,

Көрнекіліктер: құстар бейнеленген атрибуттар,құстар жайлы

диафильм,үнтаспа,ойындар,үш қорапша,тапсырмалар,қаз бен тауықтыңқауырсындары,аққағаз,күнбағыс майы,су.Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап, ойын, жұмбақ шешу, әңгімелеу, мадақтау қорытындылау

Технология: «Тәй-тәй» бағдарламасы бойынша белсенділік орталықтарындағы жұмыстар.

Жұмыс жасайтын орталықтар: «Көркем әдебиет», «Есеп», «Өнер», «Аспаздық»

ОҚУ ҚЫЗМЕТ БАРЫСЫ:

Көңілді әуен ойнайды,сол кезде ортаға

« Көктем» мезгілі кіреді.

Көктем: Келді көктем қоңыр салқын желімен,

Келді көктем нұрын шашқан күнімен.

Келді көктем қызыл,жасыл гүлімен,

Келді көктем әдемі құс үнімен,-дей отырып,

әдемі құстарымызды қарсы алайық.

Үнтаспадан жәй әуенмен «Құстар әні» орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын

қағып залға кіреді да,әр ағаштың түбіне барып қонады.

Шаттық шеңбер

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын кең ашқан.

Тілегіміз тыныштық.

Ашық болсын кең аспан!

Мықты болсын іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Күннің көзі ашылып,

Көктен шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой.

Ал,қанекей бәріміз,

Сәлем дейік үлкенге!

-Сәлеметсіздерме! Здраствуйте! Good morning!

Малика: Достар казір қай мезгіл?

Балалар: Көктем-весна

Тәрбиеші: Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?

Балалар:

Тәрбиеші: Өте,жақсы.Жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Балалар, бізде бүгін «Көркем әдебиет», «Өнер», «Аспаздық», «Өнер» орталықтары жұмыс жасайды, қалаған орталықтарға текшелерді таңдау арқылы бара қойыңыздар.

Көктем: Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске тү-

сірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме,үйін салады. (Қарлығаш)

Су бетін сүзіп,

Аққұман жүр жүзіп. (Аққу)

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады. (Жарқанат)

Тақылдатып,мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарды емдейді,зиянкесті тазалар. (Тоқылдақ)

( теледидардан құстар жайлы диафильм көрсетіледі)

Көктем: Балалар,сендер теледидардан не көрдіңдер? Құстардың

атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тыр-

на,қараторғай,аққу).

Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардыңұшып келгенін көрдік.

Көктем: -Көктем құстарын кім атайды?

Балалар: -Қараторғай, қарлығаш,тырна.

Көктем: — Осы құстар нені қорғайды?

Балалар: — Ағаштарды.

Көктем: — Ағаштар не үшін керек?

Балалар: — таза ауа шығарады.

Көктем: — Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар

тыныс алу жаттығуын жасайды)

Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер

кім айтады.

1-бала: Қарға,қарға,қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.

2-бала: Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

3-бала: Үйге кірші торғайым

Мен аяздан қорғайын.

Жем шашамын,жегейсін

Үйшік жасап берейін.

4-бала: Келіп көктем құстары,

Бау-бақшада ән салды.

Оларды жас достары

Ұя жасап қарсы алды.

Көктем: Құстар туралы мақал-мәтелдер кім айтады.

5-бала: Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылы болады.

6-бала: Сауысқан шиқылдаса,жақсы хабар естиміз.

7-бала: -Құстар-достар.Қыста құсқа жақсылық жасасаң,жазда

жақсылығыңды өтеп береді.

Көктем: Құстар туралы тыйым сөздер кім айтады.

8-бала: Құсқа тас лақтырма.

9-бала: Құстардың жұмыртқасын жарма.

10-бала: Аққуды атуға болмайды,

Досыңды сатуға болмайды.

11-бала: Құстыңұясын бұзба,

Қарғысқа қаларсың.

Ғажайып сәт: «Ақ көгершін» әні орындалып тұрады.Сол сәтте аузында тістеген себеті бар көгершін ұшып келеді.

Көгершін: -Сәлеметсіңдер ме,балалар.Мен аспанда ұшып жүріп,

сендерді көріп,қонаққа келдім.Мен сендерге босқа келген жоқпын сендердің білімдеріңді тексерейін деп келдім.

Мына менің аузыма тістеген себеттің ішінде жұмыртқалар бар,сол

жұмыртқаны жарып ашсаңдар ішінде сендерге арналған тапсырма- лар бар.

1-тапсырма: Балалар сендер құстар туралы қандай ойын білесің-

дер ? Кәне,атаңдаршы.

Балалар: «Етек-етек», «Ұшты-ұшты», «Жүргізуші мен торғай»,

«Мысық пен торғай», «Аққу-қаздар», «Үкі мен құстар».

2-тапсырма: Мен сендерге жаңадан бір ойын алып келдім.

Д/О: «Құстар-балықтар-аңдар»

Көгершін: — Ой-бу, балалар мен жарақаттанып қалдым,енді мен

жалғыз қалай ұшып кетемін. Сендер маған көмектесіңдерші.

Маған достар керек.

Көктем: Көгершін сен ренжіме, біздің балалар саған достар тауып береді.

(балалар бірнеше қиынды бөліктерден құстарды құрастырады).

Көгершін: -Балалар сендерге көп рахмет! Өздерің ақылды бала

екенсіңдер,әкелген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар.

Өзіме достар тауып алдым. Ал,енді осы достарыммен ұшып қайтам.

Сау болыңдар!

Балалар: Сау бол!

Көктем: — Балалар,сендер тағы құстар жайлы не білесіңдер?

Шолпан: Көктем мезгілінде құстар жылы жақтан ұшып келеді,біз құстарды күтіп-баптап,аялауымыз керек. Құстар біздің досымыз.

Досжан: Құстар ағаш түбіндегі құрт-құмырсқалармен қоректенеді.

Ағаштың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына

көмектеседі.

Ядгар: Құстарға сол себепті қамқорлық көрсетіп, ұя жасап,жем

беруіміз керек.

(Тәжірбие – зерттеу жүмыстарын жасау)

Көктем: Балалар,мен сендерге осы құстардыңқауырсынынан

тәжірбие жасап көрсетемін.Балалар мынау қаздың және тауықтыңқауырсыны,яғни қанаттары,оларды көріп,тексереді,сулайды,нелік- тен қаздыңқауырсынында су тоқтамайды.Аққағазға күнбағыс майын жағып,сулайды,не болғанын тексереді.

(су қағаздан сырғанап,қағаз құрғақ болып қалады)

Ол неліктен деп ойлайсыңдар? Суда жүзетін құстардың арнайы

ішкі майлы бездері болады,олар сол майды тұмсықтарымен жүн-

деріне майлайды.

Көктем: Көктем мезгілінде айналаның бәрі әсем гүлге толы,ағаш-

тардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,дала жайнай

түседі.Олай болса,сабағымызды «Көктем» әнімен аяқтаймыз.

І-шумақ: Көктем келді,құс келді,

Ойнаймыз біз саз илеп.

Біздің көлге түстенді,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

Ля-ля-ля,ля-ля-ля,

Былтыр кеткен қаз-үйрек.

ІІ-шумақ: Алақай-ау,балақай,

Қандай жақсы көктемгі-ай!

Гүлге оранды далалар,

Келді ауылға көп торғай.

Ля-ля-ля,ля-ля-ля,

Келді ауылға көп торғай.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.