Хамзина Рысканым Максутовна
Батыс Қазақстан облысы. Орал қаласы, А.Байтұрсынов атындағы №10
ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мақсаты сынауға емес, шыңдалған ойлауға үйрету.
Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы — бастауыш саты.Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландырып, дүниетанымын кеңейтетін – ұстаз шеберлігі.
Оқушыларды сауаттылыққа үйрету әр мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты. Сондықтан оқушының сауатты,таза жазуына әрбір сабақ сайын көңіл бөліп ,олардың тіл байлығын арттыруға назар аударған жөн.Сауатты жазуға үйрету жұмысы оқумен қатар жүргізіледі.Кітап оқи алмаған баланың сауатты жаза алмайтыны белгілі.Оқушыларды сауаттылыққа үйретудегі нәтижелі әдістің бірі –сабақ үстінде сыни тұрғыдан ойлау әдістерін тиімді пайдалану.Сабақта әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып ,оқушылардың пікірлерін еркін айтқызып,ойларын ұштауға ,өзіне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызу.Әдіс-тәсілдер арқылы өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделгені жөн.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын ұтымды пайдалану оқушылардың шығармашылық қасиетін анықтауда, күшейтуде, оқытудың тиімділігін, сапасын арттыруда ерекше маңызды.
Бұл бағдарламаның мақсаты- барлық жастағы,соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез- келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір,ұйғарым таңдауға шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге,шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға ,тез арада шешім табуға атсалысатын бірден- бір тиімді бағдарлама.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды» дамыту бағдарламасы ұстаз бен оқушыны ізденуге жетелейтін, шығармашылық шабыт беретін, болашаққа деген үмітті арттыратын бағыт.
Бастауыш сынып оқушысы жаңалыққа жаны құмар,білмегенін білгісі келіп тұрады.Өз тәжірибемде қолданып жүрген СТО технологиясы арқылы оқушының өзіне деген сенімін нығайтып,дүниетанымын қалыптастырамын,ынтасын арттырамын.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
Оқушыларға ойланып, толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
Кейбір оқушылардан жауабының, сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру;
Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Мен өзім ана тілі,қазақ тілі ,дүниетану сабақтарында оқушылардың сауаттылығын арттыру бағытында аталмыш технологияны қолданамын.Топтастыру,Венн диограммасы,Кубизм,сематикалық карта,т.б сабақ мақсатына қызмет ететін элементтерді оқушы деңгейіне қарай сабақ жоспарына енгізіп,қолданамын.Бұл әдіс-тәсілдер арқылы оқушының сөйлеу тіліндегі кемшіліктері жазба тілін дамыту арқылы түзеліп, нәтиже береді.Бұдан ұтатынымыз оқушының сауаттылығы арта түседі.
Сөзім дәлелді болу үшін осы әдістерді қолдана отырып өткізілген сабақтарыма тоқтала кетейін.
Сабақ тақырыбы: «Ғылым таппай мақтанба»Абай Құнанбаев
Сабақ мақсаты:
1 А.Құнанбаевтың өмірі туралы мағлұматтарын кеңейту. Өлең мазмұнына талдау жасай отырып, жазушы идеясын ұғынуға жағдай туғызу.
- оқушылардың жеке тұлға ретінде өзіндік пікірлерін айта алу қабілеттерін, тілін, ой өрістерін дамытуға ықпал ету.
-
халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, баланы біліммен үндестікке тәрбиелеу.
Қызығушылығын ояту кезеңі.Бұл кезең бұрын білетінін жаңа біліммен ұштастырукезеңі.Сондықтан мен бұл кезеңде Топтастыру,Жұпта талқылау,Болжау әдістерін қолданамын .
Зере
Шыңғыс тауы
Ұлжан
аудармашы
ақын
Мағынаны тану кезеңінің басты мақсаты жаңа тақырыптың мағынасын толықтай аша білу,жаңа ақпарат алу.
Кубизм әдісі бойынша топтарға өлең шумақтарын бөліп беру. 1топ-мазмұнды бейнелеу
2-топ венн диограммасын құру
3-топ Эссе жазу
Ойтолғау кезеңінде алған ақпаратты саралап ой елегінен өткізеді.Бұл кезеңде Бес жолды өлең,Венн диограммасы,Эссе жазу ұтымды болмақ.
«Менің Абай атам»атты эссе жазылып,оқушылардың жұмыстары «Автор орындығында» тыңдалады.
Ой толғау. «5 жолды өлең» стратегиясы.
Зат есім (1 сөз)
Сын есім (2 сөз)
Етістік (3 сөз)
Қорытынды ой (4 сөз)
Зат есімге жуық мәндес сөз (1 сөз)
«Ой толғаныс»
RAFT әдісі бойынша Абай кейпіне еніп, сөйлеу арқылы үлгі өнеге айту.
РАФТ стратегиясы бойынша
Р – рол –Абай
А –аудитория- халық
Ф- формасы-хат
Т- тақырып-Білім
Қазақ тілі пәні бойынша да осы әдістерді тиімді пайдалануға болады.
Мыс:
Зат есім Етістік
Бұл әдісті қолданған кезде оқушы сөз таптарынан алған білімдерін салыстыруды үйренеді.Өз ойларын жазбаша береді.
Дүниетану пәнінде көбінесе «ББҮ»әдісін қолданамын.
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
Сонымен қатар Түртіп алу әдісі мен «Джигсо»ұжымдық оқыту әдісін пайдаланамын.
Мыс : 2-сынып «Жануарлар қалай қоректенеді?»
Әр топ өзіне берілген мәтін бөлігін оқып,оны ұжымда талдайды.
Оқу үрдісіне енген көптеген жаңа технологиялар арасынан СТО ең негізгі ойды бүкіл ақпарат ішінен саралап ,жинақтап меңгертуде көп көмегін тигізеді.Бұдан шыққан қорытынды:
-Оқушылардың үлгерімі жоғарлады.
-ойларын ашық айтуға үйренді.
-Шығарма,мазмұндама жазуда сауаттылықтары артты.
-Өз бетінше жұмыстануға дағдыланды.