Бисембаева Кулайм Зинешовна

БҚО, Теректі ауданы, Подстепный № 1 ЖОББМ-нің

бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Бисембаева Кулайм Зинешовна — Orley.KZ

САБАҚ:Зат есім Мектеп: Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Күні: 14.02.18 Мұғалімнің есімі: Бисембаева Кулайм Зинешовна
СЫНЫП: 2 «ә» Қатысқандар саны: 15 Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.4.1 – тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

2.2.3.1 – мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

2.4.2.3* – сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп,оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.,рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі,әдебиеттік оқу.
Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы

5 минут

Топқа бөлу 2 минут

. Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

Бүгінгі сабағымызда сиқырлы таяқшалар арқылы топқа бөлінетін боламыз.(Топ аттарын таяқшада көрсетілген түстерге байланысты жариялау)

І- топ: қызылдар

ІІ- топ: жасылдар

ІІІ-топ: сарылар

1-топ «қызылдар»

2-топ «жасылдар»

3-топ «сарылар»

Ортасы

20 минут

Өткенге ой жүгірту

Қосымша нешеге бөлінеді?

Жұрнақ дегеніміз не?

Жалғау дегеніміз не?

Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Білу және түсіну 10 минут

Оқулықтағы мәтінді аудиожазбадан тыңдату.Мәтін туралы «Болжау» әдісіарқылысұрақтар қою.

Ат қою жөнінде бейнежазба көрсету.

(Оқушылар өз есімдерінің қойылу себебін түсіндіреді)Сөздерді кестеге орналастыр. Топтық жұмыс

Кім? Не? Не істеді? Қанша?

Шілдехана,бесік,тоғыз,барады,қырық,жауды,шақырды,қонақ,дәрігер,жүз,жасайды,мың,бес,әже,жиырма,бақша,елу,үйренді,немере,торсық,салды,күледі

Зат есім дегеніміз – заттың атын білдіретін сөздерді зат есім дейміз. Зат есімдерге кім? не? нелер? кімдер? деген сұрақтар қойылады.

Мысалы: бұлбұл, орындық, Асқар, мұғалім.

Зат есімдердің мағыналары кең, өте бай болып келетін аңғарту үшін мынандай тапсырмалар беремін. Тақтаға әртүрлі ұғымды білдіретін зат есімдер жазылады. Мысалы: Құрылысшы, сәби, кітап, үй, жаңбыр, найзағай, қой, парта, торғай, қияр, жолжелкен т. б. Зат есім бас әріппен басталып жазылады. Оған адам аттары, жер – су аттары, таудың аттары, жануарлардың ерекшелеп қойылған аттары жатады.

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Дәптермен жұмыс.

7 – жаттығу. Өлеңді көшіріп жазыңдар.

*Өлеңнен зат есімдерді табыңдар.

*Өлеңде бала неге күлді деп ойлайсыңдар?

*Қалай ойлайсыңдар, ата-аналарың сендерді еркелеткенде неліктен ботам, құлыным, құлыншағым деп айтады? Өз ойларыңмен бөлісіңдер.

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

«Болжау» әдісі

Оқушылар өз ойларын еркін айтады.

Сергіту сәті
Топтық жұмыс

І топ Оңнан солға қарай оқыса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін сөздерді жазу

ІІ топ Тестпен жұмыстану

1. Зат есімді тап:

а) күн ә) ойна б) ыстық
2. Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзді көрсет.
а) өлең ә) күй б) әнші
3. Не? Сұрағына жауап беретін сөзді көрсет.
а) ақын ә) жер б) адам
4. Жан – жануарға қойылатын сұрақты көрсет.
а) кім? ә) не? б) кімдер?
5. Адамға қойылатын сұрақты көрсет.
а) не? ә) кім? б) нелер?

ІІІ топ Сызбамен жұмыс

Аяқталуы

8 минут

«Ыстық орындық» ойыны.

Кім?

Не?

Кімдер?

Нелер?

Үйге тапсырма: 9-жаттығу.Ереже
Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқушылар бүгінгі сабаққа деген екі жұлдыз және бір тілек айту арқылы қорытындылайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше