Алибекова Сапура Низанқызы
Қызылорда облысы Жаңақорған кенті
№169 Н.Илялетдинов атындағы орта мектептің
педагог-психологы Алибекова Сапура Низанқызы — Orley.KZ
Мүмкіндігі шектеулі үйден оқытылатын оқушылармен жүргізілетін тіл дамыту сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Түс және пішін
Білім, икемділіктер, дағдылар: түс және пішін туралы білімді, оларды ажырата білуді,оларды іс-әрекетте қолдану дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі:
Тыныштық минуты.
Тапсырма: өзінің көңіл-күйінің суретін салу.
Дидактикалық ойындар: «Тамаша дорба», «Тауып көр», «Пішінін таны».
Шапшаң қимылды ойындар: «Маған қарай жүгіріңдер», «Көңілді старттар» және т.б.
Көрнекілігі:компьютер,түрлі-түсті қағаздар,желім,қайшы.
Ұйымдастыру
1.Амандасу
2.Оқыту бөлімі
«Миға шабуыл»
-Балаға өзінің сүйікті түсін таңдатамын.
-Таңдаған түсінің неліктен ұнайтынын білу.
-Табиғатта қандай негізгі түстер болатын еді?(көк,қызыл,сары)
-Мультимедиядан кемпірқосақтың суретін көрсету.
Түстердің адамға әсері жөнінде түсінік беру.
-Түстердің сырын түсіне білейік.
Түстер психологиясы. Киім түсі адамға қалай әсер етеді?
Түрлі-түсті киімдердің адамның өзіне, басқа адамдарға қандай әсері бар? Кез келген психолог, адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы көптеген мәліметтер айта алады. Ал өзіміз қандай да бір түсті киім таңдап, көңіл-күйімізге, шешім шығару мен келіссөздің сәтті қабылдануына әсер ете аламыз ба?
1. Күлгін түс
Егер сіз біреумен келісім шарт жасаспақ оймен кездесуге бармақ болсаңыз, күлгін түсті таңдаңыз. Психологтардың айтуынша, бұл түс адамға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, өміріңіздегі қиын-қыстау кезеңдерде, басыңыз жиі ауырғанда, ұйқысыздық орын алғанда сабырлы болуға көмектеседі. Ал шығармашылық адамдарға қиял әлеміне шомып, фантазиялар мен бейнелердің дүниеге келуіне ықпал етеді. Бірақ әр нәрсенің жақсы мен жаманы бар сияқты, күлгін қара түсті шамадан тыс көп пайдалану күйзеліске ұшыратып, жалғыздық сезімін еселендіре түспек. Әсіресе, интерьерде күлгін түсті көп пайдаланудың қажеті жоқ. Оның орнына сарғыш күлгінге таңдау жасаңыз.
2. Алқызыл түс
Биязылық пен жылылық түсі. Бұл түс позитивті ойлау мен жақсылыққа ұмтылуға шақырады. Әңгімелесушілер арасындағы ұяңдықты жояды. Кейбір кезде тіпті шаттық сезімге бөлейді. Өмірді позитивті қабылдау негізі балалық шақпен байланыста жатыр. Интерьерде қолданылған алқызыл түс тыныштандыратын қасиетке ие.
Кері әсері: бұл түс біздің назарымызды босаңсытып, өмірге шынайы көзқараспен қарауға кедергі келтіреді. Шешім қабылдаудан қашуға итермелейді. Алқызыл түстің көптігі физикалық әлсіздікке душар етеді және де алқызыл түсті тәттілер дәмдірек деген пікір қалыптастырады.
3. Қоңыр түс
Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды.
Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді.
4. Қызыл түс
Егер қоғамның назары сізде, ал пікір сіз жайлы болғанын іштей қаласаңыз, онда бейсаналы түре осы қызыл түсті таңдайсыз. Толыққанды сезімді қалайсыз. Белсенділік пен өмірге құштарлықты арттырады. Көшбасшылыққа ұмыталдырады. Өз құқығыңыздың тапталмауына барыңызды саласыз.
Кері әсері: Басқыншылық сезімі мен қозу, есеңгіреу мен ашушаңдыққа әкеп соғады. Тым көп қызыл түс адамды нәпсіқұмарлыққа итермелейді, жолына бөгет болғандарды қиратып, қатігездік пен қырсықтық сезімін өршітеді.
5. Жасыл түс
Өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық пен табиғилық түсі. Өз-өзімен шынайы адамның, тектіліктің белгісі. Жасыл түсті киімдерге құмар адамдар: әділетті, өзін өзі басқара алатын адамдар.
Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.
6. Көк түс
Егер сіз өзіңіздің эстетикалық тәрбиеңізді көрсеткіңіз келсе, көк түсті таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді.
Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.
7. Ашық көк
Физикалық және ділдік тұрғыда босаңсуға әсер етеді. Қауіпсіздік әсерін арттырады. Жаңашылдық түсі болып табылады. Балғындық түс болғандықтан ашық көк түсті киім киген ару өз жасынан жас көрінеді.
Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады.
8. Қызғылт сары
Күйзеліске төтеп берер бірден бір түс. Көңіл-күйді көтеріп, зейін қоюды арттырады. Бұл маңызды бас қосулар мен әңгімелесу кезінде пайдалы. Тез шешім қабылдауға септігін тигізеді.
Кері әсері: Тез шешім қабылдаймын деп, қате шешім қабылдап қою ықтималдылығы жоғарылайды. Тым көп эмоциядан адамды шаршатуы мүмкін.
9. Сары түс
Ой әрекетіне жақсы әсер етеді. Шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі. Жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі. Оптимизм түсі. Шабыт пен рақымшылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Әлсіздік пайда болуы мүмкін. Сары түс мол кеңседе ұзақ отыру бас ауруын туғызуы мүмкін. Аса қанығу жүйке жүйесін жұқартып, агрессия мен мазасыздық тудырады.
10. Сұр түс
Іскерлік пен бейтараптылық түсі. Ресми кездесулерде өте орынды. Адамның психологиялық болмысын тұрақтандырады. Іскерлік үйлесімге шақырады.
Кері әсері: Сүреңсіздік пен белгісіздік сезімін тудырады.
11. Қара түс
Бұл түс бәрін өзінде жасыратын түс. Қызығушылықты арттырады. Өзіне баурап, көзді демалдырады. Элеганттылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін.
12. Ақ түс
Шешім қабылданғанын, аяқталғанын, біткенін білдіретін түс. Еркіндікті сезінуге ықпал етеді. Кедергісіз өмірді сезіну, теңдік орнағандай сезім береді. Бұл түс барлық түстердегі игі қасиеттерді теңдей дәрежеде сезінуге көмектеседі. Егер сіз ақ түске құмар болсаңыз, сіз мейірімді, жағымды, жаңалыққа құмар білімпаз адамсыз.
Кері әсері: Ақ түс адамда шарасыздық сезімін тудыруы мүмкін, қажетсіздік пен тығырыққа тірелу де бар.
Талғам сыры.
Балаға өзінің туған күніне байланысты жұлдыздарына қатысты түстермен таныстырамын.
Баланың туған күні 9 қазан.Жұлдызнамасы Таразы (23 қыркүйек-22қазан)Түстері:шымқай көк,жасыл,толқынды жеңіл түстер
Білгенге маржан.Сергіту сәті.
Ғалым –натуралист-валеолог Д.Адамоның адамдардың қан тобына байланысты түстерді қолдану жүйесі
Сарғыш,қызыл,қарақошқыл О(І) топ
көгілдір,жасыл.А (ІІ) топ
Қызыл,сарғыш,көгілдір жасыл,күлгін В(ІІІ) топ
Көгілдір,жасыл АВ(ІV) топ
Қазақы түс жору.Түс жору өмір қажеттілігінен туған халық даналығының бір нышаны.Әрбір адам жүрегінде,санасында сенім-иланым ұялаған.
-Қызыл түс-сыйлық;
-Қара түс-жолға,сапарға шығасың;
-Көк түс-үлкен әңгіме,салмақтық;
-Ақ көйлек кисең,қуанасың;
-Түсіңде ақ тіс көрсең,пайдаға батасың;
-Ақ қағаз көрсең,достық белгісі;
Ақ боз ат көрсең,ісің оңалады.
-Көгілдір ашық аспан көрсең,жақсылыққа жолығасың;
-Сары түс көрсең мұңаю,сағыну.
-Түрлі-түсті қағаз көрсең,ұяласың,ренжисің.
Халқымыздың ұғымында әр түстің өзіндік мән-мағынасы бар.Көк түс-көгеру,өсіп өркендеудің белгісі.Мемлекетіміздің туы көк түсті болуы бекерден-бекер еместігін осыдан аңғаруға болады.Ұлтымыздың ұғымымен астарлас.Жасыл-жаңарудың,гүлдеудің,жақсылықтың нышаны.Сары-уайым,сағыныштың,сарғаюдың белгісі.Қызыл-жастықтың,сұлулықтың, әдеміліктің,нәзіктің,сыпайылықтың белгісі.Қара-жағымсыз бейне көрінісі. Ақжүрек, ақжол, ақниет-жағымды бейнеде, аққұс, ақсайтан-жеңілтек, ұшқалақ деген сөз.Ақсаусақ еңбек етпейтін адам.
Қара жүрек,қара ниет т.б.өте жағымсыз бейнеде көп қолданылады.Дегенмен қара сөзі қасиетті,киелі ұғым.Қара жер,қара шаңырақ,қара қазан,қара орман ұғымы ең қасиетті,ең қымбат,ең асыл ұғымдар.
Көк ұнамды түс бола бермейді.Көк айыл-ашулы адам бейнесін көрсетсе,көк-шөп,өсімдік мағынасын білдіреді.Көк етікті-ауқатты,бай адам.
Түстердің адамға әсері
Әрбір түс өз-өзімен көп мәнділік.Ол адам ойына, тәртібіне, денсаулығына және де адамдар қарым-қатынасына әсеретеді. Егер түс тілін түсіне білсең,онда ақыл-ойың толығады,денсаулығың жақсарады, сырқатты халың жойылады және шешілмеген жұмыстарың орындалады.Әрбір түстің физикалық сипаттамасы бар, энергияның бағытталған тасқыны.
Соңғы тыныштық сәті
Баяу әуен қосылады. Балақай денемізді тік ұстап, еркін отырамыз. Қолымызды тіземіздің үстіне қоямыз. Көзімізді жұмамыз. Балалар бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Біз бүгін не білдік, не үйрендік сол туралы ойланайық. Жақсы ойларымызды жүрегімізде сақтайық. Әрқашан жақсылықта, амандықта болайық.
Қорытындылау.
