Өлшемдердің метрлік жүйесі

Сабақтың тақырыбы: Өлшемдердің метрлік жүйесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өлшемдердің метрлік жүйесін меңгерту.

Тәрбиелік: Оқушыны сабақ барысында ұйымшылдыққа, жеке жұмыс жасауға, бір-бірін тыңдай білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Баланың ойын дамыту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, сөздік қорын молайту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету.

Сабақ әдісі: ойын сабақ

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық

Пән аралық байланыс: математика, информатика, қазақ әдебиеті, тарих, сызу.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Кезекші мәліметі

Б) Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

 

ІІ. Оқушылар  білімін жан-жақты тексеру:

1. Аспаптардың көмегімен дұрыс орындалған өлшеулердің ең үлкен жаңылысы ……………………………………………………..  тең

2. Егер сызғыштың ұзындығы 4 см-ге тең болып және өлшеу дәлдігі 0,5 см болса, онда сызғыштың өлшеу қателігінің мәні:

А) 4 см

Ә) l =(4,00 ± 0,5) см

Б) l =(4,00 ± 0,1) см

В) l =(4,00 ± 0,25) см

 

4.

9 22 15 5 21 11 14 2 18 12 24 7 17
Д Ү Т М Ж Ң Е Л І Е Е Л
16 1 8 23 10 25 6 19 4 20 3 26 13
Р Ө Р Й І С Д К Е Ш І М

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту:

Өлшемдердің метрлік жүйесі

Физикалық шамалардың өлшем бірліктері бірден айқындалған жоқ. Бүгінгі колданылып жүрген бірліктер — тарихи дамудың жемісі.

Ертеде әр ел әр түрлі өлшемдер қолданып келді. Мысалы, казактар ұзындыкты өлшеу үшін: қарыселісуйемтабанқұлаш, шақырым сияқты бірліктерді пайдаланды. Сондай-ақ орыстың 1 верста аралығы 500 құлашқа (саженъ) тең. АҚШ пен Англияда осы уақытқа дейін ұзындықтың миляярдфутдюйм деген бірліктері қолданылады. Өлшем бірліктердің осындай алақұлалығы бір өлшемнен екінші өлшемдерге өтуді қиындатып, ұзақ есептеулерді талап етеді.

Өлшемдердің метрлік жүйесінің негізіне барлық халықтардың санау тәсілдеріне ортақ «ондық принциптің» алынуы — оның ең басты артықшылығы. Расында да, «ондық принцип» бойынша барлық еселенетін немесе бөлінетін бірліктер негізгі бірліктерді 10 санына көбейту немесе бөлу арқылы алынады.

Осыған байланысты тіркес сөздердің ондық жүйесі жасалған. Мысалы, кило тіркесі мыңды білдіретін болғандықтан:

  • 1 километр (км) = 1000 метр (м);
  • 1 килограмм (кг) = 1000 грамм (г);
  • 1 киловольт (кВ)=1000 вольт (В) деп жазамыз.

Сол сиякты милли тіркемесі мын бөліктің бір бөлігін білдіреді:

  • 1 миллиграмм — 1 грамның мыңнан бір бөлігі;
  • 1 миллиметр — 1 метрдің мыңнан бір бөлігі;
  • 1 миллилитр — литрдің мыңнан бір бөлігі, т.с.с.

Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,

1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,

1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ

1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0,1 см болғандықтан,

1 мм3 = (0,1 см)3=0,13 см3 = 0,001 см3.

Ұзындық өлшемдері:

1)елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);

2) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);

3) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);  4) сүйем ≈  17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);  5) қарыс ≈  20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);  6) кез ≈  70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);

7) 1 кез ≈  7-9 тұтам.

Биіктік өлшемдері:

1)оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;

2)найза бойы ≈ 3-5 м

3)арқан бойы ≈10-12 м т.б.

 

Адамның айқайлаған даусы естілсе,қашықты «шақырым» деп  белгілеген,1 шақырым ≈ 1 км.

Сұйыққа арналған өлшемдер:

1)қасық ≈ 50 г;

2) ожау ≈ 0,5 л;

3) тостаған ≈ 0,5 л;

4) аяқ ≈ 1 л;

5) шара ≈ 1,5-2 л;

6) тегене ≈ 8-10 л;

7) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)

8) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда

пайдаланылатын былғарыдан тігілген   ыдыс)

Салмақ өлшемдері:

1)  1 пұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;

2)  қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.

3) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;

4) 1 мысқал ≈ 4,46 г;

5)  1 жамбы күміс ≈ 6 кг;

6) 1 пітір. бидай ≈ 3 кг;

7)  1  ширек шай ≈ 250 г;

8) 1 шөмке шай ≈ 50 г;

9) 1 тай мөңке шай ≈ 25 г;

10) 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г;

 

ІҮ. Мұғалімнің ақпараттық сұрақтары:

1. Өлшемдердің метрлік жүйесіндегі бірліктерден басқа қандай бірліктерді білесіңдер? Олардың кемшілігі неде?

2. Өлшемдердің метрлік жүйесін енгізудің өркениет пен ғылым үшін мәні қандай болады?

3. Метрлік жүйенің ең басты артықшылығы қандай?

 

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

3 – жаттығу

1) Үстелдің ұзындығы 0,8 м. Оны дицеметр, сантиметр, миллиметр және километрге айналдырыңдар.

Енді ертедегі қазақтар қолданылған өлшем бірліктер жайлы есептерін қарастырайық.

Шөп.

 

Үйде 40 қой, екі құлынды бие, 4 бұзаулы сиыр бар болатын.  Бір күнде 10 қойға 1 тай шөп, 1 құлынды биеге 1 тай шөп, екі бұзаулы сиырға 3 тай шөп бкріледі. 9 күнде бір тай шөп рәсуа болып тапталып қалады.

Мал 108 күн қолға қарады, шөп таусылды. Қанша тай шөп бар еді?

Жылқыға  жем  беру

Біреу алты жылқысына күн сайын он қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді.   Мал иесі үйіне алыстан келіп, қонақ болып отырған жекжатына әңгіме арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.

«Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай нешеу болғаны?»

— деп, қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті.

 

 

ҮІ. Оқушы еңбегін бағалау:

 

ҮІІ. Үйге тапсырма:

1) §12. Өлшемдердің метрлік жүйесі

2) 3-жаттығу (2,3)

3) Ертеде қолданылған өлшемдер туралы жазып келу

4) Кітаптың соңындағы 1 – кестені дәптерге түсіріп келу.

 

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше