Кайрбеков Марат Кабденович

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Шақаман ауылы

«Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Өзін-өзі тану және тарих пәні мұғалімі

Кайрбеков Марат Кабденович — Orley.KZ

«Өзін –өзі тану» пәнімен интеграцияланған

физика пәнінің сабақ жоспары

Сынып: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Кинетикалық және потенциалдық энергия

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: адалдық, сенімділік, шынайлық

Сабақтың мақсаты:

Механикалық энергияның екі түрін ажырата білу

Міндеттері:

-Энергия түрлерімен және оның формулалары туралы түсінік беру;

-энергия ұгымының жұмыс және қуатпен байланысын анықтау арқылы сенімділік пен шынайылық қасиеттерін дамыту;

– өз өміріне сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу

Ресурстар: Мұғалімге арналған әдістемелік құрал Р.Ә. Мұқажанова, Г.А.Омарова т.б Алматы «Бөбек» ҰҒПББСО, 2017

Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы 2017 ж

Мультимедиялық тақта, оқулық, дәптер, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер,

аққағаз, гүл, жүрек, көбелек суреттері

Сыртқы интеграция

1 Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Сабақтың 5 «Т» ережесін еске түсіру.

2.Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:”Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде…Мен Нұрмын” Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Audiopoisk.ru

Дудук және кларнет мелодиясы

2. Үй тапсырмасын тексеру

  • -Жұмысты қандай формуламен есептейді?
  • -ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?
  • -Қуат дегеніміз не?
  • -ХБ жүйесінде қуаттың өлшем бірлігі қандай?
  • -Денеге күш әрекет етіп бірақ ол орынынан қозғалмаса онда механикалық жұмыс атқарылады ма?
Сұрақтар жазылған парақтар
Ішкі интеграциялау /жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ жоспарына интеграциялау/

Дәйексөз

«Барлық заттар үлкен бір ойды білдіреді.

Ал бұл қандай ой? Бұл ой – Сүйіспеншілік!»

А. Эйнштейн

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

•Сүйіспеншілік эмоция емес. Ол дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.

• Адам Сүйіспеншілік энергиясын өткізгіш.

Сұрақтар:

–Сүйіспеншілік энергиясы қалай беріледі?

-Сүйіспеншілік энергиясының көзі не болып табылады?

-Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі келтіреді?

Дәйексөзді бірінші кезекте ұл балалар қайталап оқиды. Содан соң қыз балалар қайталап айтады.
Жаң сабақ барысы

«Ой қозғау» әдісі. Энергия сөзін немесе терминін естіген кезде ойымызға не келеді?

1-тапсырма. «Түртіп алу» әдісі бойынша.

2-тапсырма Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тапсырмаларп беріледі:

1 топ Кинетикалық энергия

ІІ топ Потенциалдық энергия

ІІІ топ Деформацияланған серіппенің энергиясы

Топтар маңызды ұғымдар мен формулалар бойынша постер қорғайды.

/Қалыптастырушы бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек/

Мұғалім әрекеті. Электрондық оқулықты пайдалану арқылы тең күштің жұмысы мен ауырлық күшінің біртекті өрісіндегі потенциалдық энергиясын түсіндіру

«Сәйкестендіру әдісі» тапсырма: сәйкесін тап.

Ішкі интеграция

Оқиғаларды әңгiмелеу . «Мұғалім сыйы»

Бейнеролик «ЕХРО-2017» – Болашақ энергиясы

Сұрақтар:

– 2017 жылы Қазқстанда қандай үлкен

-«Болашақ энергиясы» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Энергия сөзіне синоним сөздерін табыңдаршы.

-Адам өмірінде энергия қандай орын алады деп ойлайсыңдар?

-Энергияны не арқылы алуға болады?

Осы энергияны қандай түрлерге бөлуге болады?

4. Топтық жұмыс.

«Ассоциация әдісі» тапсырма «Ойлан, тап!»

Есеп шығару

Бағалау критерийлері Дескрипторлар
Жұмыс пен энергияның байланысын есепте қолдана алады Формуласын біледі
Формула бойынша есептеулер жүргізеді
Өлшем бірлігін біледі

/Қалыптастырушы бағалау «Карусель әдісі»/

Сабаққа кері байланыс «Бағдаршам»

Оқушылар берілген тапсырмаларды орындай отырып, өздерінің сабақта түсінгендерін кеңейтеді, бекітеді.
Үйге тапсырма: тақырыпты оқу. Кинетикалық және потенциалдық энергияларға мысалдар келтіру.

Табиғи ресурстар арқылы қалай энергия алуға болады?

Күнделіктеріне жазады.
Сабақтың қорытынды сәтi.
Балалар денелеріңізді түзу ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар.
Көздеріңізді жұмуларыңызға да болады.
Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңыздар,
денелеріңізді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі сіздерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңіздер. Тұла бойларыңыз жақсылыққа, махаббат-қа толғанын сезінуге ұмтылыңыздар. Осылайша 1 минуттай отырады.
Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше