Аширова Молдир Асанкызы

Астана қаласы № 63 «Әсем-Ай» балабақшасының «Алпамыс»,
«Ақбұлақ» шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы – Bilimnur.KZ

  • Тақырыбы: «Менің анам»
  • Тақырыбы: «Ж» «Ш» дыбыстары. Су торғайы.
  • Тақырыбы: Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!
  • Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
  • Тақырыбы: «Күн мен анам»

Астана қаласы № 63 «Әсем-Ай»

балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ»

шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы

Күні_________________

Тобы:________________

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Ж», «Ш» дыбыстары. Су торғайы.

Мақсаты: әңгімені оқып сұраққа жауап беругеүйрету;құрастыру қабілеттерін,шығармашылығын,дыбыстарды дұрыс айта білуіндамыту;құстарға қамқорлық жасау мен қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: жұмыс дәптері,демонстрациялық құрал,санағыш,кір қыстырғыш,үнтаспа.

Сөздік жұмыс: шыбыш.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбері. «Торғайлар мен мысық» ойыны.Тәрбиеші-«мысысық»,ал қалғандары «торғайлар» болады. Бөлмеде жағымды баяу әуен ойналады.Ойын осылай жалғаса береді.

Балалардың мойнында торғайдың суреті бар. «Торғайлар» алаңқайда гүлден-гүлге секіріп,ұшып-қонып жүреді.

Мысықтың дауысын естісімен өз ұяларына ұша жөнеледі.

Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші балаларды шеңбер жасап отырғызады да,қандай ойын ойнағандарын сұрайды.

-Біз бүгін торғайлар туралы ойынды бекер ойнаған жоқпыз.Өйткені сендерге қазір жазушы М.Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін.Әңгімені мәнерлеп оқиды.

Қыстыгүні қатты аязды таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады.Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.Осындай кезде шыр-шыр етіп,мұз үстінде жорғалап торғай жүреді.Ол-қайқы құйрық,кішкентай қара торғай.Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді.Әне,ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты.Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған.Оны да елең қылмастан зыр-зыр жорғалап,баяғысынша әндетумен болады.Бұл құсты су торғайы дейді.Ол қысы-жазы бірдей жемін су түбінен табады

Тәрбиеші балаларға әңгіме мазмұны бойынша сұрақтар қояды.

1.Әңгімеде жылдың қай мезгілі айтылған?

2.Әңгімеде не туралы айтылған?

3.Су торғайын кім сипаттап береді?

4.Су торғайы жемін қайдан табады?

Тәрбиеші әңгіме мазмұнын 5-6 балаға қайталатып айтқызады.

-Балалар,құстар үй құстары және жабайы құстар болып екіге бөлінеді.

-Әңгімеде су торғайы қандай құсқа жатады деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті:

Торғай,торғай,торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жем шашайын,тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың.

«Ж»-«ш» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы:

«Ж»-«ш» дыбыстарын айтқанда ерін дөңгеленеді де алға қарай жиырылады.Тіл ұшы жалпақтанып,тістердің түбіне жуықтайды,бірақ тимейді.Жаттығулар:

Ша-ша-ша-шана.

Шу-шу-шу-шуда.

Шы-шы-шы-шыны.

«Ж» дыбысын буын ішінде келтіру:

Жа-жа-жа-жалау

Жо-жо-жо-жол

Жы-жы-жы-жылан

Дидактикалық ойын: «Не» жақсы,не жаман?

Ойын шарты: берілген суреттерден жақсы жаман істерді тауып көрсету керек.

Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №9 тапсырманы орындайды.

Балалар «Торғайлар мен мысық» ойынын ойнағандарын айтады.

Балалар әңгіме барысындағы су торғайының іс-әрекетіне таңдана,қызығушылықпен қарап,әңгіме мазмұнын тыңдайды.

Қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

1.Әңгімеде жылдың қыс мезгілі туралы айтылған.

2.Әңгімеде су торрғайы,оның істеген іс-әрекеті туралы.

3.Су торғайы-қайқы құйрық,кішкентай,қара торғай.

4.Өзен суына түсіп,өзен түбіндегі тастардың арасынан жем тауып жеп,қайтадан шығады.

Балалар өлең мазмұнына байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.

-«Ж» және «ш» дыбыстарын дұрыс айтуды пысықтайды.

Тыңдайды,қайталайды.

Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Рефлексивті-

түзетушілік

Балаларды екі топқа бөліп,бірінші топқа санағыш қараторғай-ға ұя құрастыру тапсырылады.Екінші топқа кір қыстырғыш-тар таратылып,нәтижесін бағалау арқылы қорытындылау.

Балалар тапсырмаларды жарыса әрі қызыға орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: әңгіменің тақырыбын және авторын біледі; сұрақтарға жауап беруді.

Түсінеді: құстардың үй құстары мен жабайы құстар,жабайы құстардың жыл құстары,отырықшы құстар және жыртқыш құстар болып бөлінетінін.

Қолданады: «ж», «ш» дыбыстары кездесетін сөздерге мысалдар келтіруді.

№63 «Әсем-Ай»

балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ»

шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы

Күні:__________________ Тобы:_________________

Тақырыбы: « Менің анам»

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Мақсаты: көктем мезгілінде болатын алғашқы мереке аналар мерекесі туралы түсінік беру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: аналар мерекесі туралы суреттер.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың

әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық

Балалар шеңбер болып тұрып, қол ұстасып: «Қайырлы күн, бүгінгі күн шуақты да, нұрлы болсын», деп, бір-біріне тілектер тілейді. Балалар тәрбиешімен бірге қосылып, би қимылдарын қайталайды.

Ұйымдастыру – іздестіру

Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.

Сурет бойынша жұмыс. Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі-халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру.

Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдырту.

Ғ.Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттау.

Ойын: «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны.

Шарты: балалар диктофон немесе таспаға алдын ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.

Сергіту сәті:

Гүл өсірсең терлеп

Мұның аты еңбек.

Кесте тіксең зерлеп

Мұның аты еңбек

Қырға шықсаң өрлеп,

Оның аты еңбек

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек.

Балалар сұрақтарға жауап береді.

Өлеңнің мағынасын түсіндіреді.

Ойынға белсене қатысады.

Балалар қимыл – қозғалыспен қайталайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Оқу іс-әрекетінінің барысында ана туралы жаттаған өлең тақпақтарын қайталау.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: көктем мезгіліндегі мерекені біледі.

Қандай түсініктерді игерді: көктем мезгілінің ерекшеліктерін игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аналарды құрметтеуді біледі.

Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: көктем мезгіліндегі мерекені біледі.

Қандай түсініктерді игерді: көктем мезгілінің ерекшеліктерін игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: аналарды құрметтеуді біледі

№63 «Әсем-Ай»

балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ»

шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы

Тақырыбы: Еңсесі биік-ұлы Жеңіс!

Көрініс: Ортаға киіз басуға жиналған аналар шығады. Бір-біріне Салимаштың үйіне киіз басуға баратындарын айтып, Салимаштың үйіне келеді. Аналар ән айтып, әңгімелесіп отырып киіз басады. Осы кезде соғыстың басталғаны туралырадиодан дауыс естіледі.

Радиодағы дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс,соғыс басталды, Неміс басқыншылары тұтқиылдан шабуыл жасады.» Аналар жаман хабарды естіп, залдан шуласып шығып кетеді. (таспадан шулаға, жылаған әйелдер мен балалардың дыбыстары естіліп тұрады)

Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар (бүлдіршіндер) музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді: Командирі (тәрбиеші) солдаттарды дайындық жаттығулар жасауға тұрғызады.

Саппен жүру.

Бірінші әскери топ алға шығып еңбектеу.

Екіші әскери топ жүрелеп жүру.

Қаруларын ұстау тәсілдерін үйрену.

Ұранмен соғысқа аттану.

Ұран: Отанды біз қорғаймыз

Жаудың алдын ораймыз.

Командир: Отан үшін алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар залдан саппен жүріп шығып кетеді.

Ортада тылдағы әйелдер диірмен тартқан, келі түйген, тоқыма тоқып отырған аналар көрінісі көрсетіледі.

Ана сөзі: Е, бұл соғыс бірімізді де есеңгіретіп жіберді-ау. Осы кезде таспадан почташы қыздың келе жатқаны хабарланады. Почташы қыз жүгіріп келеді. Почташы қыз: Сүйіші, сүйінші хат келді. Аналар дабырласып хаттың кімге келгенін білуге асығады. Почташы қызКүләйша апаның баласына келген хатты беріп,басқада ауылға хат апарып беретінін айтып қоштасып кетеді.Ана баласынан келген хатты ашып оқиды. Майданнан келген хат таспадан тыңдалып,аналар қуанып, қауқылдасып тұрады. Сол қуаныш артынан радиодан соғыстың біткені хабарланады. Радиодағы дыбыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!1945 жыл 8 май Совет армиясы неміс басқыншыларын кері шегіндірді. Жауынгерлеріміз елге оралады, залға соғыстан келген солдаттар кіреді. Алдарынан гүл шоқтарын ұстаған қыздар шығады. Аналар өз балаларын құшақтап, музыка әунімен барлығы билеп залдан шығып кетеді.

Жүргізуші: Жеңіс, жеңіс-желісі дастанымның.

Жырым бөлек сырым да басқа бүгін.

Туғандар 45-тің көктемінде.

Немере көріп сүйер жаста бүгін.

Тұрғандай болғанда өмір сең үстінде.

Хабары жеткен жұртқа «Жеңіс» деген.

Шаттық үні шарықтаған ел үстіне.

Сіздерді өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың халқымыздың шексіз қаһармандығымен мұқалмас қажыр-қайратының мерекесі Ұлы Жеңісімізбен құттықтаймын. Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Жауынгер майдангерлер өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске деген мұқалмас ерлік-жігер таныта білді.

Жүргізуші: Талай жанды қиды ажал балтасы.

Жауды жеңіп қайтты ауылға қаншасы.

Біздің мына бейбіт өмір алаңсыз.

Ел қорғаған батырлардың арқасы.

Жүргізуші: Жігіт жастан қан майданға кеттің бе?

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде.

Зарықтырған Жеңіс туым-Жауынгер.

Байтақ елге аман-есен жеттің бе?

Қан майданда қаза тапқан боздақтар қаһармандығын мәңгі есте сақтап, ерлігіне бас иіп, батырлар суреттерінің жанына гүл шоқтарын қояды.

Тақпақ:

Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып.

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрдік.

Тақпақ:Ерлігі естен кетпес ел есінде

Теңің жоқ тектілікке теңдесуге,

Өлшеулі ар-намыс пен нарқымыздың

Қорғаны адамдық пен салтымыздың.

Тақпақ: Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп,

Әлия мен Мәншүкті

Ұмытпайды ел мәңгілік.

Жүргізуші: Қайсарлық пен өшпес ерлік көрсеткен қазақтың қаһарманы Әлия мен Мәншүкті біз ешқашан ұмытпаймыз. Өлшеусіз өжеттілік пен жеңіске мұқалмас ерлік-жігер танытқан қос қарлығаш біздің міңгілік жүрегімізде сақталады.

Әлия мен Мәншүкке тағзым жасау.

Тақпақ: Алаулап гүл жарады.

Туған жер құлпырады

Балалар болады аман

Аналар болады аман

Бейбітшілік болса.

Би: «Құстар биі»

Айқастың арқалаған ауыр жолын

Ағындат ақ боз атпен Бауыржаным

Қиында қара нардай қайыспас ер

Қашанда саған риза бауырларың.

Жүргізуші:Жеңіс келді артта қалды зор қайғы.

Адам асыл арманда алға жолдайды.

Бейбіт күнін аталардың әкелген.

Бүгін міне ұрпақтары жолдайды.

Сұм соғыс қайтіп болмасын

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп,

Бір Алла өзі қолдасын.

Бірлікпен күн кешіп,

Бейбітшілік орнасын.

-Осымен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ер есімі-ел есінде» атты ертеңгіліміз аяақталды. Заманымыз тыныш, аспанымыз ашық болсын! Сау саламат болыңыздар.

№63 «Әсем-Ай»

балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ»

шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы

Тақырыбы: Қош келдің, Әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын сәбилер санасына жеткізу. Наурыздың 22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай айтып түсіндіру. Балаларға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстыру. Ұлттық салт – дәстүрлерді құрметтеп, оларды мақтан етуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Мандайымнан сүйіп жатыр нұр көктем
Жарығымен, шуағымен Күн – Ана
Алып келдің жер бетіне нұр көктем!
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым!
Төрлет бізге нұр болып,
Шуақ шашып нұр жүзің!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің сан түрлі мейрамы бар. Ал Наурыз – қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұ күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы»,
«Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Қазақ халқының күнтізбесі бойынша Наурыз мерекесі көктеммен бірге келеді. Өйткені көктемде жер дүние жасарып, жаңарады, өмірге қайта келеді. Осы тіршілікпен бірге, адамдардың да өмірі жандалады, жайнай түседі. Олай болса, бүкіл тіршілік атаулыны жаңартып, жақсартқан Наурызға шын ниетпен «Қош келдің, Әз Наурыз!» деп атайық.
Балалар хормен: «Қош келдің, Әз Наурыз!»
Тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би: «Қазақ биі»
Т:- Балалар біздер қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Б: – Наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Тәрбиеші: Келесі кезекті осынау қасиетті мерекеге арналған тақпақтарға береміз.
Оқушы
Құтты болсын Наурыз
Жалқаулық қос жауымыз
Дала толы егіске,
Малға толсын тауымыз

Оқушы
Наурыз тойы әдемі,
Әжем еске түсірді
Бақдәулет:
Біздерге арнап әдемі,
Наурыз көже пісірді.
Оқушы
Кел балалар ойнайық,
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Оқушы
Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жәле жерге енсін
Тәрбиеші: Ой балалар жарайсыңдар, бәрекелді. Осындай мереке күні ауылға барып, әжелерімізді Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен құттықтап қайтайық.
Тәрбиеші балалармен бірге ауылға музыка ырғағымен кіріп келеді. Онда көже ішіп отырған аталар мен әжелер қонақтарды орындарынан тұрып қарсы алды. Әже балаларға наурыз көже ұсынады.
Тәрбиеші: Әже, Наурыз көже өте дәмді екен. Оны қалай дайындадыңыз?
Әже: Қарақтарым. Наурыз көже Наурыз мейрамының негізгі тамағы.
Оған 7түрлі тағам қосылады. Олар: қыстан қалған сүр, айран, сүт, тұз, құрт, тары, бидай. 7саны киелі сан. Ал наурыз көже тоқшылық белгісі.
Тәрбиеші: Әже, біздің балаларымыз наурыз көже туралы тақпақ айтқылары келіп тұр екен, олай болса кезекті балалар тақпақтарына берейік.
Оқушы
Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта, тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар.
Оқушы
Бата беріп атамыз,
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз
Оқушы
Құт бауырсақ шашылып,
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
Тәрбиеші: Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғыртар дәстүр салтымыз
Сән салтымен ел көрікті
Салт дәстүрді сыйлау үлкен міндет.
Әжелер, Халқымыз Жаңа жыл табалдырықтан аттағанда жалғыз сәуле жарық болмас деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ақ мол, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен Қыдыр күні ыдыс атаулыны ырысқа (тары, бидай), аққа (сүт, айран), кәусар бұлақ суына толтырады екен.
Әжелер ортаға шығып шырақ жағып көрсетеді, алдын ала дайындаған ыдыстарға қажетті тағамдар мен суға толтырады.
Тәрбиеші: Біздің халқымыз осындай тамаша, тәрбиелік мәні зор салт дәстүрге бай халық. Ал біз кезекті халқымыздың, яғни мұсылман халықтарының төл мерекесі Наурыз мейрамына арналған тақпақтарға береміз.

Оқушы
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы
Оқушы
Ой, халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Оқушы
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп,
Шуақ шашып ақ жүзің!
Оқушы
Бәйшешек гүл ашады
Мұздар сайға қашады
Суға толып өзен көл
Кемерінен асады.

Тәрбиеші:Балалар әжелеріміз бізге наурыз көже туралы керемет түсіндіріп берді албіз өзкезегімізде әжемізге арнап әже әнін айтып берейік

Ән әже
Тәрбиеші:
Балалар, қонақтар сүйінші Қыдыр ата келе жатыр.
Қыдыр ата: Армысыздар халайық. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Тәрбиеші:
Қош келдіңіз
Ұлыс күні қазан толса
Ол жылы ақ мол болар
Ұлы кісіден бата алсаң
Сонда олжалы жол болар, деп өзіңізден бата сұраймыз.
Қыдыр ата бата береді.
Оқушы
Айтқаныңыз келсін, Қыдыр ата!
Ал келіңдер қонақтар
Досқа құшақ ашайық
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп
Тойға шашу шашайық!
Әжелер шашу шашады.
Тәрбиеші: Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Сондықтан да халқымыздың ұлттық аспаптарына тоқталып өткен жол болар.
Соның ішінде бәрімізге жақсы таныс домбыра. Домбыра қазақ халқының мақтан ететін киелі аспабы. Сондықтан да халқымыз «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп бекер айтпаса керек.
Оқушы
Домбырасыз сән қайда
Домбырасыз ән қайда
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбайма
Оқушы
Құрманғазы Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
Тәрбиеші: Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырған. Ақындар жақсылық пен жамандық, суық пен жылының күресін жырлаған.
Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық:
Айтыс:
Оқушы
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Оқушы
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Оқушы
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Оқушы
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен: Наурыз тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Наурыз құтты болсын!
Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Тәрбиеші: Балалар, әжелер! Ұлыстың ұлы күні еліміздің басын қосып, еркіндікке жол салған ата бабаларымызды еске алмасқа болмас. Ол үшін кезекті «Нақыл сөздерге» берейік.
Оқушы Төле би айтқан екен
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шың жетпейді
Өзің білмесең білгендерден үйрен
Үйренгеннен ештеңең кетпейді
Оқушы Әйтеке би айтқан екен:
Ашу бар жерге ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар
Ақыл деген дария
Мөлдір су боп сарқырар

Оқушы Қаз дауысты Қазыбек би айтқан екен
Арадан шыққан жау қиын
Таусылмайтын дау қиын
Құр айтылған сөз қиын
Іске аспаған іс қиын
Тәрбиеші: Бәрекелді, балалар! Даналарымыздың осындай ақыл сөздерін жанымызға сақтап, үлгі етіп, мұра етіп алып жүрейік
Ойын: «Арқан тарту»
Тәрбиеші: Балалар ортамызға Наурыз мерекесінің құтты қонақтары, біздің сүйікті ертегілеріміздің кейіпкерлері: Батыр мен қаңбақ шалды шақырайық.
Ортаға алпамса денелі батыр сахнаға шыққан кезде қарсы алдынан қаңбақ шал кіреді
Қаңбақ шал: Ассалаумағалейкум, батыр еке! Жолың болсын, қайда шықтың?
Батыр: Әлейкумәссалам, Қаңбақ ата! Наурыз тойына бара жатырмын
«Алпамыс балабақшасындағы» балалар «Батыр ағамыз келсін деп жатыр екен». Ойын тойға қатысып, күш сынасып қайтпақшымын.
Қаңбақ шал: Олай болса, екеуміздің жолымыз бір болып шықты. Олар тойға мені де шақырды. Енді міне, сен сияқты батырмен сапарлас болу бақытына ие болдым. Бірақ менің де саған пайдам тиер. Сен мықты, ержүрек болсаң, мен жеңілмін, әрі кумын.
Осы кезде Жалмауыз кемпір кіріп келеді. Қолында сыпырғышы бар бір нәрседен құр қалғандай жүгіріп шығады.
Жалмауыз кемпір: Ә, бәлем, мен бұлардың қайда жиналғанын біліп алдым. Мені неге шақырмаған. Егер бұлар мені тойына өздерімен бірге ертіп кетпесе, өз обалдары өздеріне, екеуін жолдан адастыру мен үшін түк емес.
Жалмауыз кемпір сыпырғышымен жолды оңды солды сиқырлай бастайды: «Адасып кетіңдер, балабақшаға жете алмай қалыңдар»
Батыр: Сіз мұнда не істеп жүрсіз, әжеке?
Жалмауыз кемпір: Сендер тойға бара алмай қалсын деп жолдарыңды дуалап жатырмын. Ал егер мені алып кететін болсаңдар, ең қысқа жолды көрсетемін.
Батыр: Жарайды, ертіп барайық, бірақ онда қалу қалмауыңды балалар шешеді.
Қонақтар балалармен амандасады, балаларды мерекемен құттықтайды
Қаңбақ шал: Кішкентай достар, сендердің шақыруларыңа қуанып келе жатыр едік. Жалмауыз кемпір ілесіп «тойға менде барамын деп» қалмай қойды. Біз оны ертіп келуге мәжбүр болдық. Бірақ бәрі сендердің қалауларың бойынша шешіледі. Адамға қастандық ойлап, зиян шектіргеннен басқа түк білмейтін Жалмауыз кемпір тойға қаттысынба, әлде қайтарып жіберейік пе?
Тәрбиеші: Балалар, қонақтар бүгін қасиетті күн. Бұл мейрамда ерекше қалыптасқан салтдәстүр бар. Ұлыстың ұлы күні бір бірімен араз адамдар татуласып, бір біріне деген өкпесін кешіреді. Қатал, қайырымсыз адамдар мейірімді болып, арам адамдар шыншылға айналады. Оның айқын дәлелі осы күні адамдар бір бірімен құшақтасып, көрісіп амандасуы. Олай болса Батыр, Қаңбақ шал бүгінгі қасиетті мейрамда Жалмауыз кемпірді кешіріп, өткен кеткенді ұмытып көрісіп амандасайық.
Музыка ырғағымен Батыр, Қаңбақ шал, Жалмауыз кемпір бір – бірімен көрісіп амандасады.
Тәрбиеші:
Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан төлдей
Жамырасып өріскен
Шалдар баға беріскен
Жалмауыз кемпір: Ой ой, маған не боп барады? Менің түрім өзгеріп барады. Жүрегім біртүрлі жылып кетті. Денем де нәзіктеніп, сұлуланып бара жатқандай. Ой, алақай мен мейірімді болдым – деп иығындағы ақ орамалын басына байлап әдемі әжеге айналады. Айналайын құлыншақтарым, Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Тәрбиеші: Міне, Наурыз мейрамының ерекше мейрам екеніне тағы бір көзіміз жетті. Жалмауыз кемпір мейірімді әжеге айналды. Ал енді біздің балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Оқушы Күн менен түн теңеледі
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Бақтияр: Армысың ағайын
Бармысың ағайын
Ұлыс бақты болсын

Оқушы Наурыз шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
Ән саламыз бәріміз
Би билейміз бәріміз
Батыр:
Сәнді көктем нұрымен
Наурыз тойы жырымен
Көңіл гүлдей жайнасын
Наурыз тойы тойлансын
Батыр: Бәрекелді балалар. Тақпақты сондай жақсы айтады екенсіңдер. Ал енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.
Ойын: « Күш сынасу»

Ән наурыз тойы
Тәрбиеші:
Батаменен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер,- дегендей аталардан бата күтеміз.
Тәрбиеші:
Жаңғыртқан дәстүрімізді рахмет елім,
Тербетсін шаттық әні қазақ жерін
Той бастаған қадамын құтты болсын,
Дәстүрлі тамыр алып, өркен жайсын
Қош болыңыз, Наурызым ардақты
Халқым саған бар үмітін жалғапты!
Жылда осылай келе берсін жарасып!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз береке – бірлік әкелсін!
Сау болыңыздар!

№63 «Әсем-Ай»

балабақшасының «Алпамыс», «Ақбұлақ»

шағын орталығының тәрбиешісі

Аширова Молдир Асанкызы

Тақырыбы: «Күн мен анам»

Музыка әуенімен балалар қол ұстасып, әуен залына кіреді.

Жүргізуші: «Бар жақсылық, күллі әлемге тараған, аналардың ақ нұрынан жаралған» дей отырып қадырлі аналар, ардақты әжелер сіздерді көктеммен күлімдей келген халықаралық әйелдер мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор ден- саулық, мол бахыт тілейміз және кішкентай бүлдіршіндеріміздің дайындаған «Күн мен анам» атты ертеңгілікті мерекелік шашу етеміз .

Жүргізуші:Балалар біз қайда келдік?

Балалар: Анамызға, көктем мерекесіне.

Жүргізуші: Кәне балалар ана туралы қандай тақпақтар білеміз? Тақпақтарын айтуға ортаға балалар шығады.

  1. Мен гүлдерді жұлмаймын

Торғайларды қумаймын

Айтқан сөзін тыңдаймын

Анамды сыйлаймын

  1. Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бар баланы қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

  1. Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың

Ел жүрегі елжіреп

Құшағыңа аласың

  1. Түнұйқысын төрт бөлген

Мәпелеп өсірген

Ана деген керемет

Бар қатеңді кешірген

  1. Мен ауылға барамын

Әжем тілін аламын

Қонаққа ол кеткенде

Үйді бағып қаламын

  1. Мен айтамын тақпақ

Анамды мақтап

Менің анам әдемі

Менің анам аппақ

  1. Сіздерден өскен балалар

Батырлармен даналар

Құттықтаймыз мерейраммен

Құрметті аналар!

Жүргізуші: Келесі кезекті әсем әнге берейік.

Ән:

Жүргізуші: Көктеммен бірге келген дәстүрлі мерекеміздің құрметіне бүлдішіндеріміздің дайындаған тақпақтарын әрі қарай тыңдайық. Тақпақтарын айтуға ортаға шығады.

  1. Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

  1. Мені жақсы көреді,

күндей күліп келеді,

Көп ертегі біледі,

маған айтып береді.

  1. Ішім ауырса, тісім аурса

Анам дәрі береді.

Барлық адам, барлық бала

Оны жақсы көреді.

  1. Анашым анам,

Ризамын саған.

Тіліңді аламын,

Ақылды болам.

  1. Айналайын, анашым,

Аялайсың, бағасың:

Мен үшін не керек

Бәрін іздеп табасың.

  1. Баланың да тірегі

Дананың да тірегі

Ауырмасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

  1. Ана деген ақ көңіл

Күнмен бірге күледі

Ана деген шат көңіл

Шарықтайды үнемі.

Музыка әуенімен көктем келеді.

Көктем: Сәлеметсіз бе, қонақтар! Айнала қандай тамаша! Балалар бүгін бәрің әдемі киініп алыпсыңдар ғой. Міне мен сендерге асыға жеттім келе жатқан көктем мерекелерін құтты болсын.

Жүргізуші:Көктем біздің балалардың өнерлерін бірге тамашалайықшы ортаға тақпақ айтуға шығады.

  1. Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Анамыздан тарайды

Біздің ана тіліміз.

  1. Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан анам

Көкте күнің батса да

Өзің күнісің баланың

  1. Аналарды сүйеміз

Ақылын ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

  1. Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,-

Анаға бас иеміз!

  1. Бала,бала,бала деп

Мені өсірген анашым

Гүлге толсын құшағың

Бақытты бол анашым

  1. Бізді өсірген апатай

Еңбегің де зор екен

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мереке.

  1. Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде.

Ойын: Көктеммен бірге ойын «Гүл жинау».

Жүргізуші: Ал, енді балалар әжелерімізге арнап дайындаған әнімізді айтайықшы.

Ән: «Әжем менің қандай».

Жүргізуші: Балалар, кәне кім таға да әжелер, аналар туралы тақпақ

және мақал-мәтелдер біледі? Ортаға шыға қойындар:

Анамның тілі,

Аяулы үні

Ақ бетіңнен сүйемін

Келші, келші ақ мамам.

Ананың сүті –бал,

Баланың тілі-бал.

Күннің шуағы- жылы,

Ананың құшағы- жылы.

Ананаларды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз,

Әрқашан біз ардақтап

Әжеге бас иеміз.

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін

Таусылмайды өлеңі,

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем менің өйткені,

Өте жақсы көреді.

Жүргізуші: Балалар бізге қонақа балапандар келіпті. Бірақ олар өте көңілсіз.

(Балапандар жылайды)

Жүргізуші: Сендерге не болды? Неге жылайсыңдар?

Балапандар: Анамыздан адасып қалдық?Анамызды қалай табамыз?

Күн жоқ, қараңғыда жолды қалай табамыз?

Жүргізуші: Егер күн болмаса, жылу да болмайды. Күн бұлттың арасына кіріп ұйықтап

қалған шығар, күн болмаса көктемді қалай қарсы аламыз.

1-ші балапан: Күнді тауып ояту керек.

Жүргізуші: Балапандар, сендер әлі кішкентайсыңдар. Күнге барар жолды қалай

табасыңдар? Сендермен бірге көктем барсын.

Көктем: Жақсы мен бірге барайын.

Жүргізуші: Сендер жолға шықпай тұрып бізбен бірге би билеңдерші.

Би:

Көктем:Ал енді біз күнді іздеуге барайық. Жолда кімді кездестірсек, содан сұраймыз. (Балапандар жолға шығып кетеді, алдарынан мысық шығады).

Мысық : Мяу-мяу, мяу-мяу.

Көктем: Сәлеметсіз бе, мысық. Сіз білесіз бе? Күн қайда тұрады?

2-ші балапан: Біз анамыздан адасып қалдық

Егер күн шықса, біздің анамыз келеді.

Мысық: Мен үйден шықпаймын. Күннің қайда тұратынын мен білмеймін. Сендер оданда иттен сұраңдар?

Көктем: Сәлеметсізбе ит.Сіз білесіз бе,күн қайда тұрады және де оны қалай ойату керек екенін. Мына балапандар аналарынан адасып қалыпты.

Ит: Әрине білем.Күнді ояту үшін бір көңілді әнді қатты айту керек.Сонда ғана күн оянады.

Жүргізуші:Кәне балалар бәріміз балапандарға көмектесейік, күнді оятайық. Ол үшін өлеңін айтайықшы, содан кейін күн шығады.

Ән:

Күн: Кім мені оятқан?

Көктем: Күн тезірек шықшы. Мына балапандардың анасын тезірек тауып берейікші.

Жүргізуші: Күн ұйқыңнан тұр. Бізге көктем келе жатыр. Жерде сені бәрі күтіп жатыр.

(Күн шығады. Балалар шеңбер құрып тұрады. Күн ортада).

Тауық шығады: Менің балапандарым қайда? Аналарыңа келе қойыңдар? Мен сендерді әрең таптым, қатты сағындым.

Балапандар: Хормен: Алақай, анамыз келді!

Жүргізуші: «Ана да күн сияқты күннің бетін бұлт шалса, дүние бұлыңғыр тартады. Ана ренжісе, үйдің ішін қараңғылық кернейді. Ана жымиса, үй ішінен шашырап күн шығып келе жатқан сияқтанады. Ана күлкісі күннің шуағы тәріздес» Сондықтан балалар аналарымызды ренжітпей,аналарды құрметтеп тілін алып әрдайым қуанышқа бөлеп жүру керек дей отырып бәріміз қосылып «Әр қашан күн сөнбесін» әнін айтайық. Ата-аналар бірге қосылып айтуларыңызға болады.

Жүргізуші: Осымен 8 Наурызға арналған ертеңгіліміз аяқталды.Ынта қойып тамашалағандарыңызға көп рахмет. Сау саламат болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше