Адиева Арайлым Бейімбетқызы

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Бостандық ауылы «Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Адиева Арайлым Бейімбетқызы – Bilimnur.KZ

  • Сабақ тақырыбы: “Сөйлем”
  • Сабақ тақырыбы: Ана – әлемдегі ең жақсы сөз.
  • Сабақ тақырыбы: Қазақстан – менің елім.
  • Сабақ тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр!
  • Тақырыбы: Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Оқытудың тиімділігін , әр оқушының білім мен білік деңгейін бағалаудың бірыңғай жүйесін жасауда жаңа технологиялар қажет. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім кеңестігіне енуге бағыт алуда. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Уақыт талабына сай оқушыларымның шығармашылық қабілетін дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясын пайдалануды жөн деп ойлаймын. Болашақта өркениетті дамыған елдер үшін қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологияның ерекшелігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтар ды өмірге әкелу . Әр мұғалімнің басты мақсаты – оқушыларды ойландыру, іздендіру, сол арқылы өз беттерінше еңбектеніп оқуға баулу. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп, тиімділігін оқытып, өзінің шеберлігіне қарай таңдауы қажет.

Мен өз тәжірбиемде қолднып жүрген Сорос –Қазақстан Демократиялық білім беру орталығының «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » технологиясының элементтері оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты дамыту мен ауызша, жазбаша шығармашылық ізденіс дағдыларын сыни тұрғыда қалыптастыру жолдарын ұсынады. Дженни Стилб, Куртис Меридит және Чарльз Темпл сияқты американдық авторлар ұсынған бұл бағдарламаның мақсаты: талдау, саралау, жинақтау, түйінін ашу. Тыңдасам, есімде қалмайды, өзім жасасам, ұмытпаймын, өзім оқысам, түсінемін.

3 кезеңді сабақ құрылымынан тұрады.

І. Қызығушылықты ояту. Өтілген тақырып бойынша оқушылардың білетінін жинақтау. , сол тақырыпқа ынталылығын арттыру, оқуға деген мақсатын қойғыза білу. Бұл кезең белсенділікті арттыратын қозғаушы күш болып табылады.

ІІ. Мағынаны тану кезеңі кең ауқымды. Оқушыларға сол тақырыпты зерттету, іздендіру, мағынаны құру.

ІІІ. Ой-толғаныс оқушылардың оқып білгенін көрсететін кезең. Түсінген мағынаны тәжірбиемен ұштастырып қарайды, яғни ойланып, толғанып, ой талқысынан өткізеді немесе тапсырманы жазады.

Бұл технологияны қолданудағы 3 кезеңнің байланысы сыни тұрғыдан ойлауға бағыттайды: оқушылардың топта, ұжымда жұмыс істьеу, басқаларды тыңдау, бірін-бірі сыйлау, өз көзқарасын дәлелдеп қорғай білу. Топсатыру, эссе, Венн диаграммасы, кубизм, семантикалық карта, дәстүрлі емес бес жолды өлең, еркін жазу, түртіп алу жүйесі, ойлан, жұптас, бөліс т.б. сабақ мақсатына қызмет ететін, оқушының әр кезеңде өз бетімен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мүмкіндік беретін элементтерін оқушы деңгейіне қарай сабақ жоспарына енгізіп, қолданамын. “Бала дамуының ең шарықтау шегі- бұл тіл мен ойдың шығармашылығы” деп Л.С.Выготский айтып кеткендей, баланың дамуында тіл мен ойдың алар орны зор.

Бірақ, қазіргі кезде балалардың тілге шорқақтығы және ойлау деңгейлерінің белгілі бір дәрежеден аса алмай жататындығы олардың жан- жақты дамуына бірден бір кереғар әсер етуде. Сол себепті де оқушылармен осы бағытта жұмыстану мақсатында әдістемелік тақырыбымды «Жаңа технологияны пайдалану арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» деп таңдап алдым. Қай нәрсенің де нәтижелі жемісін көру үшін алдымен мақсат- міндеттерін айқындап алған жөн.

Алдыма қойған мақсаттарым:

  • оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге баулу;
  • меңгерген білімді өмірде қолдана алатын, жан- жақты ойлап, өздігінен

шешім қабылдай алатын, жауапкершілік сезімі бар жеке тұлғаны

қалыптастыру;

  • шығармашылық ізденістерге үйрету.

Оқушылардың шығармашылық шеберліктерін шыңдау үшін мынадай жұмыстарды басшылыққа ала отырып жұмыстандым:

  • Өлең шумақтарының жалғасын жұмбақтай отырып, құрастырту
  • Мысалдар, ертегілерді сахналату, рөлдерге бөліп оқыту

  • Тірек сөздер арқылы эссе жазғызу

  • Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру

  • Қиялдау арқылы суреттер салғызу

  • Сөзжұмбақ, ребус, өтірік өлеңдер құрастырту

  • Суреттерге сүйене отырып, жұмбақтар құрастырту

  • Еркін тақырыптарға шығармалар жаздыру

  • -Мәтінді, ертегіні өз қиялдарымен аяқтауға мүмкіндік тудыру.

    Бұл тапсырмаларды орындау барысында оқушылар нені үйренеді? Жалпы тапсырмалардың өзі ауызша тапсырмалар және жазбаша тапсырмалар болып екіге бөлінеді. Жазбаша тапсырмаларды орындау барысында:

    -Сөздердің жазылу заңдылықтарын үйренеді;
    -Емлесі қиын әріптер мен ұқсастықтары бар әріптердің

    айырмашылықтарын таниды;
    -Қатесіз, көркем жазуға дағдыланады;

    Ал ауызша тапсырмаларды орындау барысында:

    –Логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттері дамиды;
    -Тіл байлығы дамып, өз ойын ауызша жеткізе білуге үйренеді;

    Осы тапсырмаларды орындай отырып оқушыда мынадай проблемалы сұрақтар туындауы керек:

    -Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

    -Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті?

    -Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?

    -Осы ақпаратты үйрене отырып мен не жасай аламын?

    Яғни айтқанда оқушы алған әр жаңа ақпаратына кері байланыс жасап, өз деңгейінде анализ, синтез жасап, ой тұжырымын жасақтай алуы керек.

    Сабақ сапасын көтеру- ол әр ұстазды алаңдатуы керек және күн тәртібінен түспейтін келелді мәселелердің бірі болуы шарт. Сабақтың сапалы болуына мыналарды критерийлерді басты себепкер қып есте ұстап отыруымыз міндет:

    -Әр сабақта жаңалық болуы шарт, бала әрбір сабақты не нәрсе көрем, үйренем деп күтеді

    -“Бала ұқпайды” деген пайымнан алыс болу, керісінше “Сенің қолыңнан келеді” деп рухани күш- қуат беріп отырған абзал.

    Білім заман ағымына әрі оқушы танымына, шығармашылығына, яғни сұранысына сай болу үшін сабақты түрлендіріп өткізу дұрыс. Өз сабақтарымды Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту технологиясын және ақпараттық құралдар технологиясын басшылыққа алып отырамын. Сол технохологияларды сала отырып сабақ өткізгенде сабақ барысы қызықты әрі оқушы талпынысына әсер ететініне көз жеткізіп жүрмін. Мысалы көбіне мына стратегиялармен жұмыстану оқушылардың танымдық әрі шығармашылық дамуына тікелей әсер ететіндігін білдім:

    -5 жолды өлең;

    -Инсерт

    -ББҮ кестесі

    -Болжау жасау

    -Автор орындығы

    -ДЖИКСО

    -Семантикалық карта, т.б

    Қай әдісті қолдансақ та оқушылардан белгілі бір нәтиже күтетініміз анық. Ақпараттық құралдар технологиясын қолдана отырып біз оқушылардың заман көшінен қалмауларын қамтамасыз етсек, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдануда оқушылардан күтілетін нәтиже:

    -Өмірге бейімделген, алған білімін практикада қолдана алатын

    -Өзі шешім қабылдайтын, жаңашыл, шығармашыл

    -Өз білімін көтере алатын, өзін- өзі бағалауды меңгерген тұлға тәрбиелеу

    -Алдына мақсат қоя алу, жетуге ұмтылу

    Балалардың қабілеттіліктерін, біліктіліктерін, мүмкіндіктерін көрсете алулары үшін оларға жағдай туғызу керек. Оқушылардың игеру деңгейіне және олардың құндылықтарының сұраныстарына орай әдіс- тәсілдерді өзгертіп отырған дұрыс деп ойлаймын. Сабақ барысында көрнекілік ,сын тұрғысынан ойлау технологиясы стратегиялары, шығармашылық жұмыс, пікірталас, топтық, жеке жұмыстар,тест, дөңгелек үстел сияқты әдіс- тәсілдерді мүмкіндікке орай өзгертіп қолданып отырамын.

    Өз ойымша жасалып жатқан жұмыстың бағыты дұрыс болып, ол тек оқушы мүддесіне негізделген жағдайда оқыту өз нәтижесін берері сөзсіз. Оқытудағы өзгерістің нәтижесі:

    • Сабақ түбегейлі оқушыға бағытталады;
    • Ұжымдық ынтымақтастық қатынас орнады;
  • Бұрынғы білімдеріне білім қосады;

  • -Оқушылардың жауапкершілігі артты;

    • Күтпеген өзгерістер болу үшін стандартты емес тәсілдер қолдандым;
  • Проблемалық ситуациялар туғыздым;

  • Оқушылар жоғары деңгейдегі сұрақтар қоя бастады;

  • Өзім де өзгердім, көп оқимын, балалардан үйренемін, бірге жауап іздеймін, бірге оқимыз, бірге дамимыз.

  • Барлық осы жұмыстарды қамти отырып оқушыны қандай қасиетке дайындаймыз?

    -Дербестік

    -Орындаушылық

    -Шығармашылық

    -Жауапкершілік

    -Ұйымдастырушылық

    -Ізденімпаздыққа

    -Өз ойын еркін жеткізе білетін

    -Өз бетімен жұмыстану

    -Сенімділік

    -Өздігінен шешім қабылдаушылық

    Шығармашылық тұлға негізі бастауышта қаланатыны анық. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту мақсатын көздеп отырамын. Сын тұрғысынан ойлау және дамыту әдістерін сабақтарымда көптеп қолданып жүрмін. Мысалы;

    1. Әңгіменің,ертегінің сюжетін бастап беріп оқушыға аяқтауды тапсыру.
    2. Ұйқас ұсыну арқылы өлең шығару.
    3. Белгілі мақал негізінде әңгіме жазу.
    4. Табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ шығару.
    5. Берілген тірек сөздер арқылы мәтін құрастыру.
    6. Бес жолды өлең
    7. Рафт
    8. Джигсо
    9. Әңгіме кестесі
    10. Топтастыру, Венн диаграммасы

    Осы сабақта оқушылар түрлі іс-әрекеттер орындап шықты: жеке мәлімет айтты, жинақтады, шығармашылық ойлауға, талдап, жақсы тілектерін айтып, толық ақпарат алып шықты.

    Сонымен СТО дамыту оқушыға уақыт беріп, қолайлы мүмкіндік жасап, үйренудегі белсенді ісін қолдап, оның сын көзбен қарау қабілетіне сенім білдіріп, өз ойының дұрыстығына түсіндіріп, еркіндікке баулып өз тарапынан шешімді қабылдай білуге дағдыландырады.

    “Шәкірт – шәкірт емес,

    • Ұстазын ол сүймесе,

    Ұстаз – ұстаз емес,

    Шәкіртті үшін күймесе”, – деп ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай,өз ісін жетік білетін,үнемі ізденісте жүретін,мәдениетті ұстаз ел болашағының тізгінін ұстайтын қазіргі жас бүлдіршіндердің жүрегіне жол тапқанда ғана білім жетістіктеріне жететіні сөзсіз.

    Бастауыш сынып оқушысы жаңалыққа жаны құмар,білмегенін білгісі келіп тұрады.

    Өз тәжірибемде қолданып жүрген СТО технологиясы арқылы білімге деген сенімін нығайтып,іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастырамын,ынтасын арттырамын.

    Оқу үрдісіне енген көптеген жаңа технологиялар арасынан таңдаған СТО ең негізгі ойды бүкіл ақпарат ішінен саралап, жинақтап меңгертуде көп көмегін тигізеді.

    Пайдаланған әдебиеттер:

    1. Бастауыш мектеп №4 2004 жыл
  • «Жаңа білім- Жаңа ғасыр»ұстаздар шығармашылығының топтамасы /2014 жыл / 35 бет

  • 3.«Бастауыш сыыныпта барлық пәндер бойынша оқыту » №5 2009 жыл 28 бет

    Сабақтың тақырыбы: ” Сөйлем”.

    Адиева Арайлым Бейімбетқызы

    бастауыш сынып мұғалімі,

    «Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі» КММ

    Бостандық ауылы, Казталов ауданы

    Батыс Қазақстан облысы

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділігі оқушыларға сөйлем туралы синтактистік түсінік қалыптастыру. Сөйлем құраудағдыларын жетілдіру.

    Дамытушылығы: таным белсенділігін арттыру, ойын,

    тілін дамыту.

    Тәрбиелігі: оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, адамгершілік негіздерін тәрбиелеу.

    түрі: аралас сабақ

    Әдісі: түсіндірру, жаттығу жұмысы. ойлау, өзіндік ізденіс, топтастыру көрнекілік

    Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту әдісі: ой қозғау, бес жолды өлең, Венн диаграммасы.

    Сабақтың көрнекілігі: сюжетті сурет пен сызбалар, дидатикалық ойындар, үнтаспа, слайд.

    Пәнаралық байланыс: математика, әдебиеттік оқу

    Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

    Психологиялық дайындық.

    Біз бақытты боламыз,

    Күннен шуақ аламыз.

    Жан-жағымызға қарап ап,

    Аздап күліп аламыз.

    Сабақты біз жақсы оқып,

    Күнде “5”-тік аламыз.

    Көзімізбен көреміз,құлағымызбен естейміз,миымызға тоқимыз.

    ІІ Өткен сабақты бекіту

    а)Үй тапсырмасын сұрау

    ә) Мәтін туралы алған білімдерін пысықтау.

    -Мәтін дегеніміз не?

    -Мәтін неден құраалады?

    -Мәтіннің түрлерін ата.

    -Мәтіннің бөліктері туралы айт.

    б) Тест сұрақтары арқыылы оқушылардың білімдерін тексеру.

    1. « У » дыбысы қандай дыбыс?

    а) дауысты ә) дауыссыз б) бірде дауысты, бірде дауыссыз

    1. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

    а) 3 ә) 2 б) 4

    1. ц, к, п, т, ш, с қандай дауыссыз дыбыстар?

    а) ұяң ә) қатаң б) үнді

    1. Мәтін деген не?

    а) 1-2 сөйлемнен тұрады ә) 1 сөйлемнен тұрады б) мағына жағынан бір-бірімен байласқан екі не одан да көп сөйлем

    1. Мәтіннің неше түрі бар?

    а) 3 түрі ә) 4 түрі б) 2 түрі

    Жауабы : дұрыс жауаптың ішін қарамен бояу керек

    А Ә Б

    1
    2
    3
    4
    5

    ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту. « Ойлан тап!»

    8+6 14-4

    7+8 9+4

    12-7 25-5

    Математикалық байланыс.

    л ө е й с м

    10 15 13 5 14 20

    Өрнектерді есептеп, мәнін табу. Шешулеріндегі сандарды әріптермен алмастыру.

    « Сөйлем » сөзін шығарып алу.

    Жаңа сабақ. Ассоциациялық аймақ құру. « Сөйлем » деегенде алдымен ойларыңа не келеді?

    сөздерден құралады

    Сөйлем Бірінші сөз бас әріптен басталады.

    Соңына нүкте қойылады.

    Нүктенің сөйлемдегі алатын рөліне тоқталып өту. Үнтаспадан нүкте туралы тақпақ тыңдату.

    ІV Оқушылардың түсінігін бақылау.

    Слайд арқылы

    1 -жаттығу

    1. Екі бағанды салыстыру
  • Қай бағандағы сөздер сөйлем?

  • Қай бағандағы сөздер сөйлем емес?

  • 4.Неліктен?

    1. Сөйлемдерді көшіріп жазу.

    V. Кітаппен жұмыс

    2-жаттығу . Жатқа жазу сәті.

    1. Сөйлемдер дұрыс құрылған ба? Түзетіп қайта жаз.

    Сөйлемдердің орны дұрыс па? Дұрыс болмаса, рет санын карындашпен белгіле.

    Саққұлақ ит жақсы. Мал күзетеді ол. Шапты қасқыр бір күні. Тап берді оған Саққұлақ. Қорқып қаша жөнелді қасқыр.

    “Адасқан сөздер”

    “Дыбыстық талдау жаса”.

    Сөйлем, үтір, нүкте.

    VІІ. “Бес жолды өлең ” құрастыру.

    1. Күз
  • Қатты суық

  • жауады, суытады.

  • Күз мезгілі қандай тамаша!

  • 5.Суық мезгіл.

    VІІІ. Венн диаграммасы.

    Мәтін мен сөйлемнің ортақ қасиеттерін топтастыру.

    ІХ. Қорытындылау.

    Х.Бағалау. ХІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.

    Ана –әлемдегі ең жақсы сөз

    Адиева Арайлым Бейімбетқызы

    бастауыш сынып мұғалімі,

    «Бостандық бастауыш жалпы білім беретін мектебі» КММ

    Бостандық ауылы, Казталов ауданы

    Батыс Қазақстан облысы

    Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге баулу,оқушы бойындағы қабілет пен талантын дамыту арқылы ана еңбегін қадірлеп, құрметтеуге тәрбиелеу.

    Көрнекілігі: нақыл сөздер, слайдтар, плакат, маркер, суреттер. «Анам үшін мақтанам» оқушылардың шығармашылығы т.б.

    Барысы:

    Мұғалім:

    Наурыз күні –ана күні,

    Әлемді тербендірере ана үні.

    Анасыз жан туған жоқ жер бетінде

    Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.

    Құрметті асыл әжелер, ардақты аналар, ұлағатты ұстаздар, әдемі қыздар!Көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын! Құттықтауларымыз сіздерге арналмақ.

    Ән: Ш. Қалдаяқов «Ана туралы жыр » әні

    Топтастыру

    Әлемнің жарығын сыйлаушы

    Ұлттың ұйтқысы өмір нәрін себуші

    Ана

    Шаңырағымыздың тірегі ең қымбатты жан

    Ұрпақтың анасы, адал жар

    Ойын: Кім тапқыр ?

    Оқушыларға ана туралы мақал-мәтелді жалғасын тапқызу.

    Аналарына сұрақтар беру.

    1. Ананың көңілі балада,

    …………………………………..

    1. Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаң да,

    ……………………… ………………………..

    1. Күйші ана кім?
  • Ана сүтін ақтамағанды,

  • ……………………………………….

    1. Атасыз үй батасыз,

    ……………………………..

    1. Халқымыздың батыр қыздары?
  • Ананың құны,

  • ……………………………

    1. Анасын сүйгеннің

    ………………………………….

    1. « Сұлу » деген сөздің синонимі ?
  • Ата-ананың қадірін,

  • ………………………………

    1. Ағайын алтау,

    …………………………….

    4.Әйелі көркі неде?

    1. Ата көрген оқ жонар,

    …………………………………

    2.Қыз өссе елдің көркі

    ……………………………

    3.Адамға не қымбат?

    1.Анасына қарап

    ……………………………..

    2.Анаға қарап қыз өсер

    ………………………………..

    3.Қазақ қыздарының бұрымына тағатын әшекей?

    Шығармашылық тапсырма

    Сөйлемдерді аяқтап өлең құрастыру.

    1 – 2 сынып аналарына

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше