Тақырыбы: Ас қорытудың маңызы.Тістің құрылысы
Мақсаты:
Білімділік: Ас қорытудың маңызы,тістің құрылысы,мүшелерде астың қорытылу
Құбылысы,тісті күту және ас қорытудың адам денсаулығына қажетті-
лігін ұғындыру.
Тәрбиелік: Ас қорытудың маңызы,тістің құрылысын түсіндіре отырып,ағзаға
пайдалы тағамдармен қоректенуге,тазалыққа және адамгершілік қа-
сиетін қалыптастыруға тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,ас қорытудың маңызы туралы білімін кеңейтіп, дүниетанымын қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа материалды оқып үйрену
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі көрнекілік
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,интерактивті тақта,биологиялық диктант
Пән аралық байланыс: дүниетану,химия,валеология
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу,түгелдеу
2. Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру:
Берілген сөйлемді аяқта
1. Ауатамырдың қабынуы … басталады,белгілері …
2. Темекінің түтінінде өте улы зат- …
3. Адам бір рет тыныс алғанда …
4. Өкпе қабынғанда дене қызуы … көтеріледі
5. Туберкулез таяқшасы ауру адам жөтелгенде … микробы ауаны ластайды.
6. Өкпенің қабынуының белгілері …
7. Денсаулықты сақтау үшін …
III. Жаңа түсінік беру. Ас қорытудың маңызы.Тістің құрылысы
Азық-түлік және тағамдық заттар
Дене сондай-ақ тағам мен сусындарды қажет етеді.Тағам денеге өсу қалпына келу және қуат алу үшін керек.
Біз не үшін тамақтанамыз
Дене өзінің тіршілік әрекетіне қажетті қуатты және өсу, тіршілігін қалыпты ұстап тұруына және денсаулығы қажетті құнарлы заттарды алу үшін.
Тағамдардың негізгі тобы
Сау болуы үшін денеге құрамында мына төмендегідей түрлі заттар бар үйлесімді емдәм қажет.
Көмірсулар | Клетчатка | Өсімдік және жануар майлары | Ең пайдалы майлар | Витаминдер мен минералдар |
Негізінен энергия алу қолданылады.
Олар: картоп, нан,күріш,ма- корон,жеміс-жидек |
Қанға сіңірілмейді,ас қорыту жүйесінің қалыпты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді.Күріш,нан | Энергияның бір бөлігін қамтама-
сыз етеді және де- не мүшелері үшін құрылыс материалы болып есептеледі. |
Өсімдіктен алынған майлар.Жа-
нуар майы, майлы ет он- ша пайдалы емес |
Организмдегі көптеген қызмет-
тер үшін қажет: кальций сүйектер мен тістердің мық- ты болуы үшін те- мір қан үшін қажет
|
Ас қорытудың маңызы
Ас қорыту деп – тағамды қабылдау және денеге сіңе алатындай ұсақ бөлшектерге ұсату.Ас қорыту жүйесін құрайтын он шақты мүше осы міндетті атқару үшін бірігіп жұмыс істейді.Жұтылған тағам ас қорыту жүйесі арқылы жылжиды,ал құнарлы заттар қанға сіңіріледі.
Ас қорыту жүйесі:
Ас қорыту орталығы мидың сопақша ми бөлігінде орналасқан.Темекі улары сілекей арқылы ас қорыту жолдарына түсіп ,асқазан жарасының пайда болуына соқтыырады. 98 % ауырады. Насыбай ауызда,қарында рак туғызады.
Ас қорыту жолдарының бұзылуы қалдықтар мен қождардың тұрақтануы мен іш қатудың пайда болуына,сондай-ақ барлық ағзаның улануына әкеп соғады.
Ас қорыту кестесі
0 сағат – ас шайналып жұтылады.
2 сағат — жартылай қорытылған тағам ары қарай қорытылып,сіңірілу үшін аш
ішекке жылжыды.
4 сағат — тағамның көп бөлігі асқазаннан аш ішекке өтті.
6 сағат — тағамның қалдықтары суды сіңіріп,оны организмге қайтаратын тоқ
ішекке өтеді.
10 сағат – қалдықтар соңғы бөлім – тік ішекке нәжіс түрінде жиналады.
16-24 сағат- нәжіс артқы тесік арқылы сыртқа шығады.
Тістің құрылысы
Тісті күту
Тіс ауруларының ең көп тараған түрі – тіс жегісі.Дүние жүзі халқының 90% — ы ауырады.Тісті күніне 2рет таңғы астан кейін және жатар алдында жуады. Әр тамақтанған сайын тағам қалдықтарынан тазалап,ауызды шайып тұру шарт.Ас қалдықтары тістің арасында қалғанда,тіспен шаққанда,қатты затты тістегенде,ыстық және суық тамақты бірінен соң бірін өте тез ішкенде тіс бүлінеді.
IV. Жаңа ұғымдар: Дентин (латынша dentis- тіс)- тістің негізгі массасын
Құрайтын сүйек ұлпасының бір түрі.
Диспенция – ас қорытылудың бұзылуы
Стоматология – тіс ауруларын зерттейтін ғылым
Стомотолог – тіс дәрігері
V. Мұғалімнің проблемалық және ақпапаттық сұрақтары:
1. Ас қорыту дегеніміз не?
2. Тістің құрылысы?
3. Қоректік заттардың құрамы?
VI. Жаңа түсінікті тексеру: Биологиялық диктант
1. Көмірсулар негізінен … қолданылады.
2. Нәруыз негізінен … көп болады.
3. Ауыз — … – тіл — … — … — өңеш — … аш ішек — … –бауыр — …
4. Ас қорыту орталығы мидың … бөлігінде орналасқан.
5. Ас қорыту … деп аталады
6. Түбірлердің құрылысына қарай тіс …, … , …, болып бөлінеді.
7. 20-22жасқа келгенде,ең соңғы жұп — …, …, пайда болады.
VII. Жаңа сабақты бекітуге арналған жаттығулар
Сәйкестендіру
1. Майлар 1. минералды заттар
2. Клеткалардың тіршілігі 2. 400 гр крахмал
3. Тістің ең соңғы жұбы 3. ақыл тіс
4. 6-7 жасқа толғанда 4. тұрақты тіс
5. Тіс дәрігері 5. диспенсия
6. Ас қорытудың бұзылуы 6. стомотолог
7. 1 тәулікте адамға 7. жылу қоры
8. Адам тәулігіне 8. 10 г тұз
VIII. Жаңа сабақты қорытындылау:
Денсаулыққа,асқа байланысты мақал-мәтелдер
1.Шайнап берген ас – ас болмайды.
2.Тазалық – денсаулық, денсаулық – байлық.
3.Өлмеген адам алтын ыдыстан ас ішеді.
4.Таңғы асты — өзің іш, түскі асты – досыңмен бөліп іш,
кешкі асты – жауыңа бер.
5.Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі.
IX. Оқушылар еңбегін бағалау:
X. Үй тапсырмасы: Ас қорытудың маңызы.Тістің құрылысы