Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектебі.
Тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік»
5в сыныбы Әдебиет пәні.
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Боханова Ш.М.
Ақтөбе — 2011 оқу жылы.
Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин «Ақсақ киік» (өлең)
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгеру сабағы
Сабақтың мақсаты: а) С.Сейфуллиннің ақындық қуаты.Өлең-көркем өнер туындысы.Бетпақ дала,киік туралы танымдық мәліметтер.Өлеңнің идеялық мәні: экологиялық, географиялық, биологиялық, эстетикалық, поэзиялық таным.
ә)Сұлулықты көре білуге,бағалай білуге,сұлулыққа оқушы қатынасын қалыптастыру.Адамның табиғат пен адам әрекетіне эстетикалық-этикалық қатынасын тудыру.
б) Көркем шығарманың тұтас бейнесін қабылдай алу,бейнелерді елестету арқылы оны түйіндеу,ой-пікірлерін ортаға салу.
Сабақтың пәнаралық байланысы: музыка,география,биология.
Сабақтың көрнекіліг:. С.Сейфуллин портреті, қанаттысөздер,Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі, «Аққу» күйі,сөзжұмбақ «Ақбөкен»,слайдқа жазылған сөздік,тест жұмыстары,киік,бетпақдала бейнеленген плакат.
Сабақтың әдісі:көрнекі техникалық әдіс,мәнерлеп,көркемдеп оқу,әңгіме,сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Жаңа сабақ.
Жоспар:
1.Сегіз қырлы ,бір сырл ы ақын (кіріспе сөз)
2.Аққу-киелі құс (көрініс)
3.Сөздік жұмысы (слайд)
4.Ақсақ киік (музыка,мәнерлеп оқу,ой-пікірлері)
5.Өлең құрылысына талдау (бір шумағын талдау)
6.Ақбөкен туралы танымдық мәлімет (нақты деректер)
7.Сөзжұмбақ «Ақбөкен»
8.Тест (шартты белгімен)
1. Кіріспе сөз.
С.Сейфуллин 1894 ж. Қарағанды обл. Нілді деген жерде дүниеге келіп, 1938 ж. репрессия құрбаны болып дүниеден өтті.
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
Қазақты көргің келсе,міне,осы деп,
Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын,-деп
Сырбай Мауленов ағамыз жырлағандай «Өлеңнің құшағына сыймайтын» тұлғаның ажар –көркі мағыналы іс-әрекетпен кескінделгенде ғана өлнңге жан бітіп,шыңдыққа айналады.
Өлең-көркем өнер туындысы.Олай болса,балалар,бүгінгі сіздердің үйден дайындап келген көріністеріңіз С.Сейфуллиннің бүгінгі өткелі отырған өлеңі -мен тығыз байланысты.
2.Аққу- киелі құс. (көрініс)
Оқушылар көрініс бойынша өз ой-пікірлерін,білетін өлеңдерін айтып,сыр бөліседі.
3. Бүгінгі сабағымызға арқау болатын киікте киелі аң.
«Ақсақ киік» өлеңіндегі сөздердің мағынасына көңіл бөлейік.
4.Сөздік жұмысы. (слайдтан көрсету)
Шөл,Бетпақдала,киік,бетеге,қос,сегіз көштік.
Шөл-суға тапшы аймақ.
Бетпақдала-Арқаның шөл даласы,
Киік,бөкен-аша тұяқты жүйрік аң.
Бетеге-даланың өсімдігі
Қос-далалықта паналайтын баспана
Сегіз көштік-көлденеңің ел «сегіз көшіп» әрең өткен
5. Киікті суреттеген шумақты өлең құрлысына талдау .
1.Қап-қара //екі көзі//мөлдіреген,11а
2.Әдемі//екі танау//желбіреген.11а
3.Елеңдеп//жас балаша//жалтаңдайды,11б
4.Жел түрткен//жусаннан да//селдіреген,11а
6. «Ақсақ киік» өлеңнің әр шумағын мәнерлеп оқып,оқушылар ой-пікірін ортаға салады.
7.Ұшы-қиырына көзжеткісіз кең байтақ Қазақстан территориясы-жасыл желегі жайқалып,төсінде түз тағысы еркін өскен табиғаты әсем жер.
100-ден астам,19 ғ. 1919 ж,1954 ж., 300мың,5мың тонна,1 қыркүйектен 15 желтоқсан.
8.Оқушылар , біз сөзжұмбақты дұрыс шешсек ,қызыл жолақтан бүгінгі сабағымызға арқау болған киелі аң туралы сөз шығады.
Сөзжұмбақ
1.Киелі құс.
2.С.Сейфуллиннің поэмасы.
3.Арқаның шөл даласы.
4.Ы.Алтынсариннің табиғат лирикасына жазылған өлеңі.
5.Бетпақта қысы-жазы ел болмайды,
Ел-жайлау,өзен яки не болмайды?
6.Ж.Жабаев дастаны
7.Ас атасы
9.Тест.иә^ ,жоқ- (слайд бойынша оқып,шартты белгісімен көрсету)
Тест.
Тесттің шартты белгілері: Иә^,жоқ-
1.С.Сейфуллин 1894 ж. дүниеге келді ме?
2.Киіктер орманды жерде мекен ете ме?
3.Киікті бөкен деп атауға бола ма?
4.1919 ж. Киікті аулауға тыйым салынды ма?
5.1954 ж. Ақбөкенді кәсіптік жолмен аулауға рұқсат етілді ме?
6.12. ғасырда киіктер жойылып кетуге аз-ақ қалды ма?
7.1 қаңтардан 15 ақпан аралығында киікті атуға рұқсат етіле ме?
8.С.Сейфуллин 1938 ж. дүниеден өтті ме?
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Бетпақдала-киіктер мекені» атты шағын шығарма жазу. 1,2,3 деңгейге сәйкес өлеңдер жаттау.
Табиғатты қорғау- баршамызға ортақ міндет.








