Абай –қазақтың рухани көсемі, Әдеби кеш

Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектеп. Ә д е б и      к е ш Тақырыбы: Абай –қазақтың рухани көсемі. 8в, 9б — сыныптар..

Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектеп.

Ә д е б и      к е ш

Тақырыбы: Абай –қазақтың рухани көсемі.

8в, 9б — сыныптар

Өткізген : қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Боханова Ш.М.

Ақтөбе — 2011 оқу жылы.

 

8в, 9б- сынып оқушылары.  Сабақтың тақырыбы: Абай — қазақтың рухани көсемі.

Мақсаты: а)Халық тағдыры мен мүддесі үшін Абайша ойланып,Абайша мұңайып,қуанып,оны өзіне үлгі-өнеге,ұстаз тұтып,ақын мұрасын рухани тірлігіне айналдыру . Әр адамның ойына ,қиялына ,сезіміне,жүрек дүрсіліне қозғау салу.

Көрнекілігіне : Абай портреті,қанатты сөздер,қосымша материалдар т.б.

Барысы: 1. Ұйымдастыру.

Жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар!!

Қазақ халқының данышпан ақыны Абай Құнанбайұлына арналған «Абай — қазақтың рухани көсемі»атты әдеби кешімізге қош келіңіздер.

« Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,оны да ойла

Соқтықпалы,соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым,кінә қойма! …» деп

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады.

Бүгінгі күнде ақын Кәкімбек Салықов

«Абай ата, «ескердің», «ескермедің»,

Қайран елдің мұң,зарын көп зерледің

Би болысқа қолшоқпар «бола бермей,

«соқтықпалы соқпақ» қой өткергенің

Іштен оқып сенемін туғаныңа,

Шалқар шабыт бұйырды тың дарынға

Бір ақын жоқ қазақта қатарласқан

Ақын болып жаралған ғалымға

 

Тұлғаң биік,

Кең құлаш көшелісің

Терең тамыр мәңгілік өсер ісің, —

деп жыр жолдайды.

Семейдегі « Приходская школға»түсіп,он үш жасында Абайды үш ай орысша оқығаннан кейін,әкесі Құнанбай ел басқаруға үйреткісі келіп,оқудан шығарып алады. Кейін жас кезінде оқи алмағанына өкінген Абай :

1881-1885 ж.ж.

Оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім…»

Жүргізуші:Бастапқы кезде Абай өлеңдерін «Көкпай сөздері» деп атап жүрген.Ауыл Бақанастың бойына келіп қонып жатқан кез.Абай осы бір көріністі өлең қылышы –деп,Көкпайға қолқа салады.Көкпай біраз өлең қылып еді жақтырмады,сөйтіп өзі жазбақшы болды.Сол күні «Жаздыгүн шілде болғанданы»жазған екен.Көкпайға «сен сағымыңа бір ту бие ал, мен енді өлеңімді өзім алайын,»-деді.

1886 жылы «Жаз»,1888ж. «Күз»,1883 ж. «Қыс»,1890 ж. «Жазғытұрым»

Ән: Желсіз түнде жарық ай.

Жүргізуші: Абайдың сөзінде

Ұлылық ұйып тұр

Ойлы ақыл,сезімге,

Бар қазақ сыйып тұр-дегендей кезекті 1890-1898 ж. Абайдың қарасөздеріне берелік. Он жетінші қарасөзі.

Жүргізуші: Абайдың «Атадан алтау,анадан төртеу» деп өзі жырлағандай Абайдың ұрпағына сөз берелік.

Оқушы: Сүйікті ұлы Әбдірахманға арнаған өлеңі.

«Тұла бойың ұят- ар едің…»

Жүргізуші: «Абайдың баласы Тұрағұлдың естелігі»-деп баласы толғана еске алады.

Жүргізуші: Абайдың шөбересі-Ишағы.

Оқушы:

Жүргізуші: Абайдың ақындық мәдениетті жетілдіруде,ақынның қоғамдағы орны мен көркем сөздің рөлі туралы ойлануына орыстың классигі Пушкиннің ықпалы зор болды.Пушкин шығармаларын оқып ,оны аударумен Абай көбірек шұғылданды.

Бұл -1889 жыл болатын.Олардың көбі-Онегин мен Татьяна арасындағы хаттар.

Оқушы: Татьянаның Онегинге жазған хаты.

Оқушы: Онегиннің Татьянаға жазған хаты.

Жүргізуші: М.Әуезовтың «Абай» романы үзіндісінен көрініс.

Ән: Көзімнің қарасы.

Жүргізуші: Орыстың белгілі жазушы сы А.Н.Радищев айтқандай «Адамның танымы неғұрлым биіктей берген сайын,дүниенің көкжиегі де соғұрлым кеңейе бермек» дегендей ендігі кезекті викторинаға берелік.

Әр көрсетілетін суретке қатысты Абай өлеңдерінен бір шумақ өлең оқу.

Суретке байланысты сұрақтар: 1. « Қараңғы түнде тау қалғып» суретін көрсету.

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы дел-сал жым-жырт қып,

Түн басады салбырап.

 

2.Суға сәулесі түскен түнгі жарық ай:

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп.

3. Жазғы табиғаттың көркем көрінісі:

Жаздыгүн шілде болғанда ,

Көкорай-шалғын,бәйшешек,

Ұзарып-өсіп толғанда.

Күркіреп жатқан өзенге ,

Көшіп ауыл қонғанда.

4. Аңшының бүркітпен аңға шығуы:

Қансонарда бүркітші шығады аңға,

Тастан түлкі табылар аңдығанға.

Жақсы ат пен тату жолдас-бір ғанибет,

Ыңғайлы ықшам кейім аңшы адамға.

5. Жазғытұрымдағы жер жүзінің өзгеруі.

Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы

Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Жан-жануар,адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

6. Ат-ер қанаты.

Шоқпардай кекілі бар,қамыс құлақ.

Қой мойынды,қоян жақ,бөкен қабақ.

Ауыз омыртқа шығыңқы,майда жалды,

Ой желке,үңірейген болса сағақ.

Жүргізуші: Есейді күшім аңдасақ,

Елдігі өсті баралсақ

Семейде Абай туса да,

Абайдың елі-бар қазақ!

Оқушы: Ақын Кәкімбек Салықов «Ақындықтың пайғамбары»

Күй: «Ата толғауы»

Жургізуші: Ұлағатты күні ұлы істің

Шарықтап,шалқып тырыстым

Қазақ боп Абай туса да

Данасы бүкіл Шығыстың.

Оқушы: «Ғылым бар деп жасымда ескермедім,»-

Жүргізуші: Абай қазақ халқының маңдайына біткен дара тұлға дей келіп, халықаралық Абай қорының тұсау кесер жиынында сөйлеген сөзінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Абай — қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, ел болуына ұлан-ғайыр еңбек еткен данагер. Абай — әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» деген болатын. Бұл екінің біріне беріле салатын баға емес,олай болса ,біз де Елбасының айтқан сөзіне қосыла отырып, «Абай –қазақтың рухани көсемі» атты әдеби кешімізді жабық деп жариялаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет! Қош сау болыңыздар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Об авторе

Простой конструктор сайтов WordPress: Универсальные демо-версии для блогов, новостей, электронной коммерции и многого другого — импорт одним щелчком, никакого кодирования! 1000+ готовых шаблонов для потрясающих сайтов газет, журналов, блогов и публикаций.

BlockSpare - Новости, журналы и блоги Приложения для редактора блоков (Gutenberg)

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше