Жаңалықтар

«ЭКСПО – 2017. КӨРЕРМЕН ПІКІРІ»

Bilimnur.kz басылымы ұстаздар және оқушылар үшін «ЭКСПО–2017. Көрермен пікірі» шығармашылық конкурсын ұйымдастырады.

Конкурстың мақсаты: «Экспо-2017» халықаралық көрмесі туралы шығармаларды оқырманға ұсыну

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі ТМД елдері мен Орталық Азия аумағындағы өткізілген ең алғашқы халықаралық деңгейдегі көрме. 

EXPO бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға тұрарлық жаhандық ауқымдағы оқиға.

Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Елдің дамуының «жасыл» жолына көшуіне Астанадағы алда тұрған «ЭКСПО-2017» қуатты серпіліс беруі тиіс. Астанада ғылым мен техниканың үздік әлемдік жетістіктері ұсынылатын болады. Көптеген қазақстандықтар біз қол созып отырған «болашақтың энергиясын» өз көзімен көре алады» — деді.

Аталған іс-шараның Қазақстан үшін маңызы өте зор екені баршамызға мәлім.

Шығармашылық конкурсқа ЕХРО-2017 көрмесіне барып тамашалағандар қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар ЕХРО-2017 көрмесі туралы өзінің әсерімен бөлісе отырып, оқырмандар үшін тартымды шығарма ұсынады деп күтеміз. Шығарманың жазылу формасы еркін және шектеусіз.

  • Конкурс материалдары bilimnur@bk.ru почтасына хат түрінде жіберіледі.
  • Шығарма тақырыбына сай фотолар хатпен бірге қосып жіберілуі қажет.
  • Шығармалар Word, Pdf нұсқада қабылданбайды.

Шығармалардың хат түрінде жіберілу нұсқасы https://bilimnur.wordpress.com/материал-жіберу/ сайтында көрсетілген.

Барлық шығармалар https://bilimnur.wordpress.com/ сайтында жарияланады. және Интернет арқылы «Ақпараттық топ» арқылы таратылады.

Конкурс қатысушыларына «Қатысушы сертификаты» тегін беріледі.

Үздік шығармалар «Алғыс хатпен» марапатталады.

Редакция

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.