Құрметті ата-аналар !!!
Кезекті оқу жылы басталды, алғашқы рет мектеп есігін ашқан бүлдіршіндер де бар!!! Өздеріңізге белгілі күзден бастап күн ерте ұясына батады, сондықтан түстен кейін оқитын балдардың ата-анасы мына қарапайым қауіпсіздік шарасына көңіл аударса! Қараңғы түскенде және мынау апалақ-сапалақ деген уақыт аралығында бір түсті қап-қара киінген баланы жүргізуші 18-метр қашықтықтан байқаса, қызыл түсті киімдегіні- 24 метрден, сары түсті киімдегіні -37 метрден, ақ түсті киімдегіні-55 метрден, ал енді жарық түссе жарқылдайтын арнайы қоспасы немесе жолағы бар киімдегілерді жүргізуші 150 метрден байқайды. Осы тұста жеңіл көлік 60км/сағ жылдамдықпен келе жатып тежегішті басқанда, оның толық тоқтауы үшін шамамен 20 метр қажет!!!’ Яғни, ата-аналар бір түсті қара киім кигенді жүргізуші 18 метрден байқайтынын естен шығармайық!


