Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қамыстыбас ауылындағы № 21 орта мектептің
тарих пәнінің мұғалімі
Рзағазиева Райхан Бақытқызы
Қазақстан тарихы 6 сынып Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.
Сабақтың мақсаты: Сақ патшайымы Томиристің табандылығы, ерлігі, парсы патшасы I Даридің сақ жеріне шапқыншылығы жөнінде түсінік беру.
Тәрбиелік мәні: Ұлтжандылыққа , елін қорғауға, қадірлеуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Томирис патшайым және Шырақ сияқты батыл әрі патриот азаматтар жайында олардың ерліктерін дәріптей отырып, оқушының ой өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: Баяндау, озіндік жұмыс, ізденіс, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, Томиристің суреті, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
2) Жаңа сабақ
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі.
1) Тірек сызба ( Тайпа, Жауынгер, Досқа адал, Дұшпанға қатал, Ирандықтар , Парсылар, Гректер)
2) Сақ тайпаларының қоныстануы.
| № | Сақ тайпаларының аты | Міндеттері |
| 1 | Теңіздің ар жағындағы сақтар (парадария) | Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңы, Сырдария мен Амударияның төменгі ағысы |
| 2 | Шошақ бөрік киетін сақтар (тиграхауда) | Сырдарияның орта ағысы. Тян-Шаньда. Жетісуда |
| 3 | Хаома сусынын дайындайтын сақтар | Мұғраб аңғарында өмір сүрді |
3) Сақтар туралы әлем тарихшыларының ой – пікірі.
- Грек тарихшылары. Сақтар, батырлар, жауынгерлер, «дұшпанға қатал» , досқа – адал болған.
- Грек авторы Фтесий: Сақ әйелдері ержүрек келеді, соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп ұрысқа араласады,-деп баяндайды.
- Рим тарихшысы Квинт Курций Руф. Сақтардың көктен түскен сйқырлы сыйы бар екендігі туралы былай дейді.
Соқа мен қамыт – егіншілерге
Найза мен садақ – сарбаздарға
Жайпақ тостаған – абыздарға арналған
- Грек тарихшысы Полиғы: Шырақ есімді бір сақ жауынгері өзінің денесін өзі жаралап, сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді, сүйтіп парсы әскерлерін адастырып, сусыз шөл далаға апарып қырады, -деп жазады.
- Сақ патшайымы Томирис пен парсы патшасы Кир арасындағы соғыс
Томиристің Кирге жолдаған хаты:
Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе! Сен менің ұлымды қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, аладап барып, пенде еттің. Айла-амалмен біраз жауынгерімді тұтқын қылғаныңды қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып берде, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер олай етпесең, Тәңір атымен ант етемін, қанға қанша тойымсыз болсаңда, адам қанын сусының қанғанша ішкіземін! Делінген еді.
Қорытынды: Сұрақ-жауап
Бағалау
Үйге тапсырма: Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі. Грек тарихшысы Полиенің Шырақ жөніндегі естелігі.
