Ұлы арман
Ұлы арман
Адамдарда болады екен ұлы арман,
Тамшыдайын теңіз болып құралған.
Асқақтаған ұлы армандар жетелеп,
Биіктерге жол көрсетіп тұр алдан.
Бұл өмірде менің де бар арманым,
Шәкірім мен Абай жолын жалғадым.
Даламыздың дархандығын паш етіп,
Әлі-ақ ертең өлең-жырды арнармын.
Мен балаңмын ұмтылған биік қияға,
Жүректегі жалын ішке сия ма?
Ата жолын ардақ тұтып өмірде,
Ақындыққа жақын өстім ұяда.
Қабдуллин Сашыш
Астана қаласы №24 мектеп, 6-сынып
