Қарапайым қазақтың бір ұлымын, жанымды арым үшін еткен құрбан

Қызылорда облысы  Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті  № 170 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ

Кештің тақырыбы: Қарапайым қазақтың бір ұлымын, жанымды  арым үшін еткен құрбан

Мақсаты: Қазақтың  қаһарман  қолбасшысы  Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, үлгі ету, батырдың ерлігіне терең үңіле отырып оқушылардың ой – өрісін  дамыту, Отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға  баулу, ерлікке, батыл болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация слайттары, кітаптар көрмесі.

Кештің барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін  біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар  ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ер елсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында    30 ұлттың өкілі бар БРЕСТ қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қзақстан жерінде жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8 – гвардиялық дивизияның 28 батыры Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың  ішіндешын мәнінде болаттай беріктік пен ер жүректілік  көрсеткен, өз заманында – ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше. Қазақ халқының ардагер ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған  8 «А», 7 «А» класс оқушыларының  қатысуымен «Қарапайым қазақтың бір ұлымын,  жанымды арым үшін еткен құрбан» атты кешімізге қош келдіңіздер.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алу: Қарапайым қазақтың бір ұлымын, жанымды арым үшін еткен құрбан

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше