Биік сенің мәртебең, дархан елім!
Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті № 170 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ
Сабақтың тақырыбы: Биік сенің мәртебең, дархан елім!
Сабақтың мақсаты: Жас жеткіншектер бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез-құлықтың беки түсуіне ықпал ету. Адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ассоциациялау
Көрнекі құралдар: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың суреті, еліміздің рәміздері, презентация слайттары.
Сабақ барысы:
Мұғалім сөзі:
«Биік сенің мәртебең, дархан елім!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатын бастамас бұрын, сіздерді бұл мерекенің маңыздылығымен таныстырып өтейін. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.
Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат, Ләззат, Сәбира, Ербол сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне, содан бері – 20 жыл! Бейбітшілік пен жасампаздықтың – 20 жылы.
Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алу: Биік сенің мәртебең, дархан елім!
