сыныптан тыс шара

«Сөз-мерген» тіл-танымдық ойыны
«Сөз-мерген» тіл-танымдық ойыны
Мақсаты: «…Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылығы мен нәзіктігін Абай ақын тамсана жырлаған, қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету. Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету.
Сайыстың басты мақсаты – қазыналы қазақ тілін жетік меңгерген тіл жанашырларының тілге жүйрік, сөзге шешен екендігін анықтап, нағыз сөз мергендерін тану.
Сайыстың шарттары: Сайыс үш кезеңнен тұрады: «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыста қазақ тіліне байланысты тест тапсырмалары, мақал-мәтелдер және әр түрлі тапсырмалар жасырылады.
Жанры: Тіл – танымдық сайыс
Көрнекілігі: Слайд
Жүргізуші: Қажығұмарова Ұлжан – 9 «А» сынып
Қатысушылар: 5 «А», «Б» сыныбы
5 «А» сыныбынан:
 Әшімова Арайлым
 Зейкен Аслан
 Сембаева Луиза
 Жаров Алдияр
5 «Г» сыныбынан:
 Зейнілғабиденова
 Қаһарман
 Сатыбалды
 Траиспаев
Сайыстың барысы:
І кезең: «Мықты болсаң, тауып көр».
ІІ кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».
ІІІ кезең: «Ойлы болсаң, озып көр».
Сайысты қорытындылау: Жеңімпазды анықтау, марапаттау.
Ұйымдастырушы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – А. Тиынтай

Қажығұмарова Ұлжан:
Армысыздар ұстаздар, оқушылар, қадірменді қонақтар!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Аралыммен арыммен қатар қойып,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің! – дей отырып, 5 «А», 5 «Б» сынып оқушыларына арналған «Сөзмерген» қазақ тілін білгірлер сайысын назарларыңызға ұсынамыз!
Ақталған ақ арманы, үміттері,
Қашан көрсең жүреді күліп тегі
Қаумалаған ағайын, аманбысың,
Аманбысың, сайыстың үміткері
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.

5 «А» сыныбынан:
 Әшімова Арайлым
 Зейкен Аслан
 Сембаева Луиза
 Жаров Алдияр
5 «Г» сыныбынан:
 Зейнілғабиденова
 Қаһарман
 Сатыбалды
 Траиспаев
Шын жүйрік шабысымен танылады,
Нақты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады
Әділғазылар алқасымен таныс болыңыздар.

  1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Табулова Қорлығайын Советқызы
  2. Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің оқытушысы – Рахметова Үмілғарап Ілиясқызы
  3. Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы – Бөстекбаева Лейла Есімқызы
    Жақсылық адамдардың тілегі екен,
    Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
    Дәстүрі қазағымның сарқылмаған,
    Шарттарын сайыскерлер біле ме екен? – сайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік.

Сайысқа барлығы 8 оқушы қатысады. Сайыс үш кезеңнен тұрады. «Мықты болсаң, тауып көр», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Ойлы болсаң, озып көр». Сайыстың әрбір бөлімінен соң ұпай саны төмен 2 оқушы ойыннан шығарылып отырады. Жеңімпаз «Сөз мерген» дипломымен және сыйлықпен марапатталады. Сайыстың әрбір кезеңі аралығында көрермендермен де ойын жүргізіледі. Ойынға белсене қатысушылар сыйлықтарға ие болады.
Сайыстың шарты түсінікті болса, «Сөз-мерген» тіл-танымдық ойынынын бастаймыз.
1 – кезең. «Мықты болсаң, тауып көр».
Бұл бөлімде қазақ тілі мен қазақ әдебиетіне және логикалық сұрақтарға байланысты тест тапсырмаларын орындайсыздар. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Экранда берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берсеңіздер, қоржындарыңызға 1 ұпайдан қосылады.
(Экраннан тест тапсырмалары көрсетіледі. Оқушылар тест тапсырмаларын орындайды. Барлығы 10 тест. Тест нәтижесі бойынша ұпай саны аз екі 2 оқушы ойыннан шығарылады. )

Қажығұмарова Ұлжан:
Осымен сайыстың І кезеңі аяқталды. І кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендерге сұрақтар жасырамын. Сіздер қол көтеріп жауап бересіздер.
1. Екпіннің неше түрі бар? (4-ой екпіні, сөз екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні);
2. «Оюлар» өлеңінің авторы? (Фариза Оңғарсынова);
3. Жылқыда не жоқ? (өт жоқ)
4. «Өзің белмес ісіңді,
Білгендерден сұрап біл.
Өліп жатсаң наданнан,
Қабырыңды жырақ қыл»-деген өсиет сөздің авторы кім? (Жиренше шешен)
5. Білгеніңді кісіден сұра, …. мақалды жалғастыр (үлкен білмесе кішіден сұра)

(Сұрақтарға жауап берген оқушыларға сыйлықтар тапсырады).

Қажығұмарова Ұлжан:
І кезеңнің қорытындысы бойынша __________________________________________________________________________
ойыннан шығарылады. Сіздер біздің сайысымызға қатысып, жақсы жауап бердіңіздер. Білімдеріңіз шыңдала берсін. Қатысқандарыңызға рахмет.

ІІ кезең:
Енді екінші кезеңге көшеміз. ІІ кезең – «Жүйрік болсаң, шауып көр», бұл кезеңде ауызша тапсырмалар беріледі.Тапсырмаға ең бірінші қол көтерген сайыскер жауап береді. Мұнда сіздердің шапшаңдықтарыңызбен қатар, ана тілімізді түсіну деңгейлеріңіз тексеріледі. Тапсырма:
Берілген сөзді дұрыс нұсқамен сәйкестендіресіздер және сол тіркестің мазмұнын ашасыздар.
Мысалы:
көрпеге тимеу
жерге тимеу
Жарғақ құлағы
жанына тимеу
жастыққа тимеу

Дұрыс жауабы: Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппай күні-түні еңбектену.

Әрбір дұрыс жауапқа берілетін ең жоғарғы ұпай – 5.
ТАПСЫРМАЛАР:
үлкен болды
төрт болды
1. Екі көзі
түйедей болды
жапалақтай болды
Екі көзі төрт болды – қорқып кетті

қар тамған
жас тамған
2. Кірпігінен
су тамған
қырау тамған
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы, суық жүзді адам

атылған оқ
атылған садақ
3. Айтқан сөз –
ақыл сөз
бата сөз
Айтқан сөз – атылған оқ – айтқан сөзінде тұру, уәдесін орындау.

бүгінен түсті
алшысынан түсті
4. Асығы
тігінен түсті
аунап түсті
Асығы алшысынан түсті – жолы болды.

бозторғай жұмыртқалау
көгершін жұмыртқалау
5. Қой үстіне
құс жұмыртқалау
сауысқан жұмыртқалау
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық орнау.

су алмас
жем алмас
6. Қой аузынан
сөз алмас
шөп алмас
Қой аузынан шөп алмас – жуас.

Осымен сайыстың ІІ кезеңі аяқталды. ІІ кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендерге сұрақтар жасырамын. Сұрақтар қазақ тілінің лексика бөліміне және қазақ әдебиетіне байланысты болады. Сіздер қол көтеріп жауап бересіздер.

  1. Кеден – жаңа сөз, неологизм
  2. Бесік құда – көнерген сөз, архаизм, бала бесікте жатқанда құдаласу
  3. Ұрлықшы – дисфемизм, дөрекі сөз
  4. Құлағының мүкісі бар – эвфемизм, жұмсартып айту.
  5. Бетінен оты шығу – тұрақты тіркес, ұялу
  6. Жай түсті – табу сөз, найзағай түсу
  7. 40 уәзір қай ертегіден – «Аяз би»
  8. «Сағындым» өлеңінің авторы? (Мағжан Жұмабаев)
  9. «Құлагер» жылқы туралы шығарма қалай аталады, авторы кім?
    (Сәкен Жүнісов «Ақырғы бәйге»)
  10. Күнделік түрінде жазылған шығарма қалай аталады, авторы кім? (Даниэл Дефо «Робинзон Крузо»)

(Сұрақтарға жауап берген оқушыларға сыйлықтар тапсырады).

Қажығұмарова Ұлжан:
ІІ кезеңнің қорытындысы бойынша __________________________________________________________________________
ойыннан шығарылады. Сіздер біздің сайысымызға қатысып, жақсы жауап бердіңіздер. Білімдеріңіз шыңдала берсін. Қатысқандарыңызға рахмет.

ІІІ кезең:
Енді үшінші кезеңге көшеміз. ІІІ кезең – «Ойлы болсаң, озып көр», Берілген тақырыпқа байланысты өтірік өлең құрастыруларыңыз керек. Мұнда сіздердің ойлау қабілеттеріңіз тексеріледі. Тапсырмаға берілетін уақыт – 5 минут.
Тақырыбы: «Сабаққа дайын емеспін».

(Тақтада өтірік өлеңнің тақырыбы беріліп тұрады. Оқушылар өлең жазғанша музыка ойнайды).

Қажығұмарова Ұлжан:
Сіздерге берілген уақыт аяқталды. Кәне, өлеңімізді оқимыз.
1.
2.
3.
4.

Осымен сайыстың ІІІ кезеңі аяқталды. ІІІ кезеңнің қорытындысы шыққанша көрермендердің арасында жатқа өлең оқу сайысы өткізіледі.

 Үш жұртты ата? (өз жұртың, қайын жұртың, нағашы жұртың.)

ІІ кезеңді әділқазылар алқасы бағалайды.

«Ойлы болсаң, озып көр». Сайыста тапсырмалар жасырылады.

Әділқазылар алқасы берілген жауаптарға байланысты бағалайды.

  1. Ілінбеу – беті, көзі, аузы, қолы
    Көзі ілінбеу – ұйықтамау
  2. Отыру – қарға, суға, мұзға, буға
    Мұзға отырғызу – алдау, арбау

  3. Асу – құлақ, бет, жақ, ауыз
    Құлақ асу – тыңдау, назар аудару

  4. Сындыру – қол, ағаш, тіл, ыдыс
    Тіл сындыру – сауатын ашу

  5. Жету – қолы, құлағы, мақсатқа, көзі
    Көзі жету – анық білу

  6. Тістеді – қолын, білегін, бармағын, тырнағын
    Бармағын тістеді – өкінді

  7. Тасу – ажар, көңіл, бой, қол
    Көңілі тасу – қуану, шаттану

  8. Жанды – құс, ит, балық, ән
    Ит жанды – көнбіс, момын

2 – кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр».
1. Жауар – оқыған, талапты, білімді, саналы
Талаптыға нұр жауар

  1. Тік – туған, әнұран, отау, елтаңба
    Туған жерге туың тік
  • Қазына жоқ – білім, ақыл, тіл, ұйқы
    Тілден артық қазына жоқ

  • Намыс – ер, батыр, дос, сұлтан
    Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді.

  • Көтереді – тіл, ақыл, ой, піл
    Піл көтермегенді, тіл көтереді.

  • Бала – мәдениет, ізет, әдеп, талғам
    Әдепті бала – арлы бала,
    Әдепсіз бала – сорлы бала.

  • Жарады – тіл, сөз, тас, сана
    Тіл тас жарады,
    Тас жармаса, бас жарады.

  • Қолқа жоқ – тіл, сөз, ми, көз
    Сөз тапқанға қолқа жоқ

  • Тілдің қасиеттілігін байқау үшін 2 топ өнерлерін тамашалайық!

    1 – «Алғырлар» тобы
    Тіл туралы диалог. (Мұқағали ізімен)

    Тілің, дінің жоғалса, айтшы, досым, не етер едің?
    Тілім, дінім болмаса мылқау болып өтер едім.
    Болашағы мұнар боп, жоғалмай ма қайран тіл?
    Шұбарламай тіліңді, өз онымен сөйлей біл.
    Тілін білмес жандарды айтшы біздер не дейміз?
    Тілін білмес адамды құр жәндікке теңейміз.
    Тілімізді қалай біз көтереміз жаңғыртып?
    Таза, көркем сөйлейік, көрсетпейік салғырттық.
    Тазалығы тілімнің сақталмайды неліктен?
    Ондайларға айтарым: «Тілді сыйла, құрметте, Тіл- халықтың жаны мен сәні» деймін жүректен.
    Басқа пәле тілден деп ойлайсыңба достарым?
    Аз сөйлегін, көп тыңдап, ей болашақ жастарым.
    Шұбарламай тілімді қалай сақтап қаламын?
    Анық, таза сөйлеуге бар күшімді саламын.

    2 – «Білгірлер» тобы. Көрініс.
    Қатысушылар:
    Нурадил, Айдар – қала маңындағы тұратын оқушылар.
    Темирлан – шалғай, қазақы ауылдан келген оқушы.
    Гарик – орыс баласы.
    Нурадил: Мен саған тренировкада бір трюк көрсетем, керемет трюк, мә-ә! Білмейсің ғой оны.
    (Алдарынан Темирлан шығады)
    Айдар: Ей, Нурадил ананы қара мамбет келе жатыр.
    Нурадил: Кім ол? Темирлан ба, оны неге олай айтасың?
    Айдар: өй ол орысша білмейді, өткенде бізді позорить еткен. (Темирлан жақындайды)
    Темирлан: Иә, қалайсыңдар, неғып жүрсіңдер?
    Айдар: Әй давай пошли!
    Темирлан: тоқтаңдар менде барам, сендер күреске барасыңдар ма?
    Нурадил: аха күреске барамыз, кеттік. (Алдарынан Гарик шығады.)
    Айдар: о, Гарик, как дела?
    Гарик: Хорошо! Здарова, Темирлан!
    Темирлан: Гарик мен орысша білмеймін ғой.
    Айдар: Ей, я вам прикол покажу, Темирлан «тренировка» деші.
    Темирлан: Три-нив-офка, өй мен дұрыс айта алмадым білем, қойшы соны…
    Айдар: кетші ей сен, өй колхоз (Темирланды итеріп жібереді)
    Гарик: Вы зачем смеетесь, зачем его толкаешь?
    Айдар.:Ой. Он русский не знает.
    Гарик: Ну и что? А что здесь серезного?
    (Темирлан Айдар пен Нурадилдің жанына ызаланып жетіп келеді)
    Темирлан: Әй, сендер қазақсыңдар ма?
    Нурадил, Айдар: Иә, қазақпыз.
    Темирлан: Жоқ! Сендер мәңгүртсіңдер! Өз ана тілдеріңді сыйламайсыңдар, демек аналарыңды сыйламайсыңдар. Біз еркін елміз, өз тіліміз, өз жеріміз, өз үйіміз бар. Неге өз рухымызды, тілімізді, мәдениетімізді қорғамаймыз? Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына кіреміз деп отыр, ал сендер оны түсінбейсіңдер. Сонда елу елдің қатарына басқа тілмен кіреміз бе? Неге басқа ұлт өкілдеріне өз тілімізді үйретпейміз? Ол туралы заңда бар емес пе? Соны неге орындамаймыз?
    Сендер өз тілдеріңді менсінбейсіңдер, басқалар не істемейді? Сөйтіп жүріп мамбет, «колхоз» дейсіңдер ал, өздерің ше? Ана тілінен жеріген мәңгүрт екендеріңді білмейсіңдер ме? Егер мен аналарыңа тіл тигізсем, қалай ашуланар едіңдер, ал өздерің сол аналарыңды менсінбей отырсыңдар. Ал жауап беріңдерші осыған. (Айдар және Нурадил қызарып бір-біріне қарайды)
    Айдар: Қой кеттік, әйтпесе кешігіп қаламыз. (Екеуі кетеді)
    Гарик: Темирлан ты что –то долго говорил?
    Темирлан: Гарик, сен ренжіме, маған қазақша айт, мен түсінбеймін.
    Гарик: Ну ладно, кеттік, а-то кешігеміз. Правилно сказал?
    Темирлан: Жарайсың, Гарик, кеттік.

    3 – кезең. «Ойлы болсаң, озып көр».
    1. Қорамсақ – мылтық, найза, садақ, айбалта
    Қорамсақ – садақтың жебесін салып белге байлайтын жеке-жеке ұясы бар оқсалғыш.

    1. Ерулік – қол, ауыл, үй, жылқы
      Ерулік – жаңадан көшіп келген үйді көрші-қолаңның қонаққа шақыруы.
  • Шаршы – киім, орамал, бұйым, аспап
    Шаршы – ұзатылып бара жатқан қыздың өзінен кейінгі сіңілісіне орамалын беруі, аманат етуі.

  • Жүргізуші Амиран:
    Ұлы ғұлама Пифагор: «Қандай да болсын халықтың әдет-ғұрпын үйренгің келсе, алдымен оның тілін, дінін үйрен» – деген екен, міне біз бүгін сіздерге оқу орыс тілінде жүргізілетін сыныптарда «Сөзмерген» атты қазақ тіл білгірлері сайысын көрсеттік.
    Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

    «Біздің тіл- өткірлігімен бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан –жүйеңді жадыратып, жүрегіңе тиімді, қысылтаяң, қатал жағдайда қайрап, егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін, ерге, елге медет болатын тіл», -деп даңқты атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілді құрметтеу, елді құрметтеу, ұлтыңды қастерлеу болып табылады.
    Ана тілінің құдіретін ұмытпай, оны келешек ұрпаққа таза күйінде жеткізу – біздің міндетіміз. Ана тілінің мөлдір әлемін лайлатпай, тұнық күйінде қолданайық, жас достар!

    Добавить комментарий

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше