«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» айдарымен оқушылар арасында өнер фестивалі болып өтті

№103 Жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Турсунжанова Ляззат Назиржановна

Шымкент қаласының жалпы орта мектептерінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» айдарымен оқушылар арасында өнер фестивалі өтілуде. Фестивалға оқушылар арасынан өнерлі, дарынды балалар іріктеліп алынып, қатыстырылды. Атаулы мерекеде Ұлы Абайдың 170 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қамтылып, ұлттық өнер құдіреті жандандырылып, Егеменді Қазақстан жастарының жарқын болашағын кеңінен насихатталып, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында іс – шарада әндер мен билер, театрландырылған қойылымдар, флешмоб, әскери-патриоттық тақырыпта 11 сынып оқушылары қойылымдар көрермендерге ұсынылды.

Сонымен қатар оқушылар: домбыра, сыбызғы т.б. аспаптармен өнер көрсетті. Іс – шарада оқушылар мен ұстаздардың біріккен композициялық көрме және қолөнер бұйымдарымен таныстырылды.

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!» айдарымен өткізілген өнер фестиваліне қазылар алқасы тарапынан оң бағасы беріліп, өз дәрежесінде өткізілді.

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше