14 наурыз – Көрісу күні

көрісуАссалаумағалейкум Қазақ елі бауырларым, аналар, апаларым, інілерім, қарындастарым!

«Жастарыңыз құтты болсын» ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін. Ел тыныш, туған жерміз аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын.

Көрісу мерекесі еліміздің батыс өңірлерінде сақталып, бүгінгі күні кеңінен тарай бастаған, мереке 14-наурыздан бастап қыстан аман-есен шығып, қауышудың белгісі ретінде тойланады.

Көнекөз қариялардың айтуы бойынша, Жаңа жылды қарсы алатын ауыл-аймақ тұрғындары үйлерінің айналасын жинақтап, дастархандарын сайлап алады.Негізгі мереке таң сібірлеп атысымен жасы үлкен адамдарға сәлем беріп, «Жасыңыз құтты болсын!», «Бір жасқа шығуыңызбен» деп ізгі тілектерін айтумен басталады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бірін-бірі қонаққа шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді. Әсіресе, жасы кіші болсада қыз берген үйге алдымен барып көрісуі, қазақтың жөн-жоралғысы осындайда қатты сақталып, «көрісуге жарамады» деген сөзді естімес үшін, әулет өзінің жолына қарай көрісу қамын жасайды. Ал елдегі дана әжелеріміз, аналарымыз отқа май тастап, бауырсағын пісіріп, «жыл молшылық болсын»деп дастархандарын толтырып қояды. Мерекенің негізгі мақсаты үлкенді сыйлау, кішіні қамқорлау, әлсізді демеу, жарлыны жарылқау сынды ұлы қасиеттердің бастауы сияқты.

Міне, осы бір шаттық пен қуанышқа, бата мен молшылыққа толы мерекеде мәре-сәре болған жұрт, жақсылықтың бастауымен Жыл басы Наурыз мерекесі мейрамын қарсы алады. Ендеше, Наурыз келді ағайын! Баршамыз ыстық ықыласпен мерекені қарсы алайық.

Индер аудандық білім бөлімі оқушылар шығармашылық
орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы
Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше