Көпшілікке белгілі “4 фото1 сөз” ойынының Android-смартфондарға арналған қазақша нұсқасы жарық көрді

Баспасөз релизі

 Сіз қазақ тілін білесіз бе, әлде оны үйреніп жүрсіз бе? Әрі смартфоныңыз бар ма?

Енді көпшілікке белгілі “4 фото 1 сөз” ойыны қазақ тілінде де шықты. Жасырылған сөздерді табу барысында есте сақтау қабілетіңізді жəне ерекше ойлау қабілетіңізді тексеріп көруіңізге болады. Ойын – қазақ тілін емін-еркін білушілермен қатар, тіл үйренушілерге де пайдалы бағдарлама. “4 фото 1 сөз” ойыны жаңа сөздерді білуіңізді бекітуге, жаңа сөздерді үйренуіңізге жəне ойын ойнау арқылы сөздерді жаттап алуыңызға мүмкіндік береді. Өзіңіздің қазақша сөйлеу мүмкіндігіңізді жетілдіруге жəне сөйлеуге мүмкіндік аласыз. Ауызша ойындар бүкіл әлемде, әрі негізінен алғанда белсенді ми жұмысымен айналысатын адамдар арасында танымал!

Сөз ойыны және, оның ішінде, ” 4 фото және қазақ тілінде 1 сөз” не береді:

  • Жадыңызды жаттықтырады
  • Қазақ тілінде белгілі болып отырған сөздерді жадыңызда бекітеді
  • Жаңа сөздерге үйретеді, сөз қорыңызды кеңейтеді
  • Қазақ тілінде естіп жүрген қазақ сөздерін дұрыс жазуға үйретеді
  • Ассоциативтік ойлауды дамытады
  • Балалар мен жасөспірімдерде қиялдау мен елестетуді дамытады
  • Ұлттық мейрамдардан, әдет-ғұрыптардан дәстүрлі қазақ терминдерімен таныстырады
  • Қазақ тілін білу деңгейі әртүрлі адамдарға қол жетімді.

Сандармен:

  • Күн сайын плэймаркетте жүздеген жаңа ойын пайда болып жатады, бірақ қазақ тіліндегі және қазақ тілін дамытуға арналған контент әзірге ондаған ойынмен өлшенеді
  • Тұрмыстық деңгейде қатынас жасау үшін, адамға 500 аспайтын сөзді білген жеткілікті
  • 2 жастан 4 жасқа дейінгі бала 50-ден бастап 700 дейін сөзді қолданады

Қуляна Алина: «Ойын бүкіл әлемде бұрыннан белгілі және танымал, әрі ноу-хау емес! Бірақ, ойын сонда да өте пайдалы. Біз оны тіл үйренетін адамдарға көмектеседі, әрі жай ғана – олардың көңілін көтереді деп үміттенеміз. Ойын тіл үйрететін ойын болып табылмай, тек жадыны жаттықтыруға арналған қосымша құрал болып қызмет етеді! Қазақ тілі – бұл халқымыздың байлығы, оның жаны мен игілігі екендігі дәлелдеп жатуымызды талап етпейді. Әрине, жүз-екі жүз сөзді білуі адамды кез келген тілдің білгірі етіп жібермейді, бірақ, осылайша адамдар мен халықтар арасындағы шекараларды жоя отырып, сөйлеуге және қатынас жасауға мүмкіндік береді.

Герольд Бельгердің адамға қажетті сөздер саны туралы дәйексөзі:

«Ағылшын тілінде 240 мың түбір сөз бар деп есептеледі. Шекспирдің сөздік қоры 15 мың сөзден тұрады екен. Байрондікі де 15 мың. Маяковский де осы шамада. Ал А. Пушкин болса, 21197 сөз қолданыпты. Ә. Науай бұлардан да асып түскен. Оның сөздік қоры 26 мың сөзден тұрады. В. И. Ленин 31 мың сөз қолданған. Мұхтар Әуезов «Абай жолы» эпопеясында 16983 сөз қолданған деп есептеледі. Даль болса 53 жыл бойы құрастырған сөздігінде 200 мың сөзді пайдаланған. Бұл сөздің қисабы жоқ мақал-мәтел, түсініктемелерден тұратынын оқырман біледі. 17 томнан тұратын академиялық қазіргі әдеби тіл сөздігінде 120 мың 488 сөз қамтылып, түсініктеме берілген. Ал өндіріс, ғылым, мәдениет және де басқа адамзат тіршілігіне қатысты салаларда пайдаланылатын сөзде есеп жоқ, оны толық санап шығу мүмкін емес, – дейді ғалымдар.

1953 жылы, қазақ түсіндірме сөздігінің алғашқы бір томдығы басылуға дайындалған кезде, Қазақ КСР Ғылым академиясының қорында (картотекасында) 180 мың сөз есепте болды, ал 1972 жылдың өзінде-ақ бұл картотека 2 миллион 550 мың сөзден тұрды. Қазақ сөздерінің картотекасының өз бастауын 1937 жылдан алатындығын атай кетейін. 70-ші жылдары қазақ түсіндірме сөздігінің он томдығы басылып шығарылды. Шынында да, ерен еңбек және сан жетпес сөз! Асыл қазына!»

Пресс-кит: https://4foto1slovokz.wordpress.com/

Ойынды жүктеу: https://play.google.com/store/apps/details?id=com.artikula.fotoslovokazaksha

БАҚ үшін байланыс жасау мәліметтері: qazaqtili.com@gmail.com, kulyanalina@gmail.com, 87077305479 (Куляна Алина)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше