ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Қызылорда облысы  Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті  № 170 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚОЖАБЕРГЕН МӨЛДІР ЕСЕТҚЫЗЫ

Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер. Ж.Аймауытов

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп тұжырымдаса, ҚР 2015 жылға дейінгі орта білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдылары негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін – өзі іске асыруға,  өзін – өзі дамытуға және өз бетінше қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп атап көрсетілген. Ендеше, Елбасының «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деген сөзі әрбір адамды ойландыруы тиіс. Өйткені мұғалім еңбегінің нәтижесі қандай болса, елдің, қоғамның ертеңі, болашағы сондай болмақ.

Елбасы Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болмақ. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» деген. Ендеше өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкірттерінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге әбден болады. Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени-ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, жоғары құндылық.

Мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс.

Сабақтың толық нұсқасын көшіріп алу: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше