Сабира Еркеева
Баяндама
Тақырыбы: «Жарқын болашақ, нық қадам»
Мақсаты: Елбасының болашаққа айқындап берген жобалары мен идеялары арқылы ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын насихаттау.
Ұлт Жоспарында «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформаның жалпы жұрттық деңгейде бірден қолдау тауып, халықтық реформа деген атқа ие болды.
І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ
II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
ІІІ. ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ
IV. БІРТЕКТІЛІК ПЕН БІРЛІК
V. ЕСЕП БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Бұл – ұлттық жоспардың көкжиегі кең, маңызы орасан екенін айғақтайды. Қазақ елі күн санап көркейіп, дамып келе жатқаны ақиқат. Елбасының реформасы және оның орындалу жолындағы тиянақты 100 қадамы еліміздің өсіп-өркендеуіндегі тездеткіш катализатор іспетті. Осы жүйелі жоспарда мемлекет тарапынан халықтың рухани-мәдени дамуына баса назар аударылғандығы көп нәрсені көрсетеді. Сондай-ақ, дамудың 100 нақты қадамынан құралған Ұлт жоспары Қазақстанның жаңа тарихи шарттар бойынша дүние жүзінің озық елдерінің қатарына қосылу жоспары.
«Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады»-деп Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай.
Білім – ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты құралы болып табылатындықтан, университеттердің оқу-әдістемелік жұмысы кешенді түрде дамытылып, білім берудің ұлттық үлгісіне өту арқылы білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізетін, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамытатын кәсіби құзыретті ұстаз дайындау жолға қойылатындығы айтылды.
Атап айтсам, 89-қадамда сөз болғанмектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізуөте дұрыс деп есептеймін. Өйткені біз өскелең ұрпақты жастайынан патриоттық тәрбиеге баулып, еліміздің мәңгілік жасауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз тиіс. Ол үшін, әрине, «елім» деген ұл-қыздардың санын арттыруымыз керек. Ұлтқа, мемлекетке, тілге деген құрмет балаға неғұрлым ертерек ұлықталса, соғұрлым оның берері де мол болады деп ойлаймын.
Бұл-тәуелсіздіктің аз ғана жылында көптеген мемлекеттер жете алмаған биік белестерді еңсерген Қазақстанның әлемнің алдыңғы қатарлы 30 елінің қатарына қосылу үшін жасаған ғасырлық межесі.Ал реформаларды жүзеге асыру –алдағы 10 немесе 15 жылға негізделген жалпыұлттық нөмірі бірінші мақсат-міндет болып табылады.
Қорыта келгенде алдыға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!