konkurs

«Алтын ұя мекенім» — Білім мекемесінің жаңалықт ары, іc-шара есебі номинациясына жазылған мұғалі м есебі

№81Ұлықбек атындағы негізгі орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Раимкулова Садокат 2015-2016оқу жылында курс бойынша өткізген іс-шараларының есебі

Раимкулова Садокат үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курсты 2014 жылдың 25мамырында аяқтап, осы бағдарлама бойынша жұмыс атқарып келемін.Бағдарламаның негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының үшінші ( негізгі) деңгей бағдарламасы оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел — уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір — көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім.

Өз тәжірибеме келетін болсам, сабақтарымда 7 модульді қолданамын.Мектептегі сабақ беру кезінде іс-тәжірибеме өзгерістер енгізу арқылы өзімді де, оқушыларымды да өзгерте алдым дей аламын. Өзгеріс дегеніміз- жаңа тәсілдерді енгізу. Өз тәжірибеме енгізген жаңа тәсілдің бірі- тренинг. Тренинг оқушының назарын сабаққа аударады және қызығушылықтарын арттырып, ынтымақтастықты қалыптастырады. Топтық жұмыс- бұрын-соңды көп көп қолданбаған тәсілдерімнің бірі.Топтық жұмыс, біріншіден оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Бірін-бірі оқытуға, бірін-бірі үйренуге жағдай жасайды және көшбасшыны анықтауға мүмкіндік береді.Әр сабағымда топпен жұмыс және жұппен жұмыс жүргізіліп отырылады.Әрине, маған сабаққа тиянақты дайындалуға көп уақыт қажет болды және тапсырмаларды түрлендіріп, сабақты өмірмен байланыстырып, әр сабақ сайын топтарды өзгертіп отырдым.

Өзімнің өткізген ашық сабақтарыма тоқталатын болсам,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Сын есім», «Қайталам қос сөздер», «Сан есім», «Қыс» т.б тақырыбына ашық сабақ өткіздім.Ашық сабақтың жоспары осы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы құрылып, топпен жұмыс жүргізілді.Сабақтың бастамасы ынтымақтастық атмосферасы орнатылудан басталды.Оқушылар, ата-аналар, ұстаздар стикерлерге өздерінің әсерлерін жазып, «Менің сабақтан алған әсерім» бұрышына жабыстырды.

Сабақтың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып, топпен, жұппен жұмыстада бірін- бірі тыңдап, ұйымшылдық көрсетті.Қыс туралы көптеген мағлұматтар алды.Сөздік қорлары артып, өз ойларын ашық айта білді.

7-сыныптар арасында «Қазақ тілім- дара тілім» тәрбие сағат «Көшбасшылар»тақырыбында сайыс сыныптан тыс іс-шара өткізілді. Сайысқа өзім сабақ беретін 7-сынып оқушылары қатысты. Көшбасшылар кезеңдер бойынша тапсырмаларды орындады. «Ұлықбек көшбасшысы» атты атақты 7-«б» сынып оқушысы Д иеленіп мақтау қағазымен марапатталды.

Сыныпта өткізген ата-аналар жиналысы әр тоқсан сайын топтық жұмыстар арқылы өткізіліп отырылды.Ата-аналар жиналысына ата-аналар түгелдей қатысып отырды.Ата аналармен «Бала тәрбиесінде ата -ананың рөлі»тақырыбында семинар тренинг өткіздім.

Мектептің педагогикалық қызметкерлері арасында 27.11.15 М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі тақырыбына үлгілі сабақ өттім.

Сонымен қатар сыныпта дарынды оқушылар бар. Д,У ,М қазақ тілі пәнінен Бұл оқушыларға жылдық жоспар құрылып, жұмыс түрлері жүргізіліп келеді.

Өткізген ашық сабақтарымды Kopilkaurokov.ru Білімділер 45 <45@45minut.kz> сайттарына жіберіп свидетельствоға ие болдым. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республыкалық ғылыми- педагогикалық, әдістемелік жұрналының 2015жыл 7 маусымда басылымға шыққан санында С.Сейфуллин «Дала»өлеңі тақырыбындағы ашық сабағым жарияланды.Алдағы уақыта да жоғарыда атап айқан жұрналдың 2016 жыл сәуір айындағы санында өзім туралы және «Қайталама қос сөздер» тақырыбындағы ашық сабағым жарияланады.

Құзырлы оқытудың негізгі идеясы оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруі, түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Қорыта келгенде, сабақтарды осындай әдіс-тәсілдермен өткізу арқылы мен оқушылардың білімді өз бетімен оқып-үйрене алатынына, өзінің оқуы үшін өзі жауапты екендігін сезінетіндігін, қызығушылықтары оянып, белсенділіктері артатындығын, олардың ой еркіндігі дамитындығына көзім жетті. Сондықтан да мен, бұл бағдарламаны барлық ұстаздар меңгеріп, барлық мектептерді қолдау тауып, тиімді қолданылуы керек деп ойлаймын.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.