Без рубрики

Озық ойлы оқушы

Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің
оқу ісінің меңгерушісі Канапина Зибагүл Сейдәліқызы

Тақырыбы: « Озық  ойлы оқушы»
Мақсаты:
а) Оқушылардың  зеректік қабілетін  дамытып ой  өрісін кеңейту. ә) Оқушылардың білімге  деген қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін  дамыту. б) Өз  ойын  айта  алатын  зерделі, білімді тұлғаны  тәрбиелеу.
Сайыстың түрі:
Танымдық  ойын  сабағы. (Білім  сайысы)

                               Барысы:

Мұғалім: Армысыздар, құрметті  ұстаздар, оқушылар! Оқушылардың ой өрісін  кеңейтіп, ойлау  қабілеттерін  шыңдайтын, білімді  оқушыларды   анықтайтын  «Озық ойлы оқушы» атты сайысымызды бастаймыз.

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дегендей білімді адам ешнәрседен қорықпайды.

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізер сіздердей өренді

Жеңістің мынау шыңына,-  дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілейміз. Сайысқа 6a-6б сыныптың озат оқушылары қатысады. Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Сайыс бағдарламасы: І.  «Кім көп біледі» (Сұрақтар қою)

                                      ІІ. «Қасиетті жетілік»(7 пәннен сұрақтар қойылады)

                                      ІІІ.»Тіл өнері»

                                      

                                       ІV.»Жорға»

                                       V.Қорытынды

І.«Кім көп біледі?» бөлімінде сайысқа қатысушы оқушыларға сұрақтар қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1.Қазақ әліппесін жасаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)

2.Алаш партиясын ұйымдастырушы ( Ә. Бөкейханов)

3.Қасиетті тағам ( нан)

4.Жердің табиғи серігі ( ай )

5.Абайдың дарынды шәкірті ( Шәкәрім)

6.Ең кішкентай құс (колибри)

7.Мұсылман діні ( ислам)

8.Қазақтың тұңғыш академигі (Қаныш Сәтбаев)

9.»Қарлығаш би» атанған адам (Төле би)

10.Сауат ашатын кітап ( әліппе)

ІІ.»Қасиетті жетілік» (7пәннен сұрақтар беріледі)

   30      *   20
  20    40   30
  40      *   50

 

1.Сол жақтағы 30 география пәнінен сұрақ:Арал теңізіне құятын өзен.(Сырдария)

2.Оң жақтағы 20 тарих пәнінен сұрақ:Есік қаласынан табылған«Алтын адам» сүйегін тапқан археолог кім? ( Ақышев )

3.Ортадағы 40 математика пәнінен сұрақ:Ағаштағы бұтаққа бірнеше торғай келіп қонды. Егер торғайлар екі-екіден қонса бір бұта артылып қалады.Ал бір-бірден қонса бір бұта жетпей қалады. Сонда неше торғай, неше бұта болды? (4 торғай,3бұта)

4.Сол жақтағы 20 физика пәнінен сұрақ:Ваттпен өлшенетін физикалық шама(қуат)

5.Оң жақтағы 30 әдебиет пәнінен сұрақ: Шоқан Уалихановтың өмір сүрген жылдары (1835-1865 ж)

6.Сол жақтағы 40 биология пәнінен сұрақ:» Дала аруы» атанған өсімдік (жүгері)

7.Оң жақтағы 50 қазақ тілі пәнінен сұрақ:Қазақ тіліндегі жеті септікті ата.

 

ІІІ.»Тіл өнері»

Тіл өнері сайысында мақалды немесе жұмбақты тауып, орысша, ағылшынша аудару. Орысшаға 10 ұпай, ағылшынша 20 ұпай қосылады.

1.Қабат қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап книга book)

2. Өнер алды  қандай тіл?(қызыл — красный — red)

3. Талапсыз жас,қанатсыз не?( құс- птица- bird )

4. Білім теңіз, не кеме?(мектеп — школа — scool)

5. Кім қылығымен көркем. ( қыз-  девочка -girl)

ІV.»Жорға» бөлімінде оқушылардың ұпайлары саналып ұпайы жоғары екі оқушы ғана қатысады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан есептеледі.

Бірінші оқушыға сұрақтар:

1.Тілдер мерекесі                         6.Қазақстан неше елмен шектеседі?

2.Үш арыс                                     7.Тұңғыш қазақ журналы

3.Екі кісінің сөйлесуі                   8.Үш қуат

4.100 жыл                                      9.Абылайдың лақап аты

5.Қостанайдағы қорық                 10.Қазақ даласының жарық жұлдызы.

 

Екінші оқушыға сұрақтар:

1.16Желтоқсан                        6.Үш арсыз

2.Үш би                                    7.Көксерек әңгімесінің авторы

3.Ең киелі құс                          8.Теңіз құсы

4.Бір ғасыр                               9.Үш бақытым өлеңінің авторы

5.Сақ патшайымы                   10.Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші

орында?

Қорытынды:Екі оқушының ұпайлары есептеліп «Озық ойлы оқушы» анықталып марапатталады.

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар  деп бүгінгі «Озық ойлы оқушы» атты сайысымыз аяқталды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.