konkurs

Мектепалды даярлықта жаңа технологиялар элемен ттерін қолданып оқыту негізінде балалардың өзді гінен жұмыс жасау қабілеттерін қалыптастыру Әле мдік оқу үрдісінің өзегі -жаңа технологиялар.

Атырау облысы, Атырау қаласы

Жалпы білім беретін №28 орта мектептің

мектепалды даярлық сыныбының жоғары санатты мұғалімі

Абдешева Талшын

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Жаңа формацияның педагогі қажет. Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгендей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс бұл уақыт талабы»-дегенінен мұғалімдер қауымына өте үлкен жауапкершілік жүктелгенін аңғаруға болады. Қазіргі білім берудегі басты мақсат-жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Сонымен қатар, олардың өз бетімен жұмыс жасауларына жағдай жасау және шығарма- шылық қабілеттерін дамытуда жаңа педагогикалық технологияларды немесе оның элементтерін ұтымды пайдалану өзекті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасқан.Бұл процесс білім беру парадигмасының өзгеруімен қатар жүруде.

Білім алу — адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағы- нан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінде, мектепалды даярлық тобында тәрбиешіге педагогикалық үрдісті құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Әлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір техно- логия өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді тәрбиеші ізденісі арқылы баланың қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті — балалардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр баланы жеке тұлға ретінде дамыту.

Осындай технологияның бірі «Модульдік оқыту технологиясы» деп аталады.

Міндеті:

  • жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;
  • таным процестерін дамыту;
  • танымдық қабілеттерін дамыту;
  • сөздік қорын дамыту;
  • оқу себептілігінің өзгеруі.

Б.БЛУМ ТАКСОНОМИЯСЫ

(танымдық қабілеттерін дамыту)

Танымдық қызмет мақсатының категориялары:

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.