konkurs

Математика сабағында оқу-әдістемелік жинақтард ы тиімді қолдану тәсілдері

Утешева Нұргүл Ханафиевна

жоғары санатты математика пәні мұғалімі,

БҚО, Казталов ауданы. Бірік ОЖББ мектебі.

Қазіргі заманғы математика сабақтарының басты проблемалық мәселелерінің бірі сабақты көрнекіліктер мен қосымша материалдарды тиімді пайдалана отырып сабақты түрлендіріп байытып, қызықты етіп жеткізу.

Ол өз кезегіндегі оқушыларға үлкен эмоционалдық әсерін тигізе отырып, олардың сабаққа деген қызығушылығын, материалдардың жақсы есте сақталып, меңгерілуін қамтамасыз етеді.

Әрине, сабақтың тиімді және ерекше формаларда өткізілуі оның нәтижелілігі бірінші кезекте пән мұғалімінің өзіндік шеберлігі мен шығармашылық қабілеттілігінде

Әрбір сабақты бір-біріне ұқсамайтындай, түрлендіре өткізу пән мұғалімінің оқу-тәрбие үрдісіндегі басты міндеті.

Осы міндеттерге қол жеткізуде оқу-әдістемелік тематикалық жинақтарды орынды пайдаланудың маңызы зор.

Оқу-әдістемелік жинақтар сабақтардың тематикалық жоспарына сай құрылады. Мұғалім тек бір сабаққа ғана әзірленбейді, ол осы сабаққа байланысты проблемаларды нақты шеше алатын тұтас бағдарлама немесе кешенді шаралар дайындайды. Ол үшін мұғалім осы тақырыпты меңгерту кезінде қандай проблемалар , қосымша қиындықтар кездесу мүмкін екендігін күні бұрын болжамдай білуі тиіс. Ол да мұғалімнің кәсіби шеберлігінің бір қыры болып табылады.

Сабақ меңгертудің үш негізгі әрекеті: 1. Тыңдау (аудирование) 2. Көру. 3.Қолмен жасау (практикалық жазба жұмыстары) әрқашан да өзінің біртұтастығын сақтау қажет. Сонымен қатар олар бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Қазіргі уақытта тағы бір іс-әрекет оқушының шығармашылық іс-әрекеті, яғни теориялық білімді практика жүзінде өз бетімен қолдана білу дағдысын дамыту күн тәртібінде .

Міне осы негізгі іс-әрекеттерді іске асыруда, оған оқушыларды жұмылдыруда, белсенділігін арттыруда оқу-әдістемелік жинақтар мен көрнекіліктердің, қосымша материалдардың ролі зор.

Міне, қарапайым сабаққа әзірлік схемасында оқу-әдістемелік жинақтарды таңдау, құру оның негізгі бөлімінің бірі екендігін ешкім жоққа шығара алмайды.

Жалпы жұмыс өтілімде математика пәні ең қиын пән, көрнекіліктері, қосымша материалдары өте тапшы, оқушыны тек есеппен жалықтырып жіберетін нағыз дес бермес консервативті пән деген пікір, көзқарастарды көп кездестірдім. Әрине оңай пән емес, бірақ оның ғылым мен техниканың күре тамыры екендігін естен шығармаған жөн деп есептеймін.

Ал, енді қандай қиын пәнді де, қандай күрделі тақырыпты да жетімді етіп, қызықты етіп, қарапайым түсініктермен, жеңіл әдіс тәсілдермен жеткізе білу мұғалімнің нағыз шеберлігіне «тура пропорционал».

Енді біздегі бар математикалық оқу-әдістемелік жинақтарға тоқталар болсақ:

  1. Әр тақырып бойынша жеке жұмыс карточкалары А, В, С деңгейлері бойынша;

«Бес саусақ бірдей болмайды» дегендей сабақ қандай жоғары деңгейде ұйымдастырылса да оқушылардың меңгеру деңгейі әр түрлі болары шарт. Сондай жағдайда деңгейлік карточкалардың ауадай қажет болары анық.

  1. Әрбір тарау (тақырып) бойынша тірек сигналдары.

Математика пәнінде (басқа пәндерде де) әрбір тақырыптың, тараудың негізгі ұғымдары (формулалар, теоремалар, аксиомалар, анықтамалар, қасиеттер) бар. Сабақ кезінде осы негізгі ұғымдар оқушылардың алдында үнемі плакат, схема түрінде ілініп турса ол оқушылардың материалды тыңғылықты игеруіне өз әсерін тигізеріне сенімім мол.

  1. Динамикалық модельдер.

Динамикалық модельдер негізінен геометрия пәнінде кеңінен қолданылады. Мысалы, координаттар осьтерінің кеңістік модельдері оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын нығайта түседі. Оң және теріс сандардың координаттық бағдарламаларын анықтаудың көрнекі моделі болмақ.

  1. Магниттік тақтадағы түрлі-түсті аппликациялық жапсырмалар.

Бұл жинақ 8-9 сыныптарда геометрия пәнінен планиметрия курсын меңгеруде көмегі зор.

  1. Қарапайым геометрия фигуралардың динамикалық модельдері.

10-11 сыныпта оқушылардың кеңістік туралы ұғымдарын (стереометрия) қалыптастыру біршама проблемалар туындататыны белгілі. Сымдардан, жазықтықтардан жасалған модельдер осы проблемаларды шешуге көмектеседі.

  1. Оқушылардың өз қолдарымен жасалған таблицалар, схемалар, модельдер т.б.көрнекіліктер.

Олар өзінің қарапайымдылығымен, жетімділігімен оқушылар үшін көмекші құрал болып есептеледі.

  1. Интерактивтік материалдар. (АКТ), электронды оқулықтар.

Жалпы математика фундаменталды ғылым ретінде замандар өзгергенімен көп өзгеріске бой алдырмайды. Бірақ оның қолдану аясы, компьютерлік алгоритмдеу, бағдарламалар тіліне енгізу қазіргі заманды математикасыз елестету еш мүмкін емес екендігін дәлелдей түседі.

Ал, мектеп курсында әрбір сыныпта, тараулар мен тақырыптар бойынша барынша жеткілікті, жан-жақты ойластырылып бір жасалып қалған оқу-әдістемелік жинақтар пән мұғалімі үшін әрдайым қол жетімді материалдар әрі жүйеленген дайын дидактикалық база болып қала береді.

Ең бастысы дұрыс таңдап алынған оқу-әдістемелік жинақтар сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың дағдыларды меңгеру іс-әрекетін түрлендіріп олардың сабаққа деген қызығушылығын арттырарына сенімім мол.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.